Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру


 Пайдаланылған  әдебиеттер: 
1.  С.  Ғ.Тәжібаева    Мектепте  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  технологиясы. 
Оқу құралы. Алматы,Білім, 2008 
2.  О.К.  Трубецкая  Балалардың  рухани-  адамгершілік  құндылықтарын  қалай 
жетілдіруге болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012 
 

320 
 
ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ  
БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Суймуханова Баян Алтынбаевна 
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ орта мектебінің 
 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 
 
         Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақты  өз  халқының  тарихын,  тегін,  салт-дәстүрін, 
тілін,  білімін,  адамзаттық  мәдениетті,  адами  қасиетті  мол  терең  түсінетін 
шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік 
шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  жеке 
адамның  шығармашылық,  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамыту, 
адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру, 
даралықты  дамыту  үшін  жағдай  жасау  арқылы  ой-өрісін  байыту»  деп  атап 
көрсетілген.  Аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  оқытудың  жаңа 
технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап 
алу,  білім  беру  жүйесіндегі  басты  ұстаным  ретінде  әркімнің  өзінің  білім 
алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту 
жүйесін  дамытуды  қамтамасыз  етуді  көздейді.  Яғни,  білім  заңында  әрбір 
азаматтың  білім  алуға  құқықтығын  негізге  ала  отырып,  оқушы  бойына 
ұлттық  құндылық  қасиеттерін  қалыптастырып,  құрметтеуге  тәрбиелеуде 
дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін 
жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.  
         Ұлттық  тәрбие  деп,  жеке  тұлғаның  ұлттық  сана  сезімі  мен  мінез-
құлқының  ана  тілін,  ата  тарихын,  төл  мәдениетін  және  ұлттық  салт-
дәстүрлерді  меңгеруі  негізінде  қалыптасуын  айтамыз.  Ұлттық  мәдени 
құндылықтар  дегеніміз  не?  Қарапайым  тілмен  айтқанда  ұлттық  мәдени 
құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, 
яғни  халық  ғасырлар  бойы  жинақтаған  ұлттық  рухани  және  материалдық 
құндылықтар.  Адамдардың  бойында  қалыптасқан  имандылық  қадір-
қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну 
заттары  мен  кәсібі  материалды  құндылықтарға  жатады.  Өзімізді  өзіміз 
бағалай  білуге  бет  бұру  –  ұлттық  байлығымызды  игеру,  ұлттық  санамызды 
дамыту.  Ұлттық  құндылықтарды  іріктеп,  оқыту  процесіне  енгізу  арқылы 
ұлттың  тұнып  тұрған  асыл  мұралық  рухани  байлығынан  болашақта  ел 
билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық 
пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай 
қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.  
         Өз  ұлтын  қадірлеп-қастерлеген,  ұлт  қадірін  білген  азаматтың  бірі 
Ж.Аймауытов:  «Мен  халыққа  кіндігіммен  байланып  қалғанмын.  Оны  үзе 
алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды 

321 
 
екеумін:  бірі  -өзім,  екіншісі-халқым»  -  дейді.  Қазақ  халқының  осындай 
дәріптеуге,  қастерлеуге,  дамытуға  тұрарлық  ұлттық    рухани  және 
материалдық  құндылықтары  туралы  ұлағатты,  құнды  ойларын  халық 
игілігіне,  келешек  ұрпақты,  ел-жұртқа  ие  болар  азаматтарды  тәрбиелеуге 
неге қолданбасқа?  Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени 
құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның 
ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін 
айтқым  келеді.  Интеллектуалдық  деңгейі  жоғары  тұлғаны  қалыптастыру 
үшін,  оны  оқытып  қана  қою  жеткіліксіз.  Оны  тұлға  ретінде  жан-жақты 
дамытуға  қолайлы,  оқытудың  шығармашылық  түрін  жасау  қажет,  яғни 
шығармашылық  оқу  әрекетін  туғызу  қажет.  Бұл  баланы,  берілген  оқу 
материалын  жаттап  алу  ғана  емес,  керісінше  өз  бетімен  білім  алу  үшін 
ізденуге  үйретеді.  Жеке  тұлғаны  ұлттық  тәрбие  арқылы  дамыта  отырып, 
нақты  әрекет  арқылы  оқытуда  төмендегі  құндылықтардың  болуы  қажет:  - 
белсенді  қарым-қатынас:    оқушы  мен  мұғалімнің  әрбір  мәселеде  өз 
көзқарастарын білдіріп отыруы; - индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының 
ерекшелігін  дамытуы,  қоғам  алдындағы  жауапкершілігінің  болуы;  -  өзіндік 
тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны 
дамыту;  -  шыдамдылық:  әр  түрлі  пікірлерді  қабылдай  алу,  бір-бірінің 
пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.   
         «Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана 
адамның  адамдығы  өзі  үшін  де,  өзгелер  үшін  де  ашылады»,-дейді  философ 
М.М.Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана 
емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі 
дамытып  отыруға  ұмтылуы  өзгелерден  бөлек  жағдайда  емес,  өзге 
адамдармен  диалогтық  қатынастарға  түсу  кезінде  жүзеге  асырылады. 
Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-
мұғалім  арасында  өзара  құрметтеу,  мойындау,  түсіне  білу  және  сыйластық 
әрекеттері  пайда  болып,  толеранттық  пен  мейірімділік  көзқарастары 
қалыптасады.  Сонымен  бірге  сыни  ойлау  арқылы  тұлға  бойында 
рефлексиялық  сапаларды  қалыптастыру.  Рефлексиялық  сапа  дегеніміз  білім 
мен  тәрбиені  өзіндік  сана  арқылы  қабылдап,  тұлғаның  рухани  дамуы, 
ғылыми  ақпараттарды  игеруі  болып  табылады.  Оқушы  бойында  
рефлексиялық  сапалардың  қалыптасуы  білім  беруді  ізгілендірудің  нәтижесі 
болып  табылады.  Оқушының  өзін  тану  үшін  және  өмірлік  проблемаларын 
шешудің бірден-бір тәсілі – рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін 
төмендегі  басты  ерекшеліктерді  дағдыға  айналдыруың  маңызы  зор:  -    өз 
тәжірибесін  пайдалана  отырып,  жаңа  білім  арқылы  дүниеге  өзіндік  түсінік 
пен  танымды  қалыптастыру;  -    өзге  адамдардың  ұсынатын  идеяларына 
конструктивтік  көзқараспен  қарай  алу;  -    өзіне  қарама-қарсы  идеяларды 
жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;  -  өз 
біліміндегі  олқылықтарын  көре  білу  және  оны  жоюдың  жолдарын  табу. 
Рефлексиялық  әрекеттер  барысында  оқытудың  жолдары  талданады,  өзіндік 
шешім  қабылдауға  жағдай  туғызылады.  Сөйтіп,  бала  өзін-өзі  дамыту, 

322 
 
тәрбиелеу,  өз  әрекеттерін  ұйымдастыру  мүмкіндігін  алады.  Өз  ерекшелігі 
мен деңгейін таниды.  
       Білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мақсатын  айқындау  үшін  қазақ  білімпазы 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  мына  сөздерін  еске  алған  жөн.  “Мектеп  бітіріп 
шыққан  соң  бала  бүкіл  әлемге,  өзгенің  және  өзінің  өміріне  білім  жүзімен 
ашылған  саналы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне,  білімдендірудің  көздейтін 
түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты 
негіз салуы керек” –деген екен.  Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық 
қасиеттерін  қалыптастыру  негізінің  бірден-бірі  мектепішілік  жүргізілетін 
тәрбиелік  іс-шаралар.  Адамның  бойына  жақсы  адамгершілік  қасиеттерінің 
қалыптасуы,  өнер-білімді  игеруі  –  тәрбиеге,  өскен  ораға,  үлгі-өнеге  берер 
ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының  - 
ұстамы  жақсы”,  “Тәрбие  басы  –  тал  бесік”  деп  ұлағатты  ұстаздың  еңбегін 
текке кетпейтіндей өсиет еткен. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы 
тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым. 
 -      Өз халқы оның мәдениеті  мен дәстүрлерін  мақтаныш тұтатын  Қазақстан 
азаматын тәрбиелеу.  
-      Жалпы    адамзаттық  негіздер  мен  құндылықтарды  құрайтын  саналы 
көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.  
-    Қазақстан  Республикасының  азаматын  тәрбиелеудің  үлгісіне  сәйкес 
этнопедагогика,этнопсихоголия,  этномәдениет  негізінде  тәрбие  үрдісін 
ұйымдастыру.  
-  Оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы мен 
білім құмарлығын дамыту, қолдау.  
      Ақын    Мағжан  Жұмабаев  «Баланы  тәрбиеші  дәл  өзіндей    қылып  емес, 
келешек  заманына  лайық  қылып  шығаруы  қажет,»  -  деген  ойлары  арқылы 
тәрбиені келер күн талабымен  ұштастырады. Қазақ халқының тәрбие дәстүрі 
қай  халықтың  тәрбиесінен  кем  түсіп  көрген  емес.  Олай  болса  бүгінгі 
ұрпағымызды  халқымыздың  баға  жетпес  бай  салт-дәстүрлері  негізінде 
тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін сіңіруіміз керек. Өз 
тәжірибемде 
қазақ 
тілі 
мен 
әдебиеті 
пәнін 
оқытуда 
ұлттық 
құндылықтарымызды  өз  сабақтарымда  пайдаланамын.  Сабақты  түрлендіру 
арқылы  мақал-мәтелдер,  шешендік  сөздерді  қолданып  бала  бойында 
ұлтымызға  ғана  тән  терең  ойлау,  шебер  сөйлеу  дағдыларын  дамытып,  тіл 
көркемдігін  сақтауға  өз  үлесімді  қосудамын.  Халықтың  тілі  –  халықтың 
жаны, тамыры, ойы, өрісі. Қазақтың ұлтшыл ақыны М.Шаханов: «Қай тілмен 
ақса перзенттік түйсік өрісің,  Сол тілдің гүлі, сол тілдің қайраткерісің,  Бар 
кезде таным, таныту өрлейді.  Тек баба тіліңді дамыта бермейді, Өзге тілдегі 
жеңісің»  Жеке  тұлғаны  ұлттық  құндылықтарды  пайдалана  отырып 
тәрбиелеуде,  халық  ауыз  әдебиетінің  қарапайым  үлгілерін  біртіндеп 
күрделенуіне  қарай  таңдап  алдым.  Тұлғаның  рухани  дүниесіне  әсер  ете 
отырып,  ең  алдымен  әдептілігіне  аса  назар  аудардым.  Өйткені  әдептілік-
халқымыздың  ұлттық  психологиясының  өзегі,  оның  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  барысында  «әдеп»,  «әдептілік»  деген  түсініктер  төңірегінде 

323 
 
ұйымдастырған  мақал-мәтелдер  сайысы,  ұлттық  ойындар  игі  нәтижесін 
көрсетті. Тұлға бойында қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық 
сезімдердін туғызып тәрбиелеуде ертегілер рөлі жоғары. Себебі ертегі халық 
ауыз  әдебиетінің  құрылымы  жағынан  алғанда  қарапайым,  ал  рухани 
құндылығы  жағынан  баға  жетпес  аса  қымбат,  көркем  туынды  болып 
есептеледі. Ертегілерді оқыту көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз 
байлығының    баға  жетпес  інжу-маржанын  жинап,  қиялына  қанат  бітіріп, 
өсіп-жетілуіне  қажет  нәрсенің  мол  қорын  алдым.  Тіл  білімінің  атасы 
А.Байтұрсынов  «Қандай  сәулетті  сарайлар  болсын,  қандай  сымбатты  я 
кескінді  суреттер  болсын,  қандай  әдемі  ән-күй  болсын  -  сөзбен  сөйлеп, 
суреттеп  көрсетуге    болады.  Бұл  өзге  өнердің  қолынан  келмейді.  Ал  басқа 
өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады» деген.  
        Еліміздегі бүгінгі оқушылар нарықтық реформа және  өзгеден қоғамдық 
қатынастар  жағдайында  өскен  ұрпақ.  Ұлттық  құндылықтар  бұл  жастардың 
құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді. Қазіргі ұстазға 
қойылған  негізгі  талап  бала  санасында  қай  кезде  де  сапалы  білім  алдыңғы 
қатарлы  әлеуметтік  құндылық  болып  есептелетінін  сезіндіру.  Сапалы  білім 
алу  мен  ұлттық  құндылықтарды  сіңіру  арқылы  ғана  өзгеріп  жатқан  өмір 
жағдайларына  дағдыландыру.  Қазақ  халқының  поэтикалық  өнерінің  бала 
бойында  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуына  ықпалы  мол. 
Балалардың  әсемдікке,  сұлулыққа  деген  көзқарасын  қалыптастыруда  Абай 
өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп 
ұлы ақынның өзі айтқандай, ақынның өлеңдері туған жердің сұлу табиғатын, 
қазақ  ауылының  көріністерін,  ақ  көңіл  ауыл  адамдар  бейнесі  сан  алуан 
сезімдерімен ұласып отансүйгіштік  қасиеттерін қалыптастырады. Тұлғаның 
дамуы  –  өте  күрделі,  ұзақ  және  қарама-қайшылыққа  толы  процесс.  Өйткені 
тұлғаның  дамуы  қарама-қайшылықтар  күресінен  туындайды.  Осы  тұрғыда 
И.Г.Песталоции  «Адамның  ақыл  ойының  қалыптасуы,  дұрыс  дамуы  ұлт 
тіліндегі  оқулықтың  мазмұны  мен  оқыту  әдісін  дұрыс  ұйымдастыруға 
байланысты»  -деп  ерекше  атап  көрсеткен.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 
сабақтары  ұлттық  құндылықтарды  пайдалану  арқылы  оқушының  ішкі  жан 
дүниесін демократияландыру идеясын басшылыққа алады. Қазақ тілі барлық 
білімнің  негізі,  алғашқы  басқышы  болғандықтан,  тұлға  шығармашылыққа 
қажетті білімді, дағдыны осы пәндерден игереді. Ендеше, бүгінгі таңда белең 
алған  жастар  арасындағы  келеңсіз  жайттардан  арыламыз  десек,  ұлттық 
тәрбиеге  баулитын  салт-дәстүріміз  бен  әдет-ғұрпымыздың  маңызының 
тереңде  екендігіне  көз  жеткіземіз.  Жалпы  баланы    қадір-қасиетін  жоймаған 
салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар, шешендік 
және  нақыл  сөздермен,  эпостық  және  батырлар  жырымен,  мақал-мәтелдер, 
ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де болады. 
            
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. А.Э.Измайлов. Орта Азия. Қазақстан халықтарының халық педагогикасы. - 
Москва, 1991. 

324 
 
2. Ел аузынан. - Алматы, 1989. 
3. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы/Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан,1993. 
 
ОҚУШЫЛАРДА РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ  
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ  
 
Өтеулі Гүлжазира Күреңбайқызы 
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы  
Қарабұлақ ОМ бастауыш сынып мұғалімі 
 
Рухани-адамгершілік  тәрбиесі  –  өзіндік  сананы  дамытуға  жағдай 
жасауды,  жеке  тұлғаның  әдеп  ұстанымын,  оның  қоғам  өмірінің  нормалары 
мен  дәстүрлерімен  келістірілетін  моральдік  қасиеттерін  және  бағдарларын 
қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, 
болашағына  жол  сілтеу  –  бүгінгі  қажетті,  кезек  күттірмес  мәселе.  Әсірсе, 
мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы 
жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс.  
Рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру отбасынан басталып, орта 
балабақша  мен  мектеп  табалдырығында  жалғасын  табады.  Жаңа  кезеңдегі 
білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. 
Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған 
кезінен  басталуы  керек.  Халықта  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде 
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер 
айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік, 
қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне 
сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар  шешуші  рөл  атқарады. 
Рухани-адамгершілік тәрбие  екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, 
ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- 
тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан,  сезімдері  мен 
қарым-  қатынастарынан  көрінеді.  Сондықтан  белгілі  бір  мазмұнды  іске 
асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог 
істелген  жұмыстардың  нәтижелерін,  тәрбиелеушілерінің  жетіктістерін  зер 
салып талдау керек. 
Рухани-адамгершіліктің  мәні  –  адам  еңбегіне  құрметпен  қарау, 
шығармашылық  күші  мен  мүмкіншілігін  дамытудағы  рөлінен  көрінеді. 
Рухани-адамгершілік мәдениеті жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда, ол 
адамның жемісті іс-әрекеті болып табылады. Рухани-адамгершілік қасиеттер 
адамдардың  еңбек  мәдениетінде,  қоғамдық  мәдениеттің  көркем  және 
эстетикалық,  ғылыми  және  білім  беру  компоненттерін  өзара  байланысын, 
қоғамдық  қатынастағы  мәдениетін,  рухани-адамгершілік  көзқарасын 
қалыптастырады.  Тәрбиелі  мінез  адам  бойында  ибалық  қасиеттердің  бар 
екендігін 
көрсетеді. 
Рухани 
дүниесі 
бай, 
қажеттіліктері 
мен 
қызығушылықтары,  талғамы,  ой-өрісі  кең  адамдарды  толық  мінезді  адам 
дейміз.  Мінездің  тұрақтылығы  адамның  адамгершілік  түсініктерінен 

325 
 
туындайды.  Рухани  адамгершілік  тәрбиесінде  тәрбиеші  оқу  шебері  тұлға 
ретінде тани біліп қана қоймай, үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі 
қажет.  
-  бұрынғысы;  
-  қазіргісі; 
-  болашағы. 
Рухани  адамгершілік  тәрбиедегі  педагогикалық  шарттардың  бірі  – 
кешенділік.  Яғни,  педагогикалық  үрдісте  оқушының  дүниетанымымен, 
мінез-  құлқының  бағалы  негіздерімен,  оқуға,  еңбекке,  табиғатқа,  өз-өзіне, 
басқа  адамдарға  қатынасымен  байланысты  жүргізілетін  рухани  тәрбиелік 
шарт.  
Рухани  адамгершілік  тәрбиенің  тағы  бір  шарты,  оқу-тәрбие 
жұмыстарының өмірімен тығыз байланыста жүргізілуі. Балаларды ұжымдық 
ортада  өзін-өзі  ұстауына  қатысты  педагогикалық  үрдістегі  адамгершілік 
тәрбиесінің  орны  ерекше.    Рухани  адамгершілік  тәрбиенің  тағы  бір  шарты 
балалардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  болып  табылады.    Рухани 
адамгершілік 
тәрбиесінде 
алдымен 
баланы 
тек 
жақсылыққа 
– 
қайырымдылық,  мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп,  соны  мақсат  тұтса, 
ұстаздық,  ата-ананың  да  болашағы  зор  болмақ.  Мұғалім  мен  ата-ананың 
беделін 
орынды 
пайдалануды 
да 
шарт 
ретінде 
қарастырамыз. 
Жасөспірімдерді  рухани  адамгершілік  қасиеттерге  тәрбиелеу  адамдармен 
достық,  мейірімділік,  басқаны  түсіну,  біреулердің  қайғысы  мен  қуанышына 
ортақтасу,  өзгелердің  мінез-құлқы  мен  пікіріне  төзімділік  таныту  кезінде 
жетіле түседі.  
Қазіргі  уақыттағы  оқушыларды  тәрбиелеу  ісінде  олардың  ішкі  жан 
дүниесі  мен  рухани  әлемін  тану,  дамыту,  жетілдіруге  арналған  бірнеше  іс-
шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет  негізінде баланы 
рухани  адамгершілік  тәрбиесін  дұрыс  жолға  қою  міндеттерін  жүзеге  асыру 
басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлемінде В.В.Давыдов, 
Ш.Амонашивили,  В.Ф.Шаталов,  И.Т.Волков  т.б.  ғалымдардың  зерттеулері 
нәтижесінде  оқушыны  жан-жақты,  дамытып,  оның  белсенділігін  арттыруды 
көздеген  оқыту  технологиялары  дүниеге  келді.  Е.Н.Ильиннің  «Оқушының 
рухани  дүниесі  мұғалім  үшін  негізгі  зерттеу  нысаны  болып  табылады»,- 
деген  пікірі  оқушының  рухани  адамгершілігін  ынтымақтастықта  дамыта 
оқытуды  көздегенін  байқатады.  Мұндай  озық  педагогикалық  тәжірибелер 
оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің 
оқу  тәрбиесі  үрдісінде  кеңінен  қолданылуда.  Демек,  рухани  адамгершілік 
тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Өзінің оқушысын өз бетінше 
білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазіргі түпкі нәтижеге қол жеткізе 
алмайтыны  белгілі.  Бала  ықпал  ету  объектісі  емес,  ынтымақтаса  қызмет 
ететін  тұлғаға  айналуы  керек.  Сондықтан  мұғалімге  мынадай  қызметтер 
қажет:  жылылық,  түсінгіштік,  сезімталдық,  кең  ойлай  алу,  шабыттандыра 
алу, 
шығармашылық 
ізденіс. 
Сыныптағы 
рухани 
адамгершілік, 
психологиялық ахуал – бала үшін адамдар мен қатынастық алғашқы мектебі 

326 
 
нақ  осы  өз  сыныбында  баланың  мейрімділікке  және  зұлымдыққа,  тәртіпке 
материалдық  және  рухани  құндылықтарға  деген  көз  қарасы  қалыптасады. 
Сонымен  қатар  махаббат  сезімін,  достықты,  жауапкершілік  пен  шындықты 
түсінеді,  яғни  мектептердегі  тәрбие  өсіп  келе  жатқан  балалардың  барлық, 
өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді.  
Рухани  тәрбиесі  дұрыс  жастар  әрқашан  жақсы  қасиеттерді  бойына 
сіңіріп,  өз  идеяларына  ұқсауға  ұмтылады.  Таңдаған  болашақ  мамандығына 
лайықты  мінез-құлық  қалыптастырғысы  келеді.  Кейбір  оқушылар  алғашқы 
кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған ісін аяқсыз 
қалдырады. Оқушының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалімдер кезінде 
біліп, қиын психологиялық  сәттерден байқап,  оған  қолдау  көрсетіп отырған 
болса мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді. Оқушыларды ибалыққа 
баулып,  мейрімділік,  қайрымдылылық,  кішіпейілділілік,  қамқорлық,  ізгілік 
және  адамгершілік  сияқты  қасиеттерді  бойларына  сіңіру  әрбір  мұғалімнің 
және  мектептің  басты  парызы.  Оқушылардың  рухани-адамгершілік  жеке 
басының даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық көрсеткіштігі жатады. Мінез 
ол  адамның  өзіндік  бағыт-бағдардың,  жан  дүниесінің  ерекшіліктерінің 
тұрлаулы  белгісі.  Дана  ақын,  рухани  адамгершілік  қасиеттерін  талдап 
жеткізген халықтың ырысы. «Құтты біліктің» негізін қалаушы Ж. Баласағұн 
адамның мінез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады.  
Адам дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да  жақсы сөз бен жақсы 
ісін  қалдырып  отыруы  қажет.  Ол  үшін  әр  кез  жаман  қылықтан  сақтанып, 
адалдықпен  жүріп-тұруы  тиіс  деген  ойлары  жақсы  мәлім.  Ендеше, 
оқушыларды  рухани-адамгершілік  тәрбиесі  арқылы  толыққанды  жетілген 
азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың басты мақсаты.  
Қазақстан  –  тәуелсіз  мемлекет.  Тәуелсіз  елді  өркенниетті  әлемге 
танытатын,  елдер  қатарына  терезесін  тең  ететін  күш  –  білім  мен  білімді 
ұрпақ.  Білімді  ұрпақ  –  егеменді  елдің  берік  тірегі,  себебі  мемлекеттің 
болашағы  білімді  де  саналы  жас  ұрпақтың  жеке  басының  қалыптасып 
дамуымен  тікелей  байланысты.  Біз  білімді  ұрпақтың,  рухани  жан-дүниесі 
бай, біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең болуын, салауатты өмір салтын 
дұрыс  қалыптастыруын  қалаймыз.  Жаңа  ғасырға  аяқ  басып  отырған 
заманымызда  қоғам  мүддесіне  лайықты,  жан-жақты  жетілген,  басында 
ұлттық  сана-сезім  қалыптасқан  ертеңгі  қоғам  иелері  боларлық  азамат 
тәрбиелеп  өсіру  әрбір  отбасының,  мектептің,  жоғарғы  оқу  орындарының, 
ортаның, ұжымның барша жұртшылықтың міндеті.    
Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  жеке  адамның  рухани 
және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір 
салтын берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау 
арқылы  ой-өрісін  байыту.  Белсенді  азаматтық  ұстанымы  бар  жеке  адамды 
тәрбиелеу  мектептің  оқу-тәрбие  үдерісінде  алдына  мақсат  қоя  отырып 
жүргізілген іс-шаралар негізгі  орын алады.  
Жекелей-тұлғалық  педагогикалық  құндылықтар  жүйесіне  төмендегі 
құндылық бағыттарын ұсынады: 

327 
 
-  құндылықтар,  оқушыны  әлеуметтік  және  кәсіби  ортада  тұлға  ретінде 
қабылдауы; 
-  құндылықтар,  тұлғаның талаптарының, көзқарастарының сәйкес келуі 
(қарым-қатынаста, құрбыларымен іс-әрекеттерінің сәйкес келуі, рухани 
құндылықтармен алмасуы); 
-  құндылықтар, 
тұлғаның  шығармашылық  ерекшелігін  дамытуға 
бейімдеу  (әлемдік  мәдениетті  менгеруі,  сүйікті  ісімен  айналысуы, 
үнемі жетілуіне ықпалы); 
-  құндылықтар,  тұлғаның  бойындағы  ерекшеліктер  іс-әрекет  барысында 
іске асуы (шығармашылық); 
-  құндылықтар, қоғамнан өз орнын таба білуі. 
Жоғарыдағы  құндылықтар  жүйесі  өзара  бір-бірімен  бірлікте  іске  асса 
тұлғаның  бойындағы  құндылықтар  қалыптасады  деген  тұжырым  жасайды. 
Олар  тұлғаның  толыққанды  білім  алуының  өзін  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  жатқызады.  Білім  беру  жүйесінің  мәдени-ізгілендіру 
функциясына бірінші, рухани құндылығын, рухани дамуын қалыптастыруды 
ұсынады.  Тұлға  өмірде  кездесетін  өмірлік  кедергілерді  жеңе  білуі,  екінші, 
моральдық  жауапкершілік;  үшінші,  тұлға  ретінде  өзін-өзі  іске  асыруы; 
төртінші,  тұлғаның  рухани  адамгершілік  құндылықтарының  қалыптасуы, 
бесінші,    рухани  құндылықтарды  аша  білуі  және  шығармашылық  тұлға 
ретінде өзін-өзі іске асыруы. 
Рухани  –  адамгершілік  құндылықтар  мәселесін  зерттеуші  ғалым  Ш. 
Майғаранова  “Құндылықтар  –  тәрбие  мен  оқытудағы  адамгершілікке  
бағытталған  идеалдар.  Оларға  шындық,  қайырымдылық,  тұлға,  пайда, 
бостандық,  махаббат,  шығармашылық,  т.б.  жатады.  Құндылықтар  – 
идеалдарды қабылдау немесе қабылдау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой 
сана  арқылы  қабылданды.  Құндылықтар  құрметтеу,  қошаметтеу,  қабылдау 
тәрізді  ұмтылысты  білдіреді.  Құндылықтар  –  сезім  мен  ақыл-ойдың 
ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. 
      Білім  берудегі  құндылық  бағдар  сезім  мен  ақыл-ойға  тең  дәрежеде 
сүйенуі қажет. Осы тепе-теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңаржақты 
педагогикалық  көзқарастар  орын  алып  келгені  белгілі.  Сондықтан  да, 
мектептерде құндылық – бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру 
көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады, -деп атап көрсетеді.   
Оқушылардың 
бойында 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарды 
қалыптастыруда  олардың  жеке  бас  және  жас  ерекшелігіне  байланысты 
тұлғаның  тәрбиелілігін  білімге,  қоршаған  әлеуметтік  ортаға,  табиғатқа, 
еңбекке, өзіне деген қатынасы оның іс-әрекеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасы 
арқылы айқындалады. 
Рухани-адамгершілік  тәрбиені  ұйымдастыру  барысында    төмендегі  іс-
әрекеттер атқарылды: 
-  қоғамдағы 
жаңа  әлеуметтік  экономикалық  және  мектептегі 
әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  ескере  отырып  рухани-
адамгершілік тәрбие берудің жалпымектептік бағдарламасы жасалды; 

328 
 
-  пән 
сабақтарды, 
сабақтан 
тыс 
уақыттаға 
іс-шараларды 
ұйымдастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар дайындалды; 
-  оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін анықталды; 
-  мақсатты  нақты  айқындауға  байланысты  тәрбие  беруге  байланысты 
формалар мен әдістерді таңдау және практикаға ендірілді; 
-  зерттеудің  аралық  және  қорытынды  нәтижелелерін  айқындауға 
байланысты бақылау срездерін жүргізілді; 
-  негізделген 
және  нақтыланған  әдістемелік  ұсыныстарды  іс-
тәжірибеге енгізілді. 
Оқушылардың  пән  сабақтарында  меңгерген  білімдерін,  үлгі-өнегелерін 
сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстарда  пайдалану  қоғамдық  еңбекпен 
айналысуға, ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізе отырып, рухани-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Адамгершілік  –  адамның  өзіне  тән    жеке  тәртібін  реттейтін, 
сүйіспеншілік,  адалдық,  шындық,  әділдік,  еңбексүйгіштік,  ұжымшылдық 
сынды  адамгершілік  категорияларды,  адамгершілік  нормаларды,  сапаларды 
біріктіретін тұлғалық сипаттама. Адамгершілік норма  – тұлғаның қоғаммен, 
табиғатпен,  қоршаған  әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынастағы    іс-әрекеті 
болып табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет