Алғы сөз Қазақстан Республикасының білім саласындағы реформалар қазіргі қоғам талаптарына сай сәйкес мамандарды дайындап шығаруды мақсат етіп қойып отыр. Мұрағат және мұражай мекемелерінде болашақта мамандар көптеп қажет болады.Мұрағаттану және мұражайтану пәндері қосалқы тарихи ғылымдардың бірі ретінде жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінде оқытыла бастады. Бұл - өмір талабы. Өйткені мұрағаттық іс мемлекеттік тұрғыда саяси, ғылыми, құқықтық және практикалық мәселелерді қарастырады. Мұрағат дегеніміз тарихи құжаттарды сақтайтын өткен өмірдің деректі ескерткіші. Сондықтан «Мұрағат және мұражай ісінің теориясы мен практикасы» курсы студенттерді мұражай және мұрағат ісіне оқытуда маңызы зор. Мұрағаттану пәнінде мұрағат ісін ұйымдастыру тарихына, мұрағаттық құқық пен мұрағаттық заңға, менеджмент пен маркетингке баса назар аударады.
Пәннің мақсаты: Студенттерге бүгінгі мұрағат және мұражай ісінің объективті жағдайынан әрі оның кешенді ғылыми пән ретінде мұрағаттану және мұражайтану теориясының негіздерінен білім беру.