2. Пәні,мақсаты мен міндеттері. Қазақстан дербес мемлекет болғаннан бері жоғары оқу орындарында Отан тарихы тереңірек оқытыла бастағаны мәлім.Алайда қажетті әдебиеттердің, тәжірибелі мамандардың аздығынан көптеген толғақты мәселелердің жылдам қарқын алмай, кешеуілдей бергені, ал қолға алынғандарының талапқа сай келмегені және рас.Соның бірі-тарих факультеттерінде мұрағат негіздері, мұражай негіздері, құжаттану, деректану сынды қосалқы тарихи пәндердің оқытылу мәселесі. Біздің республикамызда мұрағат материалдарын қолдану аясы шектеулі.Көбіне мұрағат материалдарын тарихшылар мен белгілі тақырыпты зерттеп жүрген зерттеушілер ғана кеңінен қолданады.Сондай-ақ көп жағдайда белгілі бір тақырыпқа тарихи деректемелер қажет болғанда басқа саланың мамандары да қолданып жатады.Мұрағаттану пәнінің мақсаты-болашақ тарихшыларды мұрағат жұмыстары мен құжаттарымен таныстыру, мұрағат құжаттарын қалай іздеу керектігін үйрету, алған деректемелер мен мәліметтерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға баулу.Мұрағаттану пәнінің негізгі объектісі мұрағат құжаттары мен мұрағатта сақталған мәліметтерді орынды пайдалану.