Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет22/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

3.2 тақырып Махаббат шуағы.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Оқыту үдерісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.Мәңгілік құндылықтар - білім негізі және оның өзегі болып табылады. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады.Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ак пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.


Табиғаттың бес элементі (бес тылсымы) - топырақ, су, от, ауа, эфир. Тығыздығының төмендеуіне байланысты олардың қасиеттері де азая бастайды: топырақта - 5 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм, иіс); суда - 4 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм); отта - 3 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін);ауада - 2 қасиет (дыбыс, түйсіну);эфирде - 1 қасиет (дыбыс).Қазіргі кезде барлық бес элемент түгел ластанған, соның нәтижесінде адамдар қауіпсіздік сезімінен айырылып қалған. Қазір балаларға осы бес элементті пайдалана білуге үйретудің маңызы зор. Ішкі тазарудың соңы сыртқы тазаруға алып келеді. Ең алдымен адамның ақыл-ойын қайта жаңарту керек, сонда ғана бүкіл әлем жаңарады, өйткені ақыл-ой осы әлемнің негізі болып табылады. Бұл - әлемге қажет білім.
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс: Қиянат жасамау — рухани деңгей, Ақиқат - интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция), Сүйіспеншілік - адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз) Тыныштық - эмоциялық деңгей (сезім), Дұрыс әрекет — физикалық деңгей. Интуиция жеке «Меннің» аясынан тыс Жоғарғы санадан туындайды (интуиция ретінде көрінетін Ақиқат). Жоғарғы «Мен» бүкіл сананы қамтып өтеді. Сезім тәнді басқарады.Ақыл сезімді басқарады. Таза парасат (ажырату күші) ақылдан жоғары тұрады. Егер парасатты (интеллект) дұрыс қолдана білсек, мазасыздықтан, үрейден агрессиядан арылуға болады. Парасаттың дауысын есту үшін өз тыныштық күйіңе түсіруіміз керек.Ізгілік - білім үшін;Білім - өмір үшін;Өмір - сүйіспеншілік үшін; Сүйіспеншілік - адам үшін;Адам - руханилық үшінРуханилық - тыныштык үшін;Тыныштық – бейбіт өмір сүру үшін.Сондықтан да ізгіліктен тыныштыққа бет алу керек. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар - бір адамдықтың қыры.Дұрыс әрекет - іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік.Тыныштық - сезімдегі Сүйіспеншілік.Ақиқат - ойдағы, сөздегі Сүйіспеншілік. Қиянат жасамау - түсінісудегі Сүйіспеншілік. Ақиқат. Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады. Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болмаған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді. Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:Қиянат жасамау - рухани аспект.Ақиқат - интеллектуалды аспект,Сүйіспеншілік - адамгершілік аспект,Тыныштық - эмоциялық аспект,Дұрыс әрекет - физикалық аспект, ал мінез - адамның басты байлығы. Сүйіспеншілік әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сүйіспеншіліктің сипаты да түрліше, адам мен жаратушы, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата —ана мен бала, туысқандар аралығындағы махаббат. Сүйіспеншілік - өзгені түсінушілік, төзім, қайырымдылық, шынайылық, өзін-өзі қинай білу. Адам несімен күшті? Өзінің махаббатымен! Сүйіспеншілік ұстанымы бойынша рухани-адамгершілік білім беру үрдісін түгел сүйіспеншілікпен толтыру қажет. Сүйіспеншілікпен

жүргізілген үрдістің өзі нәтижеден де маңызды. Руханилыққа келсек, бұл жерде талап етпей, көмектесу керек, қаншалықты үйрете білсең, соншалықты сүйе білу қажет. Сүйіспеншіліктің өзін үш түрге бөліп көрсетуге болады екен, олар: өзімшіл сүйіспеншілік- біз оны бір бөлмеге уақытша ған жарық беретін лампочкаға ұқсатамыз; өзара сүйіспеншілік- оны өз жарығы мен жылуы жоқ айға ұксатуға болады екен; ең соңғысы риясыз сүйіспеншілік- ол күннің көзі сияқты өз жылуын ешкімнен аямай, риясыз береді. Әрекет арқылы сүйіспеншілік - Дұрыс әрекет; Сезім аркылы сүйіспеншілік - Ішкі тыныштық; Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік - Ақиқат; Түсінісу арқылы сүйіспеншілік - Қиянат жасамау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет