Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып Адамгершілік пен сыйластық



бет33/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

5.3 тақырып Адамгершілік пен сыйластық.


«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» С. А. Назарбаева

Бұл бағыттың негізгі міндеті – оқушының бойында жалпы адамгершілік қағидаларын сақтауға тырысуын қалыптастыру, адамдыққа, ізгілікке жат нәрселерге белсенді рухани қарсылық көрсету қасиетіне тәрбиелеу.

Білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін - өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар - намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.
«Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз» деген Н.Ә. Назарбаев.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез - құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет.
Тұлға дегеніміз адамның мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Тұлғаның белсенділігі, өзін - өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым - қатынас негізінде оқушы - оқушы, мұғалім - мұғалім, оқушы - мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапалары қалыптасады. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады. Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден - бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет