Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы



бет15/61
Дата29.03.2022
өлшемі0,87 Mb.
#137090
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
ruhani adamgershilik bilim beru mazmun n n negizderi zhbb

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.
1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет