Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет23/61
Дата29.03.2022
өлшемі0,87 Mb.
#137090
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
ruhani adamgershilik bilim beru mazmun n n negizderi zhbb
anatomiya platonus zhbb umk 3
Жекедара дағдарыс: жалғыздық сезімі, моральдық және адамгершілік үлгісінің жоқтығы (стресс, дипрес.).
Қоғамдық дағдарыс: экономикалық, саяси, мәдени, отбасылық (толық емес отбасылар), білім беру (шамадан тыс жүктеме);
Экономикалық: Мамандар көп болған сайын, проблемалар да көбеюде
Экологиялық дағдарыс: климатты, ресурсты, табиғи.
Экологиялық дағдарыс кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым- қатынас шиеленісе түседі.
2.9 тақырып Адам және әлем.
Руханилық - адам жанының ізгілігі. Оның негізінде адам мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау арқылы жүзеге асырылады. Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Руханилыққа апаратын жолдың бірі -білім алу және сол білімді пайдаға асыру. Руханилыққа жеткізер екінші сатыда - адам алған білімінің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын өзгертуге әрекет жасайды. Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Философтардың пікірінше, адамзаттың ең негізгі, өзекті мәселелері экономикалық та, саяси да, ғылыми да емес, ең бірінші - рухани- адамгершілік.
Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі адамзатты одан әрі біріктіре түсуде. Ортақ проблемалардың орын алуы ең алдымен рухтың тазалығын талап етеді. Әлемді шарпыған рухани дағдарыс бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Рухани-адамгершілік дағдарыс бүгін жаһандык мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ол бір мемлекет деңгейінде емес, бүкіл әлемді шарпып отырған құбылыс. Тұтынушы идеологиясы тұлғаның рухани дамуына нуқсан келтіреді. Шығу жолы: «жаңа аскетизм» идеологиясын қабылдау. Материалдық құндылықты рухани құндылыққа қайта бағдарлау қажет.
А.Печчеи «Адамның өзін өзгертуді ойлау керек. Өндірістің ұлғаюын тежеп, тұтынушылык идеологияны рухани жетілуге қайта бағыттау тиіс. Мәселенің шешімі - адамның рухани дүниесінде»,- деген екен.
Ұлы Абайдың он жетінші қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысында жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен кылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритуғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Ал халық даналығы «Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады» дейді. Білімнің мақсаты-баланы толықканды жан-жақты дамыту. Оқыту үрдісінде бала тұлғасын тек физиологиялық және интеллектуалдық жағынан ғана дамытып коймай, ең алдымен бала тұлғасының ең жоғарғы адамгершілік-рухани табиғатын ашу. Заманауи қоғамға ой-өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет етуге дайын, ашық жүректі әрі білімді адамдар ауадай қажет.
«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты-рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз адамды қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет