Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып. Еңбекқорлық пен жалқаулық



бет36/61
Дата29.03.2022
өлшемі0,87 Mb.
#137090
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
Байланысты:
ruhani adamgershilik bilim beru mazmun n n negizderi zhbb

5.2 тақырып. Еңбекқорлық пен жалқаулық.

В.А. Сухомлинский: Еңбексүйгіш пен Еріншек деген егіз туған ағайынды екі адам болған екен.Еңбексүйгіш таңның атуы мен күннің батуына дейін жұмыс істейді,ал Еріншек күн шыққанша ұйықтайды. Ал күн шыққан кезде бір жамбасынан екінші жамбасына қарай аунап түсіп жата береді, cәске түстің кезіңде оянады... Сөйтіп қос бауыр өмір бойы осылай тіршілік етеді. Қартаяды, олардың да ажал сағаты жақындайды. Оларды әулие өзіне шақырып алып : «Сендер неше жыл жарық дүниеде өмір сүрдіңдер?»-деп сұрайды?-«Тоқсан тоғыз жыл өмір сүрдік,»-деп жауап береді ағайындылар. «Жарайды, маған да келетін кездерің жетті,»-дейді әулие.- «Кәне, маған өмірді қалай өткізген жылдарыңды көрсетіңдерші»


Еңбексүйгіш: «Менің өмір сүрген жылдарым»,-деп ну орманды көрсетеді. Өз өмірінде ол күн сайын бір ағаштын отырғыза беріпті. Содан орман өсіпті. Әулие орманмен бір күн жүріпті, ал орман болса, қалыңдаған үстіне қалыңдай түсіпті. Бір апта жүріпті, бір жыл бойы жүріпті, ал орманның қиыр шеті көрінбепті. Әулие шаршап, жерге отыра кетіпті, сондай қауқарсыз шал, ал Еңбексүйгіш: «Тағы да ілгері жүре түсейік»-дейді. Әулие қолын бір-ақ сілтейді де, Еріншекке қарап: «Сен көрсетші өзіңнің өткізген жылдарыңды»-дейді. Ал Еріншектің ұнжырғасы түсіп, тұрып қалады... әулие аһлап-үһлеп, орынан әрең тұрып: «Енді әулие мына- Еңбексүйгіш болады»,-дейді. Әлемнің бар сұлулығын осы жасайды. Ал сен Еріншек, тағы да тоқсан тоғыз жыл өмір сүресің. Содан кейін әулиеге-өзіңнің бауырыңа келесің. Еңбексүйгішке өзің өткізген жылдарыңды көрсетесің.
Адам өмірден өтеді, ал егер ол нағыз адам болса, өткен жылдары өшпейді.
Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерің айтып беріңдер?
«Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?
-Еңбекті сүйетің адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасыңда ұрпағына, халықына мұра қалдырады. Ал Еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Шығармашылық жұмыс: Берілген 2 өлеңді салыстырып оқыңдар.Өз
Ұмытшақ па әлде еріншек пе? М.Әлімбаев
Үйдегі қоқыс шелегі
Төгілмей үш күн тұр күтіп
Ұмытып Ұмсын келеді
«Ертең!»-деп, күнде сырғытып.
Самауыр қояр су таппай ,
Анасы жүрсе абдырап,
Қысылмай ,соған міз бақпай
Жүр,әне,Ұмсын ол бірақ.
Алынбай қалып шайға нан,
Дүкенге тартты тәтесі.
Ұмысын қыз қайда ойлаған,
Мойындап өз қатесін?!
Менің оған нем кетті? М.Әлімбаев
Отын жардым балталап
Құлаштадым,шалқалап,
Маңдайымды терлеттім...
Менің оған нем кетті?!
Он қатынап дедектеп
Су тасыдым шелектеп,
Маңдайымды терлеттім.....
Менің оған нем кетті?!
Көргенім жоқ мен кейіп,
Еден жудым еңкейіп,
Қолтығымды терлеттім....
Менің оған нем кетті?!
Дәмін таттым еңбектің
Менің оған нем кетті?
«Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді».Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.Адамгершілдік құндылықтар мен өмірді тану,білімге құштарлық,ұжымшылдық,ата-бала өнері,тіл,туған ел, жақсы сөз, адал достық,қуаныш,ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, жақсылық жасау,талаптану, өзімшілдік пен көпшілдік,батылдық пен өжеттік,еңбекқорлық пен еріншектік
алған білімдеріміз бен толықтырылып бекітіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет