№1. Жарық көзінің дәл бейнесін алу үшін F=1 болатын ойыс айнадан қандай d-қашықтыққа жарық көзін қою керек? (Жауабы: 2м)
№2 Зат ойыс айнадан d=0,48м қашықтықта орналасқан. Айна заттың шын және к=4 есе кішірейтілген бейнесін береді. Айнаның R-қисықтық радиусын тап. (Жауабы 19,2см)
№3 Ойыс айна дененің к=2 есе үлкейтілген бейнесін береді. Егер дене мен оның бейнесінің арасы а= 18 см болса, онда айнаның қисықтық радиусын тап. (Жауабы 24 см) Есептер шығару.
№4. Егер нәрсе айнадан 30 см қашықтықта орналасса, онда осы нәрсенің қисықтық радиусы 40 см сфералық дөңес айнадағы кескіні қандай қашықтықта орналасады?