«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
РАДИОБИОЛОГИЯ, РАДИАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СИЛЛАБУС
Пәні: Молекулярлық биология және медициналық генетика
Мамандығы: 051102 - Қоғамдық денсаулық сақтау
Оқу сағат саны: 90 (2 кредит )
Курс: 1
Семестр: 2
Астана 2010
Силлабус 051101- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған.
Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланған
№ ___ хаттама «___» ____________ 2010 ж.
кафедра меңгерушісі
м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева
1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:
Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смагуловна, медицина ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми қызығушылығы: Әр түрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.
Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.
Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы
Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.
Аға оқытушы Алтаева Нұрсұлу Закирияевна.
Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу
Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.
Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадиновна.
Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.
Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.
Оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхаметжановна.
Ғылыми қызығушылығы. Ангиотензи, катехоламин және глюкокортикоидтің өкпе ұлпасына таралуы әрі түрлі стресс жағдайында.
Ассистент Жалмақанова Ж.Ж. КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.
Ассистент Кұсмамбетова Қ.А. Аль-Фараби атындағы ҚазНУ, медициналық-биологиялық ісі.
Ассистент Жұмағұлова Акмарал Әбдіразаққызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.
Ассистент Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.
1.8 Байланыстық ақпарат
Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «МУА» АҚ оқу корпусы.
1.9 Пәннің саясаты
Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабаққа міндетті дайындалу, рубеждік бақылаудың тапсырмаларын орындау, жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру, оқу-әдістемелік құжаттармен танысу, оқу тәртібін сақтау, құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау. Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.
Пәннің мазмұнын толық меңгеру үшін мектептің биология және химия курсын білу керек.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Молекулярлық биология нуклеин қышқылдарының және белоктардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, клеткалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, клеткадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу процесстерін зерттейді. Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.
Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулярлық биологияны оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, клетканың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты процесстермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.
Мұндай фундаментальдық дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабылетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулярлық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік процесстеріндегі молекулярлық және клеткалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі ролін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.
Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, микробиология және фармакология дисциплиналарын оқу үшін теориялық база болып табылады.
2.2 Пәннің мақсаты:
Ағзадағы негізгі молекулярлы-генетикалық және клеткалық механизмдері, генетикалық және экогенетикалық негіздер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің денсаулық сақтаудағы қамтылуының атқаратын ролі
2.3 Пәннің міндеттері:
Гигиеналық және медико-профилактикалық шараларды жүргізу және адамның тіршілік ортасын сауықтыру үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің молекулярлы-генетикалық және клеткалық механизмдерінің ролі туралы түсінікті қалыптастыру
теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру
кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету
салауатты өмір сүру және сыртқы ортаны қорғау принциптерін іске асыру үшін, медицинадағы молекулярлы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру
тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету
2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент тиіс:
Білу:
тіршілік ұйымдарының клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейіндегі айырмашылықтары;
тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымды–функцональдық ұйымы
клеткааралық өзара әсерді қамтамасыз етудегі биологиялық мембрананың ролін, қалыпты және патологиялық халдегі мембраналық тасымалдау мен сигнализация механизмдері
адам ағзасына сыртқы ортаның зиянды факторларының молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдері
тұқымқуалайтын өзгергіштіктің түзілу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі ролі;
молекулярлы-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптері;
молекулярлы-биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде;
Істей білу:
қалыпты және патологияларда реттелу мен өзіндік реттелудің қорғаныс-бейімделушілік процесстерін түсіндіретін және денсаулықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін факторларды бағалау үшін, молекулярлы-генетикалық процесстер туралы білімді қолдану;
адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;
хромосомалардың әртүрлі типтерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;
адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;
арнайы сөздік материалын, молекулярлы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;
Істей білу:
молекулярлы-генетикалық процесстер туралы білімін ауру дамуындағы механизмдерді түсіндіру үшін қолдану;
адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;
хромосомалардың әртүрлі типтерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;
адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;
арнайы сөздік материалын, молекулярлы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;
2. 5 Реквезитке дейін:
Жалпы биология, химия, медициналық биофизиканың мектептегі курсы
2.5 Реквезиттен кейінгі: биохимия, гистология, микробиология, физиология, патологиялық физиология, фармакология, ішкі аурулар, балалар ауруы, неврология, акушерлік және гинекология.
2.6 Пәннің мазмұны
№1 Кредит
Молекулярлық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері. Қазақстандық ғалымдардың молекулярлық биология және медициналық генетика облысындағы жетістіктері. Биологиялық макромолекулалар: белоктар және нуклеин қышқылдары. Белоктардың кеңістіктегі ұйымының ерекшеліктері. Белоктардың қызметі. Нуклеин қышқылдарының құрылысы. ДНҚ-ның кеңістіктегі ұйымының ерекшеліктері. ДНҚ құрылысы және қызметі. Клеткадағы РНҚ типтері. РНҚ-ның қызметі. Клеткалық цикл туралы түсінік. Клеткалық циклдің фазалары, олардың ұзақтығы. Клеткалық циклдің реттелуінің жалпы сипаттамасы.
№2 Кредит
Негізгі генетика туралы түсінік. Тұқымқуалау белгілерінің типтері. Тұқымқуалайтын аурулар, жалпы медициналық патологиядағы орны. Тұқымқуалайтын аурулардың лабораторлы диагностикалық әдістері (цитогенетикалық, биохимиялық, молекулярлы-биологиялық, МГК, генетикалық скрининг, пренатальды диагностикалау). Онтогенездің генетикалық механизмдері және олардың бұзылуы. Тератогенез. Тератогендік факторлар. Дамудың туа біткен ақауларының түзілуіндегі клеткалық механизмдер. Популяциялық генетика негіздері. Адам популяциясындағы генетикалық құрылым. Популяцияның генетикалық құрылымына элементарлы эволюциондық факторлардың әсері. Харди-Вайнберг заңы. Генетикалық полиморфизм. Экогенетика негіздері. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы. Тұқымқуалауға бейімділік полиморфизмі, дәрілік прпараттарға ағзаның реакциясы. Генотоксикалық құбылыс. Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптар.
2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары
Дәрістердің тақырыптық жоспары
| Дәріс тақырыптары |
Өткізу түрі
|
Сабақтың ұзақтығы
|
| Кредит № 1. |
|
|
1.
|
Молекулярлық биология және генетикаға кіріспе.
Белоктардың құрылысы мен қызметтері
|
Жалпы шолу
|
1
|
2
|
Генетикалық ақпараттың берілу жолдары және реттелу механизмдері
|
Жалпы шолу
|
1
|
3
|
Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқымқуалайтын аурулары
|
Жалпы шолу
|
1
|
4
|
Клетка мембранасының молекулярлық құрылысы мен функционалдық компоненттері
|
. Жалпы шолу
|
1
|
5
|
Клеткалық цикл және клетканың бөлінуі, клеткалық бөлінудің реттелуі. Апоптоз.
|
Жалпы шолу
|
1
|
|
Жалпы сағат саны: 5
|
|
|
|
Кредит №2
|
Өткізу түрі
|
Сабақтың ұзақтығы
|
1.
|
Жалпы және медициналық генетикаға кіріспе. Хромосоманың құрылымдық ұйымы.
|
Жалпы шолу
|
1
|
2
|
Адамның тұқымқуалайтын аурулары. Тұқымқуалайтын аурулардың негізгі топтары.
|
Жалпы шолу
|
1
|
3
|
Тұқымқуалайтын аурулардың негізгі диагностикасы және профилактикасы.
|
Жалпы шолу
|
1
|
4
|
Даму генетикасы. Жеке дамудың клеткалық және генетикалық негіздері Дамудың туа біткен ақаулары
|
Жалпы шолу
|
1
|
5
|
Популяциялық генетика негіздері. Экогенетика негіздері.
|
Жалпы шолу
|
1
|
|
Жалпы сағат саны: 5
|
|
|
Тәжірибелік сабақтардың үлгілік тақырыптық жоспарлары
№
|
Тәжірибелік сабақтың тақырыптары
|
Өткізу түрі
|
Сабақтың ұзақтығы
|
|
Кредит № 1
|
|
|
1.
|
Белоктардың құрылысы және қызметі.
|
Семинар
|
1
|
2
|
ДНҚ құрылысы және қызметі. ДНҚ репликациясы
|
Семинар,ситуац. есеп шығару.
|
1
|
3
|
РНҚ құрылысы және қызметі.
|
Семинар,ситуац. есеп шығару.
|
1
|
4
|
Транскрипция. Белок биосинтезі
|
Семинар,ситуац. есеп шығару.
|
1
|
5
|
Гендердің экспрессиялы реттелуі.
|
Семинар,ситуац. есеп шығару.
|
1
|
6
|
Клетканың генетикалық аппараты.
|
Препаратты микроскоппен қарау
|
1
|
7
|
Мутациялар. Жіктелуі. Репарация
|
Семинар,ситуац. есеп шығару.
|
1
|
8
|
Зерттеулердің молекулярлы-генетикалық әдістері және олардың медицинада қолданылуы. Генді-инженерлік технология.
|
Семинар,ситуац. есеп шығару.
|
1
|
9
|
Клеткаішілік органеллалардың құрылысы мен қызметі Клетка мембранасының молекулярлық құрылысы және функциональдық компоненттері Клеткааралық байланыстар, клеткааралық адгезия, клеткаішілк матрикс
|
Препаратты микроскоппен қарау
|
1
|
10
|
Клеткалық цикл және клетканың бөлінуі. Клетка пролиферациясы реттелуінің молекулярлы-генетикалық механизмдері.
|
Препаратты микроскоппен қарау
|
1
|
|
Жалпы сағат саны: 10
|
|
|
|
Кредит №2.
|
|
|
1
|
Тұқымқуалау белгілерінің типтері. Адамның тұқымқуалайтын аурулары, жіктелуі, медико-элеуметтік маңызы
|
Семинар,ситуац. есеп шығару.
|
1
|
2
|
Полигендік немесе мультифакториальдық аурулар
|
Семинар
|
1
|
3
|
Хромосомдық аурулар.
|
Семинар
|
1
|
4
|
Тұқымқулайтын аурулардың электрондық мәліметтер базасы
|
Семинар
|
1
|
5
|
Тұқымқуалайтын аурулардың лабораторлы
диагностикалық және профилактика әдістері
|
Семинар
|
1
|
6
|
Медико-генетикалық консультация (кеңес)
|
Семинар
|
1
|
7
|
Жеке даму генетикасы
|
Семинар
|
1
|
8
|
Дамудың туа біткен ақауларының генетикасы
|
Семинар
|
1
|
9
|
Популяциялық генетика негіздері. Популяционды-генетикалық зерттеулер
|
Семинар
|
1
|
10
|
Экогенетика негіздері.
|
Семинар
|
1
|
|
Жалпы сағат саны: 10
|
|
|
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстарына (ОЖСӨЖ) арналған үлгілік тақырыптар жоспары
№
| Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тақырыптар |
Өткізу түрі
|
Сабақтың ұзақтығы
|
| Кредит № 1. |
|
|
1.
|
ДНҚ-ның зақымдалуы және репарациясы.
|
Дисскусиялар
|
1
|
2
|
РНҚ-ның посттранскрипциондық модификация түрлері. Процессинг, сплайсинг.
|
Баяндамаладың презентациясы
|
1
|
3
|
Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлы механизмі
|
Ситуациялық есептерді шығару
|
1
|
4
|
Белок фолдингі. Шаперондар, клеткадағы қызметі.
|
Дисскусиялар
|
1
|
5
|
Адам хромосомасының құрылысы, жіктелуі және сипаттамасы.
|
Ситуациялық есептерді шығару
|
1
|
6
|
Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі.
|
Дисскусиялар
|
1
|
7
|
Мутагенез. Мутагендік факторлар
|
Кеңес алу
|
1
|
8
|
Клеткаішілік тасымалдаудың молекулярлық механизмдері
|
Дисскусиялар
|
1
|
9
|
Клетканың беткейлік рецепторларымен байланысты, сигналдық механизмдер. G- белоктарымен тартылысты рецепторлар.
|
Дисскусиялар
|
1
|
10
|
Каталитикалқ рецепторлар
|
Кеңес алу
|
1
|
11
|
Сигнал берілуінің клеткаішілік механизмдері
|
Дисскусиялар
|
1
|
12
|
Клеткалық сигнализациянң бұзылуы.
|
Дисскусиялар
|
1
|
13
|
Клеткалық циклдің реттелуі
|
Дисскусиялар
|
1
|
14
|
Апоптоздың молекулярлы механизмдері
|
Дисскусиялар
|
1
|
15
|
Рубеждік бақылау – коллоквиум
|
|
1
|
|
Жалпы сағат саны: 15
|
|
|
|
Кредит №2.
|
|
1
|
1.
|
Негізгі генетикалықтүсініктер.
|
Дисскусиялар
|
1
|
2
|
Адам кариотипі.
|
Баяндамаладың презентациясы
|
1
|
3
|
Жыныс генетикасы. Адамдағы жыныстың түзілуі.
|
Ситуациялық есептерді шығару
|
1
|
4
|
Жеке дамудың клеткалық және генетикалық негіздері.
|
Дисскусиялар
|
1
|
5
|
Дамудың туа біткен ақаулары
|
Дисскусиялар
|
1
|
6
|
Тұқымқуалайшылыққа бейімді аурулардың жалпы сипаттамасы.
|
Ситуациялық есептерді шығару
|
1
|
7
|
Генді және хромосомды аурулар
|
Дисскусиялар
|
1
|
8
|
Тұқымқулайтын аурулардың электрондық мәліметтер базасы
|
Кеңес алу
|
1
|
9
|
Тұқымқуалайтын аурулардың лабораторлы диагностикалық және профилактика әдістері
|
Дисскусиялар
|
1
|
10
|
Медико-генетикалық консультация (кеңес)
|
Дисскусиялар
|
1
|
11
|
Адамдардың генетикалық әртүрлілігінің медико-биологиялық және әлеуметтік аспектілері.
|
Кеңес алу
|
1
|
12
|
Популяционды-генетикалық зерттеулер
|
Дисскусиялар
|
1
|
13
|
Адамның экологиялық генетикас туралы түсінік.
|
Дисскусиялар
|
1
|
14
|
Сыртқы ортаның биологиялық ластануы.
|
Дисскусиялар
|
1
|
15
|
Рубеждік бақылау – коллоквиум
|
Дисскусиялар
|
1
|
|
Жалпы сағат саны: 15
|
|
|
Қорытынды бақылауға қенес беру уақыты емтиханға екі күн қалғанда емтихан кестесі бойынша өтеді.
Оқытушылардың аты жөні
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жума
|
Мамбетпаева Б.С.
|
|
|
16.00
|
|
|
Мироедова Э.П.
|
|
|
17.00
|
|
|
Алтаева Н.З.
|
16.00
|
|
|
|
|
Сманова Г.Б.
|
|
|
|
|
16.00
|
Абдрахманова Б.М.
|
|
16.00
|
|
|
|
Кусмамбетова КА
|
|
|
|
16.00
|
|
Жалмаканова Ж.Ж.
|
|
13.00
|
|
|
|
Жумагулова А.А.
|
|
|
|
13.00-15.00
|
|
Карагулова А.Ш.
|
|
|
|
|
10.00-14.00
|
Қорытынды бақылауға қенес беру уақыты емтиханға екі күн қалғанда емтихан кестесі бойынша өтеді.
2.8 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары
№
|
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар
|
Тапсырмалар
|
|
Кредит №1.
|
|
1.
|
Онтегенез және ауру кезіндегі белоктық құрамының өзгеруі.
|
1. Белок синтезінің аяқталу процесін оқып үйрену .
Адамның гемоглобин генін мысал ретінде онтогенез кезіндегі белоктың өзгеруін оқып үйрену.
3Тұқым қуалайтын аурулардағы организмде белоктың өзгеруін оқып үйрен: гемоглобинопатия, ферментопатия және басқалар.
4Рефераттар презентациясы
|
2
|
Вирустардың генетикалық аппаратыының ерекшеліктері. ДНҚ және РНҚ бар вирустар.
|
1. Вирустардың құрылысын оқып үйрену.
2. Вирустардың тіршілік циклін оқып үйрену.
3. Медицинада вирустың маңызы туралы түсінік алу.
4Рефераттар презентациясы
|
3
|
Теломерлер. Теломерлік белсенділік
|
1. Теломер құрылымын оқып үйрену.
2. Теломер қызметін оқып үйрену.
3. Теломеразалардың қызметтері мен биологиялық ролін оқып үйрену.
«Теломераза және қартаю», «Теломераза және онкогенез» тақырыптарына реферат дайындау.
|
4
|
Ген туралы жаңа түсініктер.Гендердің жіктелуі.
|
1.гендердің құрылымын оқып үйрену.
2Рефераттар презентациясы
|
5
|
Генетикалық инженерия негіздері
|
1. Генетикалық инженерия маңызын оқып үйрену.
2Рефераттар презентациясы
|
6
|
Трансгендік ағзалар, фармацияда және медицинада қолданылуы.
|
1. Генетикалық бағдарламалары өзгерістерге ұшыраған организмдердің пайда болу сатыларын оқып үйрену.
2. Медицинада генді-инженерлік технологияларды қолдану.
4Рефераттар презентациясы
|
7
|
Ағзаларды клонирлеу
|
1. ДНҚ үзінділерін клонирлеу сатыларын оқып үйрену:
2. Қожайын клеткасына ДНҚ-ны жеткізу үшін қолданылатын векторлық жүйені оқып үйрену
3. Рефераттар презентациясы
|
8
|
Клетка органоидтарының құрылысы және қызметтері.
|
1.Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросының құрылысы және қызметтерін оқып үйрену.
2.Биологиялық мембрананың құрылысы мен қызметін оқып үйрену.
3. Рефераттар презентациясы
|
9
|
Везикулярлықтасымалдау
|
1. Құрамында мембраналық көпіршіктер – везикулалары бар мембрана арқылы жоғары молекулалық қосылыстар мен бөлшектердің везикулярлы ауысу әдістерін оқып үйрен.
2. Эндоцитоз – бөлшектердің клеткаға ауысу жолдары.
3. Экзоцитоз- -клеткадан бөлшектер мен ірі қосылыстардың шығарылуы.
4Рефераттар презентациясы
|
10
|
Клетканың қозғалыс органеллалары
|
1. Клетка ішілік компоненттер мен қозғалыстарға қатысатын микротүтікшелердің қызметі. мен құрылысын оқып үйрену
2. Микрофиламенттердің құрылысы мен қызметін оқып үйрену.
3. Клетканың арнайы қозғалыс органеллаларының құрылысы мен қызметін оқып үйрену .
4Рефераттар презентациясы
|
11
|
Қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдері
|
1. Қартаюдың теломерлік теориясының негізгі жағдайлары мен маңызын оқып үйрену.
2. Соматикалық және жыныс клеткаларына қолданылатын теломерлік теорияның жағдайларын оқып үйрену.
3Рефераттар презентациясы
|
12
|
Жыныссыз және жынысты көбею және олардың түрлері
|
1.Эволюцияда түрлердің сақталуы және организмдердің шығу тегіне бағытталған негізгі биологиялық феномен ретінде көбеюді оқып үйрену.
2. Жынысты және жыныссыз көбеюдің биологиялық маңызын оқып үйрену.
Жыныссыз көбеюдің түрлерін оқып үйрену.
Жынысты көбеюдің маңызын оқып үйрену.
Жынысты көбею түрлері.
6.Партеногенез- ұрықтанбай көбею.
7.Рефераттар презентациясы
|
13
|
Гаметогенез. Оогенез. Сперматогенез.
|
1. Гаметогенездің цитологиялық және цитогенетикалық процесстерін оқып үйрену.
2. Жыныс клеткаларының биологиялық құрамы мен құрылысын оқып үйрену.
3. Ұрықтану – аталық және аналық жыныс гаметаларының қосылуы.
Гамета әрекеттесулерінің түрлері.
4Рефераттар презентациясы
|
14
|
Мейоз. Генетикалқ материалдың рекомбинациясы
|
1. Маңызы сәйкес келетін ерекше бөліну – мейозды оқып үйрену.
2. Мейоздың цитологиялық схемасын оқып үйрену:
4Рефераттар презентациясы
|
15
|
Қартаюдың молекулярлық механизмдері.
|
1. Қартаюдың теломерлік теориясының негізгі жағдайлары мен маңызын оқып үйрену.
2. Соматикалық және жыныс клеткаларына қолданылатын теломерлік теорияның жағдайларын оқып үйрену.
3Рефераттар презентациясы
|
|
Жалпы сағат саны: 15
|
|
|
Кредит №2.
|
|
1
|
Тұқымқуалаушылық заңдылықтары.
|
1.Генетикалық негізгі түсінік оқып үйрену.
2.Тұқымқуалаушылықтың үш түрін оқып үйрену.
3Рефераттар презентациясы
|
2
|
Гендердің өзара әсері.
|
1.Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулерін оқып үйрену.
2. Рефераттар презентациясы
|
3
|
Мутациялық өзгергіштік.
|
1.Мутация түрлерін оқып үйрену
2. Рефераттар презентациясы
|
4
|
Бағаналық клеткалар, медициналық маңызы
|
1. Бағаналы клетканың құрамын оқып үйрену
2. Медицинада бағаналы клетканы қолдану туралы түсінктер құрастыру.
3. Реферат дайындау.
|
5
|
Тератогенез. Тератогендік факторлар.
|
1.Тератогендік факторларды, классификациясын және тірі ағзаларға әсерін оқып үйрену.
2. Реферат дайындау.
|
6
|
Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның ролі.
|
1. Адам патологиясындағы орта және тұқымқуалайтын факторлардың тәуелділігін оқып үйрену: Полигенді тұқымқуалайтын гендердің, пенетранттылығы, гендердің, экспрессивтілігі, генокопиялар, фенокопиялар, мутагенді орта факторлары, канцерогенді орта факторлары.
4Рефераттар презентациясы
|
7
|
Тұқымқуалайтын аурулардың лабораториялық диагностика әдістері.
|
1.Тұқымқуалайтын ауруларды зерттеу әдістерін оқып үйрену.
2. Рефераттар презентациясы
|
8
|
Тұқымқуалайтын аурулардың профилактикалық әдістері
|
1.Тұқымқуалайтын аурулардың профилактисын зерттеу әдістерін оқып үйрену.
2. Рефераттар презентациясы
|
9
|
Тұқымқулайтын аурулардың электрондық мәліметтер базасы
|
Осы тақырып бойынша реферат дайындау
|
10
|
Адам популяциясының типтері.
|
1.Адамзаттың популяциялық құрылымын оқып үйрену.
2.Адам популяциясын анықтайтын генофондты оқып үйрену.
3.Харди-Вайнберг заңының мағынасы мен маңызын және оның әрекеттесу шарттарын оқып үйрену.
4.Рефераттар презентациясы
|
11
|
Адам популяциясының генофонды. Некелер құрылымы.
|
Осы тақырып бойынша реферат дайындау.
|
12
|
Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптар
|
Тақырыптың біреуіне реферат дайындау:
Иондаушы сәулелердің мутагенді әсері
Ультрафиолет сәулелердің мутагенді әсері
Химиялық қосылыстардың мутагенді әсері
Канцерогенез, ортаның канцерогенді факторы, организмге әсері
|
13
|
Тұқымқуалайтын аурулардың геногеографиясы
|
1. Тұқымқуалайтын аурулардың геногеографиясы туралы реферат дайындау:
Алдын ала болжаланатын тұқымқуалайтын аурулар (БТУ)
Хромосомалық синдромдар
Гендік аурулар
|
14
|
Дәріні қолданудан туындайтын аурулар.
|
Осы тақырып бойынша реферат дайындау.
|
15
|
Генотоксиндік құбылыс.
|
Осы тақырып бойынша реферат дайындау.
|
|
Жалпы сағат саны: 15
|
|
2.9 Негізгі және қосымша әдебиеттер
Орыс тілінде:
Негізгі:
Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, 544 с.
Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс, 2003.- 272 с.
Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003.
Генетика. Учебник для ВУЗов/ Под ред. академика РАМН В.И. Иванова. – М..: ИКЦ «Академкнига», 2006.– 638с.: ил.
Введение в молекулярную медицину./Под.ред. М.А.Пальцева, М.Медицина, 2004
Қосымша:
Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ.- М., Мир, 1994.- 520 с.
Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.
3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004
Қазақ тілінде:
Негізгі:
П.Қ.Қазымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева. Медициналық биология. Алматы 2002.
Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006.
Ағылшын тілінде:
Alberts et al: Molecular biology of the cell, Second edition, 2000, Garland, New York and London.
2.10 Сабақ беру және оқыту әдістері:
Дәрістер: жалпы шолу және мәселелік дәрістер.
Тәжірибелік сабақ: семинарлар, ситуациялық есептерді шығару, мультимедийлық мәліметтер базасымен, компьютерлік модельдермен және бағдарламалармен жұмыс, препараттарды микроскопирлеу; кіші топтармен жұмыс (РBL): іскерлік ойындар, жағдайды талдау, ситуацияны модельдеу.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, ситуациялық есептерді шығару; глоссария, аурудың диагностикасы мен профилактикасының алгоритмін құрастыру, тесттік тапсырмаларды орындау, ғылыми баяндамаларды дайындау және қорғау, эссе
2.11 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:
- Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша, ауызша сұрақтар, ситуациялық есептерді шығару, орындалған тапсырмалар қорытындыларын дұрыс толтыру (альбом), шағын топтарда жұмыс істегенде өзін - өзі және топтың басқа мүшелерінің білімін бағалау.
- Аралық бақылау: коллоквиум
- Қорытынды бақылау: емтихан.
Студенттердің білімін бағалау қағидалары
№
р/с
|
Әріп
|
Сандық көрсеткіш
|
Рейтинг (пайыздық көрсеткіш)
|
Баға
|
1
|
А
|
4,0
|
95-100
|
«өте жақсы»
|
2
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
3
|
В
|
3,33
|
85-89
|
«жақсы»
|
4
|
В-
|
3,0
|
80-84
|
5
|
В+
|
2,67
|
75-79
|
6
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
«қанағаттанарлық»
|
7
|
С
|
2,0
|
65-69
|
8
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
9
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
10
|
D
|
1,0
|
50-54
|
11
|
F
|
0
|
0-49
|
«қанағатсыз»
|
Ағымды бақылауға арналған баға қағидалары:
тестілеу - дұрыс жауап пайызы «Студенттердің білімін бағалау қағидалары» кестесін негізге алып бағаланады.
Аралық бақылауға арналған баға қағидалары:
билет бойынша жауап -бірінші жауап 50 балмен бағаланады
екінші жауап 40 балмен бағаланады
үшінші жауап 10 балмен бағаланады
жалпы баға жинақталған бал қосындысын пайдаланып «Студенттердің білімін бағалау қағидалары» кестесін негізге алып шығарылады.
Қорытынды бақылауға арналған баға қағидалары:
қорытынды баға емтиханға дейінгі рейтингтен қүралады,ол 60 пайызға тең және 40 пайызы емтиханда жинакталады
Достарыңызбен бөлісу: |