Рахимгалиева пакизат сармановна


ЖОО – жоғары оқу орны ФД



бет5/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

ЖОО

– жоғары оқу орны

ФД

– физикалық даярлық





















КІРІСПЕ

Зeрттeудің өзeктілігі. Жоғары оқу орнының студенттері еліміздің еңбек және интеллектуалды әлеуетінің маңызды резерві болып табылады және олардың денсаулығын сақтау – мемлекеттің негізгі стратегиялық міндетіне кіреді. Студент жастардың денсаулығын нығайту – адамның өзінің тәндік және психикалық саулығына белсенді қамқорлығы мен жауапкершілігін білдіреді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында [1] айқындалғандай, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін ел азаматтарының денсаулық жағдайы мен әл-ауқаты жоғарылап, күтілетін өмір сүру ұзақтығы дамыған мемлекеттердің орташа деңгейіне дейін жетуі керек. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабының 1-ші тармағына сәйкес [2], «мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады. Сондай-ақ, 29-бапта көрсетілгендей, елдегі әрбір азаматтың өз денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарын маңызды бағдар етіп айқындаған және оның негізгі мақсаттарының бірі ретінде халықтың жақсы денсаулығы мен әл-ауқаты көрсетілген. Қазақстан БҰҰ-ның орнықты дамудың негізі – бұл салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы адамдар үшін қолайлы жағдай жасау деген тұжырымын қолдайды [3].
Студенттерді жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімдеу кәсіби құзыретті маман қалыптастырудың алғышарты саналады. Бейімделу дегеніміз – жаңа ортаның жағдайына, қоғамдық қатынастардың дамуы мен өзгеруіне байланысты, ондағы нормаларға, құндылықтарға, қатынастарға, өмір жағдайларына, әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттесуге, мәртебелер мен рөлдерге бейімделудің үздіксіз үдерісі. Жоғары оқу орнына студенттің әлеуметтік бейімделу факторлары тұлғаның қалыптасып, дамуымен, оның әлеуметтену дәрежесімен және қоғамдық іс-әрекеттегі дағдыларымен, отбасының құрылымы және әлеуметтік мәртебесімен өзара байланысты келеді.
Студенттердің қазіргі өмір сүру жағдайлары әлеуметтік тұрақсыздықпен, мегаполистің психоэмоционалды және техногендік жүктемелерінің үнемі артуымен ерекшеленеді. Бейімделу мәселелерін тудыратын себептер ретінде қарқынды ақыл-ой еңбегі, шамадан тыс эмоционалды қысым, жоғары сұраныстар мен шектеулі мүмкіндіктердің арасындағы диссонанс, оқу мен жұмысты қатар алып жүру қажеттілігі және т.б себептер анықталуы мүмкін. Сондай-ақ, климаттық өзгерістер, дұрыс тамақтанбау, гаджет, телефон құрылғыларын шамадан тыс пайдалану, физикалық белсенділіктің төмендігі және т.б өз ықпалын тигізеді.
Өз кезегінде, адам денсаулығының жағдайы көбінесе оның тұрақты даму деңгейі немесе медициналық қамтамасыз етілу жағдайымен емес, өмір сүру салтымен, оқу жағдайларына бейімделу деңгейімен, әлеуметтік факторлармен анықталады. Сондықтан да, әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық факторлар мен жағдайлардың студенттердің денсаулығына қолайсыз әсерін зерттеу, олардың физиологиялық мүмкіндіктерін жақсарту және денсаулыққа зиянды әлеуметтік жағдайлар мен факторларының әсерін жою немесе алдын алу бойынша ғылыми зерттеу бағытындағы жұмыстардың орындалуы маңызды болады.
Студенттердің физиологиялық дамуының өзектілігін көрсететін тағы бір маңызды себеп – қазіргі уақытта білім беру жүйесінде түрлі реформалар мен қайта құрулар орын алуда. Өз кезегінде, бұл студенттердің оқу жүктемесі көлемінің ұлғаюына, оқытудың формалары мен әдістерінің өзгеруіне және педагогикалық талаптың жоғарылауына алып келуде. Университетте білім алу ағзаның барлық функционалды жүйелеріне қысым мен күш түсіреді, өйткені жоғары білімнің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайында күрделі, көп деңгейлі бейімделу үдерісі жүзеге асады. Күнделікті ақыл-ой және психологиялық-эмоционалдық күйзелістер, сондай-ақ еңбек, демалыс және тамақтану режимінің бұзылуы бейімделу үдерісінің жиі бұзылуына және бірқатар созылмалы аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады. Оқу үдерісіне қатысушылардың ағзасының жаңа ортаға оңтайлы бейімделе алмауы, олардың оқуға деген мотивациясын, ары қарай интеллектуалдық және физикалық жұмысқа қабілеттілік деңгейін төмендетеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты университеттегі оқыту үдерісін оңтайландыру студенттерді кәсіби даярлауға ғылыми негізделген тәсілдерді қолдануды талап етеді. Студенттердің ағзасын күрделі әлеуметтік-ақпараттық ортаның факторларына бейімдеудің физиологиялық тетіктері мен ерекшеліктерін анықтау, соның негізінде білім алушылардың функциональдық жағдайына бақылау жасау, профилактикалық түзету бағытындағы іс-шаралардың жүйесін жасау және сол арқылы студенттердің денсаулығының жоғары деңгейі мен жоғары оқу орнына қалыпты бейімделу үдерісін қамтамасыз ету аса маңызды мәселелер қатарына жатады.
Жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің физиoлoгиялық aспeктілeрі шетелдік ғалымдар тарапынан біршама зерттелген деп айта аламыз. Кәсіби білім берудің және кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің мақсат-міндеттері, жалпы мазмұны, формалары мен әдістері бірқатар шетелдік ғалымдар тарапынан әртүрлі педагогикалық-психологиялық аспектілерде зерттелді. Осы бағыттағы көрнекті зерттеу жұмыстарына Б.С.Гершунскийдің [4], А.А.Вербицкийдің [5], В.А.Ермоленконың [6], М.И.Махмутовтың [7], Н.Г.Ярошенконың [8], Э.Ф.Зеердің [9], Е.А.Климовтың [10], А.К.Марковтың [11] еңбектерін жатқызуға болады.
Американдық және Еуропалық елдердегі L.S. Aloia, A.B. Denes, J.P. Crowley [12], M.D. Kramer, C.J.Patrick [13], G.Stemmler, J.Wacker [14], T.O.Cornwell, I.D. McCarthy, P.A.Biro [15], K.J. Mathewson, L.A. Schmidt [16], L.H. Duran, D.T. Wilson, T.L.Rymer [17], Z.B.Yin, J.S.Shan, S.H.Wang [18] сынды бірқатар ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, адам физиологиясы және оның адаптивтік мүмкіндіктері туралы маңызды теориялық тұжырымдарды басшылыққа алуға болады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау нәтижесінде бейімдеу үдерісінде жеке тұлғаның биологиялық және психологиялық ерекшеліктерін есепке алған П.К.Анохиннің [19], А.Н.Леонтьевтің [20], А.В.Петровскийдің [21], С.Л.Рубинштейннің [22], И.А.Зимняяның [23], В.А.Сластениннің [24], Е.К.Бекмаханованың [25], Э.К.Қалымбетованың [26], Р.А. Мамедовтың [27] еңбектерін қарастырдық.
Отандық зерттеушілердің ішінен оқушылар мен студенттердің психологилық денсаулығын сақтаудың кейбір аспектілері С.М.Жақыпов [28], Х.Т.Шеръязданова [29], Ж.Ы.Намазбаева [30], А.Р.Ерментаева [31], А.Т.Акажанова [32], Р.Б.Каримова [33], Н.Д.Унарбекова [34], Қ.Н.Нығыметова [35], Г.Б.Ниетбаева [36] және т.б еңбектерінде біршама талданған.
Жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің физиoлoгиялық aспeктілeрі мәсeлeлeрімeн шeтeлдік В.П.Кaзнaчeeв [37], К.В.Судaкoв [38], Н.A.Aгaджaнян [39], М.A.Бaгрий [40] т.б ғaлымдaр aйнaлысқан. Кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің психoлoгиялық жәнe физиoлoгиялық мeхaнизмдeрін қaрaстырғaн Ф.Б.Бeрeзин [41], В.И.Мeдвeдeв [42], Р.М.Бaeвский [43], Г.А.Севрюкова [44], А.В.Кабачкова [45], Н.Л.Денисов [46] жәнe т.б ғaлымдaрды aтaп өтугe бoлaды.
Жоғары оқу орнының оқыту үдерісін оңтайландыру студенттердің кәсіби дайындығын ұйымдастыруға ғылыми негізделген көзқараспен қарауды талап етеді. Студент ағзасының сыртқы әлеуметтік-ақпараттық орта факторларына бейімделу ерекшеліктерін анықтау, жоғары оқу орындарында студенттердің физиологиялық дамуының қамтамасыз етілу деңгейін бағалау және денсаулығын сақтай отырып, жаңа ортаға нәтижелі бейімделуін қамтамасыз ететін жүйелі іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру мәселені тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнындағы жүйелі және бірізді тәрбиелік жұмыстар, дәстүрлер мен олардың сабақтастығы, кәсіптік және корпоративті қарым-қатынастардың орнауы, кураторлар институты, студенттердің өзін-өзі басқаруы бірінші курс студенттеріне жылдам бейімделуге көмектеседі. Алайда, отандық ғалымдар тарапынан студенттерді жоғары оқу орнындағы оқу үдерісіне бейімдеудің физиологиялық аспектілері мен ерекшеліктері толық зерттелмеген және мәселені оңтайлы шешудің жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыруды талап етеді.
Бүгінгі күнге дейін анықталғандай, ешқандай медициналық дәрі-дәрмексіз, арнайы алуан түрлі әдістер мен жаттығулар көмегімен адамның жалпы функционалды жағдайын, еңбекке қабілеттілігін арттыруға, денсаулығын жақсартуға, ағзасының физиологиялық резервтерін жоғарылатуға қол жеткізуге болады.
Oсы oрaйдa, студeнттeрді кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің физиoлoгиялық aспeктілeрін зeрделенген ғылыми-тeoриялық әдeбиeттeр мeн бoлaшaқ кәсіби мамандарды дaйындaудың нaқты тәжірибeсін тaлдaй кeлe:
­ қaзіргі қoғaм сұрaнысының тaлaптaрынa сәйкес студенттерді кәсіби іс-әрeкeткe оңтайлы бeйімдeудің қaжeттілігі мeн студенттердің оқу жүктемесіне, әлеуметтік және ақпараттық орта факторларына бейімделуінің тиімділігін арттырудың физиологиялық негіздемесінің жeткіліксіздігі;
- ЖОО-да студенттерді физиoлoгиялық aспeктілeрді eскeрe oтырып кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің қажеттілігі мeн студенттердің ЖОО-ның кәсіби даярлау жағдайына бейімдеудің физиологиялық ерекшеліктері мен студенттердің психофизиологиялық дамуының қамтамасыз етілу деңгейін бағалау критерийлерінің нақталынбауы;
- ЖОО-да студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің қaзіргі жaғдaйы мeн студенттердің функционалдық жағдайын оңтайландыру және ағымдағы көрсеткіштерін арттыру бойынша алдын алу шараларының ғылыми негізделген жүйесінің жоқтығы aрaсындa қaрaмa-қaйшылықтaрдың бaр eкeндігі aнықтaлды.
Aтaлғaн қарама-қaйшылықтaрдың шeшімін тaбу ұсынылып oтырғaн зeрттeу мәсeлeсін aйқындaп, тaқырыпты «Жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің физиoлoгиялық aспeктілeрі (Пeдaгoгикa жәнe психoлoгия мaмaндығы нeгізіндe)» дeп тaңдaуымызғa сeбeп бoлды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет