Күні
|
1
|
2-3
|
4-5
|
6-7
|
8-9
|
10-11
|
12-13
|
14
|
15
|
Психологиялық саулық
|
Модуль
|
Кіріспе сабақ. Ұсыныс
|
Психологиялық жаттығулар
|
Психологиялық жаттығулар
|
Психологиялық жаттығулар
|
Психологиялық жаттығулар
|
Психологиялық жаттығулар
|
Психологиялық жаттығулар
|
Психологиялық жаттығулар
|
Кері байланыс Қорытынды.
|
Физикалық белсенділік
|
Модуль
|
Физикалық жаттығулар
|
Физикалық жаттығулар
|
Физикалық жаттығулар
|
Физикалық жаттығулар
|
Физикалық жаттығулар
|
Физикалық жаттығулар
|
Физикалық жаттығулар
|
Физикалық жаттығулар
|
Кері байланыс Қорытынды.
|
Жаттығуларды жүргізу тәртібі:
1. Тақырыптың кіріспе бөлімі: негізгі тақырып бойынша ақпарат беру.
2. Негізгі бөлім: тақырып бойынша жаттығуларды орындау.
3. Кері байланыс: рефлекция жүргізу: тұлғалық өсуді өзіндік бақылау.
«Салауатты студент» профилактикалық бағдарламасының негізгі мазмұнын келесі бағыттағы тақырыптар мен жұмыстар құрады:
Студенттердің денсаулық жағдайының динамикасын бағалау;
Санитарлық-гигиеналық және ағартушылық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру;
Сабақ өту кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау;
Студенттердің бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру.
Оқу үдерісінде шамадан тыс ақыл-ой, физикалық және психикалық жүктеменің алдын алу;
Студенттердің денсаулық мәдениетін тәрбиелеу, яғни денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сауаттылықты қалыптастыру.
Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына қамқорлық жасау қажеттілігін түсіну және өз денсаулығына жауаптылықпен қарау.
Студенттердің энергия жұмсау деңгейіне сәйкес келетін рационның адекватты энергетикалық құндылығын қарастыру;
Барлық қажетті және қажетті емес қоректік заттардан құралған рационның күн тәртібі бойынша дұрыс реттелуін қамтамасыз ету;
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді ұйымдастыру;
Ауруларды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды орындау;
Дені сау студенттерді динамикалық түрде бақылау және денсаулығына зақым келген студенттерді диспансерлік бақылау жұмыстарымен таныстыру;
Студенттерді гигиеналық дағдыларды сақтау талаптарына үйрету.
Денсаулыққа қауіпті мінез-құлық тәуекелдерін бағалау (темекі шегу, алкоголь, есірткі);
Оқу топтарындағы психологиялық климатты қалыпқа келтіру, эмоционалды сергіту әдістерін пайдалану;
Оқытушылар мен студенттер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас стиліне мән беру;
Сауалнамалар мен емтихандардың сипаты, университеттегі баға қою мәселесін талқылау;
Оқытушының студенттермен жеке дара қарым-қатынасты жүзеге асыру дәрежесін бағалау (әсіресе, «тәуекел тобындағы студенттермен»);
Оқытушының жеке үлгісі: денсаулық жағдайы, өмір сүру салты, өз денсаулығына деген қатынасы.
Сабақтар арасындағы үзіліс кезінде орындалатын белсенді-қозғалыстық сипаттағы жұмыстар;
Дене шынықтыру сабағына деген салмақты көзқарас (әлсіз студенттерге арналған арнайы топтардың жұмысы, сабақтардың өткізілу жиілігі, ұзақтығы, түрлері мен формалары).
Ортақ мәселелерді шешуге бағытталған университет пен басқа ұйымдардың бірлескен жұмыстары (тақырыптық дәрістер, стендтер, тренингтер).
Төмендегі 9-шы кестеде студенттерді ЖОО-ның әлеуметтік-мәдени ортасына физиологиялық тұрғыдан бейімдеудің және дезадаптация көріністерінің алдын-алудың профилактикалық бағдарламасы көрсетілген.
Бағдарлама мазмұны:
Спорттық бағыттағы;
Сауықтыру бағытындағы;
Мәдени-ағартушылық және ойын-сауықтық бағыттағы;
Танымдық бағыттағы;
Әлеуметтік-психологиялық бағыттағы іс-шаралардан құралды.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында студенттердің физикалық және психологиялық саулығын зерттеудің әдістері пайдаланылады. Қосымша айта кететін ақпарат, студенттердің физикалық даярлығын арттыруға бағытталған жұмыстарды және басқа да іс-шараларды дене шынықтыру және спорт кафедрасының мамандарымен, топтың кураторларымен бірлесе отырып іске асырдық.
Профилактикалық іс-шара бағдарламасының жалпы мазмұны, мақсаты, жүргізілу барысы студенттерге алдын-ала толық түсіндірілді. Сондай-ақ, зерттелуші студенттерге профилактика бағдарламасы аясында күн тәртібін (уақытылы ұйықта т.б), тамақтану тәртібін, физикалық белсенділік бойынша арнайы нұсқаулықтарды сақтау тапсырылды. Бағдарламаны іске асыру барысында студенттердің дұрыс тамақтану, күн тәртібін реттеу сияқты режимді сақтау деңгейіне сырттай бақылау жасап отырдық.
Төмендегі 8-ші кестеде «Салауатты студент» профилактикалық бағдарламасының жалпы жоспары берілген.
Кесте 8 – «Салауатты студент» профилактикалық бағдарламасының жалпы жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |