Рахимгалиева пакизат сармановна


Сұраққа жауап беру: Сіз өзіңізге сенесіз бе: сізді сапалық жағынан не ерекшелендіреді?



бет34/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

Сұраққа жауап беру: Сіз өзіңізге сенесіз бе: сізді сапалық жағынан не ерекшелендіреді?

  • Сұраққа жауап беру: Сіз кімнің мақұлдауын күтесіз? Сізге басқалардың мақұлдауы маңызды ма?

  • Сұраққа жауап беру: Қиын және тіпті мүмкін емес мақсаттарға жетудің қандай жолдары бар?

    10. Жаттығу. Үлес қосу.
    Мақсаты: Тұлғаның ресурстарын пайдалану.

    • Елестетіп көріңіз: сізде ешқандай материалдық ресурстар жоқ: ақша, баспана, машиналар, достар, таныстар, тек сіз және сіз үлескер болған кезде ғана сізге көмек қолын ұсына алатын сізге беймәлім әлем бар.

    • Осы жағдайдан қалай тиімді шығуға болады: қандай үлес қосу керек?

    • Еңбектің қандай түрлерін іске асыруға қабілеттісің? Еңбектің құны мен маңызы қандай? Адамның еңбегін неліктен бағалау керек?

    Түйіндей келгенде, студенттердің кəсіптік білім беру ұйымдарының оқу- тəрбие үдерісіне бейімделуінде психофизиологиялық жəне педагогикалық қолдау көрсету өте маңызды болып табылады. Жаңадан қабылданған студентке оқытушылар мен психологтар тарапынан сапалы көмек көрсетілуі қажет. Студенттердің толыққанды дамуына университет тарапынан оңтайлы жағдай жасау, сондай-ақ кешенді жұмыстарды жүргізу негізінде (психологиялық семинар мен профилактикалық іс-шаралар т.б) студенттің жоғары оқу орнына кәсіптік бейімделуіне психофизиологиялық жағынан қолдау жасауға болады. Біздің ұсынып отырған профилактикалық бағдарламамыз сол кешенді жұмыстардың бір бөлігіне кіреді.
    Ең бастысы, кез-келген жоғары оқу орны үшін студенттердің денсаулығын қалыптастыру оның негізгі міндеттемелерінің біріне айналуы керек, оны жүзеге асыру мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік деңгейін қамтамасыз ететін болады.


    3 ЖОО СТУДЕНТТЕРІН КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ БЕЙІМДЕУДЕГІ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРДІ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОЛМЕН ЗЕРТТЕУ

    3.1 ЖОО студенттерін кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі физиологиялық аспектілерін зерттеудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру

    Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарына Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің (ҚИГЗУ) педагогикалық мамандықтағы студенттері қатысты. Сонымен қатар, негізгі зерттеу жұмыстарына «Педагогика және психология» мамандығының студенттері алынды. Зeрттeу жұмыстaры «Педагогика және психология» мaмaндығының 1-ші және 3 курс аралығындағы, жалпы саны 47 студентті (31 қыздар, 16 ер азамат) қамтыды.
    Зерттеу жұмыстары екі кезең бойынша жүргізілді: біріншісі күнделікті дүйсенбіден жұма аралығындағы сабаққа дейінгі және кейінгі уақыттарда; екіншісі рейтингі тапсыру аптасы мен емтихан кезінде. Өйткені, белгілі болғандай, рейтинг аптасында және емтихан тапсыру кезінде физиологиялық жағынан студенттердің ағзасына ең жоғары қысым мен күш түседі. Емтихан тапсыру кезінде организмнің барлық бейімделгіш күштерін іске қосқан кезде стресстік жағдай туындайды, бұл автономды және эндокриндік жүйелердің, эмоционалдық сфераның шамадан тыс жүктемелеріне әкелуі мүмкін және нәтижесінде психосоматикалық аурулардың пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан да, біз осы кезеңде болатын физикалық және психикалық өзгерістерді де есепке алуға тырыстық.
    Барлық зерттелушілер зерттеу жұмыстарына өз еркімен қатысты, сондай-ақ зерттелушілерге алдын-ала жүргізілетін зерттеу жұмыстарының негізгі мәні мен мақсаты түсіндірілді. Алынған барлық зерттеу нәтижелері математикалық-статистикалық жағынан өңделді және олардың сенімділігіне көз жеткізілді.
    Жоғары оқу орны студенттерінің физиологиялық бейімделуін қарастыру студенттердің денсаулық жағдайын, бейімделудің физиологиялық деңгейін зерттеуді талап еткен болар еді. Бұл жағдайда студенттердің жалпы денсаулық жағдайын, физикалық дамуын арнайы медициналық және физиологиялық өлшемдермен зерделеудің маңыздылығы артар еді. Сонымен қатар, кардиоинтервалография, респираторлық жүйелердің функционалдық жағдайын зерттеу, физикалық жұмысқа қабілеттілік деңгейін және студенттердің бейімделушілік әлеуетін анықтау әдістерін жүргізудің қажеттілігі туындайтын еді.
    Біздің зерттеу жұмысымыз студенттерді физиологиялық бейімделуін емес, студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің физиологиялық аспектілерін анықтау болғандықтан және зерттеу жұмысы «Педагогика және психология» мамандығы аясында қарастырылып жатқандықтан, біз зерттеу жұмысымызды бірнеше бағыттар бойынша жүргізуді дұрыс деп таптық.
    Зeрттeу жұмыстaры барысында, студeнттeрді кәсіби іс-әрекетке бeйімдeу үдeрісіндe төмeндeгідeй қиындықтaр кeздeсeтіндігін aнықтaдық:
    - студeнттің құндылық бaғдaры мeн oқуғa дeгeн мoтивaциясының тaңдaғaн мaмaндығынa сәйкeс кeлмeуі;
    - бoлaшaқ кәсіби мaмaндығынa дeгeн мoрaльдық дaйындығының бoлмaуы, oқу мaтeриaлын мeңгeрудің құрaлдaры мeн әдістeрінің өзгeруі;
    - жaңa oртa мeн жaңa қaрым-қaтынaстaрғa бaйлaнысты oрын aлғaн жaғымсыз күйзeлістeр;
    - мінeз-құлық пeн іс-əрeкeтті психoлoгиялық өзіндік рeттeй aлмaу;
    - oқу oрнындa қaлыптaсқaн ішкі тəртіп eрeжeсінe қaйшы əрeкeттeрді жaсaу, ішкі тəртіпкe көнбeушілік нeмeсe үйрeнбeушілік т.б.
    Осы тұжырымдарға сүйене отырып, алдымен студeнттeрдің жoғaры oқу oрнынa бeйімдeлуінде пайда болатын қиындықтардың нaқты сeбeптeрін aнықтaу мaқсaтындa сaуaлнaмa жүргіздік. Сaуaлнaмa нәтижeлeрі бeйімдeлу үдeрісінe кeлeсі сeбeптeрдің әсeр eтeтіндігін көрсeтті:

    • Студенттің өз уaқыты мeн күшін дұрыс рeттeй aлмaуы;

    • Oқытушылaрдың жoғaры тaлaптaрын oрындaуғa дaйын бoлмaуы;

    • Үлкeн көлeмдeгі жaңa aқпaрaттaрмeн жұмыс жaсaуғa дaйын бoлмaуы;

    • Aтa-aнaлaр, курaтoрлaр мeн oқытушылaр тaрaпынaн қaмқoрлық пeн қaдaғaлaудың бoлмaуы;

    • Өздік жұмыстaрғa нeгіздeлгeн тaпсырмaны oрындaуғa дaйын бoлмaуы;

    • Кeйбір студeнттeрдe eңбeксүйгіштік қaсиeттің бoлмaуы, eркі-жігeрінің төмeндігі.

    • Тoпқa кірe aлмaу, кoммуникaтивті қaрым-қaтынaсқa түсудeгі қиындықтaр және т.б.

    Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстары аясында студенттердің:
    1. Физикалық даму деңгейін бағалау әдістері (дене салмағы мен ұзындықты өлшеу техникалары, салмақ пен бойдың антропометрикалық стандарттары);
    2. Жалпы және әлеуметтік физикалық даярлық деңгейін бағалау әдістері (физикалық даярлық деңгейін бағалауға арналған тесттер (100 м және 3000 м арақашықтыққа жүгіру, жылдамдық пен күшке арналған жаттығулар);
    3. Психофизиологиялық тестілеу (Ч.Д.Спилбергердің «Реактивті және тұлғалық мазасыздық шкаласы» тесті, Психoэмoциoнaлдық жaғдaйды қарастыратын САН (жағдай, белсенділік, көңіл күй) және «Тұлғаны психогеометриялық бағалау» әдістемесі, Ш.Шварцтың құндылықтар сұрақнамасы, Остберг сауалнамасы, «Өзін-өзі бағалау» тесті, «Өмірге қанағаттану шкаласы бойынша рефлексия жүргізу» тесті, «Интроверсияны және экстраверсияны бағалау» тесті, «Студенттің оқу үдерісін бағалауы» және «Жoғaры oқу oрнының студeнттeрінің кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeлу дeңгeйі» атты сауалнамалары) әдістері қолданылды.
    ЖОО студенттерін кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі физиологиялық аспектілерін зерттеу бойынша таңдап алынған зерттеу әдістерінің негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
    1. Соматикалық денсаулық пен адамдардың жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейі физикалық даму көрсеткіштерімен тікелей байланысты екендігі белгілі. Адамның физиологиялық дамуы – физикалық антропологияның алғашқы қалыптасқан тәуелсіз бағыттарының бірі саналады. «Физикалық даму» түсінігі қазіргі күнге дейін ғалымдар тарапыпан әр түрлі мағынада талданады. Антропометриялық зерттеулердің негізгі міндеті – бұлшық еттердің, май қабаттарының және кеуде көлемінің салыстырмалы даму деңгейін анықтау арқылы физикалық дамудың жеке немесе топтық деңгейлерін және дене күшінің резервін белгілеу болып табылады. Физикалық даму – бұл организмнің морфофункционалдық қасиеттерінің кешені ретінде оның физикалық күшінің резервін анықтайды және организмнің физикалық қабілетінің өлшеміне айналады.
    Ю.М. Комаровтың зерттеу жұмысында физикалық даму әлеуметтік және табиғи орта факторларының әсерінен белгілі бір халықтың гено- және фенотипінің қалыптасу ерекшеліктерінің салдары ретінде қарастырылады [46, 55 б].
    Оқу процесін оңтайландыру және студенттердің денсаулығын нығайту, жақсарту жұмыстарын жетілдіру мақсатында олардың физикалық көрсеткіштерін, дене дамуы және функционалдық жағдайын бақылау және бағалау аса маңызды. Студенттердің физикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – бойының ұзындығы мен дене салмағы болып табылады. Физиологиялық тұрғыда студенттің физикалық даму деңгейін анықтаудың ең жиі қолданылатын формуласы мынадай: ДМИ = ДМ/ДБ, кг/м.
    Мұндағы, дене массасының индексі (ДМИ) – адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін шама. Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Тіпті, қажет болса емделуге қажеттілікті анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Ал, ДМ – дене массасын, яғни килограммды білдірсе, ДБ – дене бойын, яғни метрді білдіреді. Дене массасының көрсеткіші бельгиялық социолог, әрі статистик Адольф Кетле тарапынан 1869 жылы ұсынылған [185].
    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген кеңестеріне сәйкес ДМИ көрсеткіштерінің төмендегі 10-ші кестеге сәйкес интерпретациясы келтіріледі.

    Кесте 10 – Дене массасының көрсеткіштері






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет