Қателіктерге оң жауап беру ұранын және сәтсіздікке ұшырағандарға немесе қателік жасағандарға қолдау көрсету сөздерін құрастыру.
Қателіктер мен сәтсіздіктерге қалай жауап қайтару керек және қалай сараң болмауға болады?
7. Жаттығу. Көпшіліктің назары;
Мақсаты: Көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша рефлексия жүргізу.
Әңгіме-ұсыныс жасаңыз және онымен бірге топ алдында сөйлеңіз: Көпшіліктің назарын өзіңе қалай аудартуға болады?
Өз даралығын, өзін-өзі танытуын ашық және тартымды түрде көпшілік алдында сөйлеу арқылы көрсету.
Өз тәжірибеңізге рефлексия жасаңыз: Ұсыныстарды құрастырған кезде нені сезіндіңіз және оларды айтқан кезде, нені түзеткіңіз, ал нені сол күйінде қалдырғыңыз келді?
8. Жаттығу: Менің жауларым;
Мақсаты: Нәтижеге жету үшін жұмыс жасау.
Сұраққа жауап беру: Бүгінгі күні нені жақсы істегіңіз келеді. Мысалы: мен жылдам оқығым келеді, суретті аяқтағым келеді, велосипедпен трюк жасағым келеді және т.б.
Сұраққа жауап беру: Мақсатқа жетуге қандай тұлғалық қасиеттер мен мінез-құлық кедергі келтіреді?
Сұраққа жауап беру: Қалай өзіңнің мінез-құлқың мен қасиеттеріңді тұлғалық дамуға бағыттауға болады. Яғни, жауды қалай одақтасқа айналдыруға болады?
9. Жаттығу. Мүмкіндік шекаралары.
Мақсаты: Жеке тұлғаны жетілдіретін мақсатқа жету жолдарын пайдалану: баспен немесе ар-ожданмен әрекет ету.
Сұраққа жауап беріңіз: Сіз өзіңіз туралы бәрін білесіз бе? Ол үшін топ мүшелерінің өзіңіз туралы ойын тыңдап, оларды өзіңіздің көзқарасыңызбен салыстырыңыз.
Сұраққа жауап беру: Мақсатқа жету жолында сіздің қарсыластарыңыз бар ма: олардың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
Сұраққа жауап беру: Мақсатқа жету жолында сізде қандай кемшіліктер мен артықшылықтар бар?
Достарыңызбен бөлісу: |