Құрал-жабдықтар Мақсаты


Тұқымның бөртуі және өнуі



бет11/12
Дата23.08.2020
өлшемі146,54 Kb.
#76670
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
папка 1
акон 24 07
Тұқымның бөртуі және өнуі

Топыраққа сіңірілген тұқым өну үшін алдымен бөртеді. Бөртуге негізінен ылғалжылу және ауа қажет. Дәннің құрамындағы ақуызмайкөмірсутегінің мөлшеріне байланысты олардың бөртуіне әр түрлі мөлшерде ылғал қажет. Мысалы, бидай тұқымының бөртуі үшін оның құрғақ ауа салмағының 56%-ына тең ылғал қажет, ал асбұршақ тұқымының бөртуіне 50% ылғал қажет, ал дәнінде ақуызы көп асбұршаққа бұдан екі-үш есе артық ылғал керек. Дәннің өнуіне қажетті температура да екі топтағы астық дақылдары үшін әр түрлі.


Бірінші топтағы астық дақылдары дәндерінің өнуіне ең кемінде температура 1-3°С болуы тиіс, жүгері үшін бұл көрсеткіш 7-8°С, күріште 11-12°С-қа тең. Бірінші топтағы астық дақылдары дәндерінің көктеуі үшін ең қолайлы температура 6-12°С, ал екінші топтағы дақылдар үшін 18-22°С болып табылады.

Көктеу

Жеткілікті мөлшерде ылғал, қолайлы температура болса, бөрткен дәннен алдымен тұқым тамыршалары, одан кейін ұрықтың сабағы өседі.

Ұрық сабағының ұшында оны бүлінуден сақтайтын жұқа мөлдір қынап (колеоптиль) болады. Жер бетіне шыққаннан кейін, күн сәулесінен колеоптиль жарылып, оның ішінен бірінші жасыл жапырақ пайда болады. Мұны өсімдіктің көктеу сатысы дейді.

Түптену

Топырақтың 2-3 см тереңдігінде түптену түйіні пайда болып, одан жанама сабақ пен екінші тамыр тараған шақ түптену сатысы деп аталады. Түптену дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, себілген тұқым сапасына, топырақтағы ылғалдың мөлшеріне, себілу тереңдігне байланысты әр түрлі болады. Түптену сатысы әр сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты 12-30 күнге созылады.

Түтік шығару

Түптенуден 10-15 күн өткен соң, түтік шығару сатысы басталады. Оны топырақтың беткі қабатынан 5 см биіктікте бірінші сабақ буынының пайда болуы арқылы анықтауға болады. Өсімдіктің қарқынды өсуінің арқасында оның буын аралықтары ұзара бастайды. Дәнді дақылдарда 5-6 буын аралық, ал жүгеріде ол 15-ке дейін жетуі мүмкін.



Масақтану

Масақтану сатысының басталуы сабақтың жоғарғы жапырақ қынабынан гүл шоғырының жартысының шығуына сәйкес келеді. Тары тәріздес дәнді дақылдарда бұл саты шашақ бас шығару деп аталады. Бұс сатыда өсімдіктер топырақта ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың және жарықтың мол болуын қажет етеді.



Гүлдену

Көптеген дәнді дақылдар масақтанған соң бірнеше күннен кейін гүлдейді, содан кейін тозаңданады. Олар екіге бөлінеді: өздігінен тозаңданатындар - бидайарпатарыкүріш айқас тозаңданатындар - қарабидайжүгеріқонақ жүгері. Бидай, арпа, сұлы, қарабидай дақылдарының жақсы гүлденуіне 15-20°С қолайлы болса, ал жүгері, тары, қонақ жүгері, күріш дақылдары үшін бұл көрсеткіш 20-25°С тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет