Концентрлеужәне бөлу әдістері СЖЭ жеке өкілдерін алу мақатында оларды түрлі тәсілдермен бөлу жүзеге асырылады. Мысалы, сорбция әдісімен скандий, торийді жеңін бөліп алуға болады. Скандийді эфирмен экстракциялау әдісі арқылы лантаноидтардан, цирконий, гафнийден бөліп алуға болады. Цирконий тобындағы элементтерді титан, цирконий, алюминий , темірден қиын еритін екіншілік тұздарын тұнбаға түсіру арқылы бөліп алуға болады. Итрий топшасының элементтерін тиосульфат ионымен тұнбаға түсіру арқылы бөліп алуға болады.
Анықталатын микро элементтердің концентрациясы берілген аналитикалық әдістің салыстырмалы табу шегінен аз болғанда алдын-ала концентрлеу әдісі қолданылады. Алдын-ала концентрлеу арқылы анықталатын затты кедергі жасайтын қосылыстардан бөліп, көп өнім алуға мүмкіндік жасайды. Концентрлеу әдістерінің ішінде ең көп тарағаны және кең қолданысқа ие экстракциялық, хроматографиялық, сорбциялық және кейбір электрохимиялық әдістер жатады.
Бөлу әдістері екі топқа бөлініп, қарастырылады. Бірінші топқа кристалдау, қайнату, дистилдеу, экстракциялау, сорбция , хроматография жатады. Екінші топқа - тұндыру, редокстұндыру, ұшқын қосылыстардың түзілуі жатады [2].
Солардың ішінде қазіргі таңда өндіріс орындарында жиі пайдаланылатын әдістердің бірі – экстракция. Немесе оны шаймалау деп атайды.
Экстракция екі фаза арасынжа компонетті бөліп алу болып табылады. экстракция процесі таңдамалы түрде сұйық немесе қатты заттар қоспасының бір немесе бірнеше компонеттерін органикалық еріткіштер көмегімен бөліп алуға мүмкіндік туғызады. Тәжірибеде сұйық экстракция, яғни екі араласпайтын сұйықтықтарда компонетті бөліп алу көп қолданылады.
Сулы және органикалық еріткіштерде компонеттердің ерігіщтігі әртүрлі болуына байланысты бөлу және концентрлеу жүзеге асады. Органикалық еріткіштер ретінде экстракция процесінде хлороформ, бензол, әртүрлі эфирлер, спирттер, кқмірсулар, толуол және фосфоқышқылдар жиі пайдаланылды. Бұл еріткіштерде бейорганикалық тұздар: роданиттер, иодидтер, нитраттар, хлоридтер; комплексті қосылыстар : оксихиналиттар, дитиокарбоминаттар; фосфор, молибден, вольфрам, кремний т.б. гетерополиқосылыстар жақсы ериді [3].