29.Тыныс жолдарының физиологияcы, маңызы. Тыныс алудың маңызы Газ алмасу Органикалық Заттарды тотықтыру, ыдырату Энергия бөліп, су түзіледі. оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Тыныс алу жүйесі Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді:Ауа жолдары.Өкпе.Тыныс бұлшық еттері. Тыныс жүйкелері. Тыныс орталықтары (ОЖЖ). Ауа жолдарыМұрын қуысы (cavum nasi) Жұтқыншақ (pharynx) Көмей (larynx) Кеңірдек (trachea) Бронхылар (bronchi) Өкпенің морфо-функциялық бірлігі ацинус болып табылады. 30.Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), оны құрайтын көлемдер. ӨТС анықтау (спирометрия). • Өкпенің тіршілік сыйымдылығы : тыныстық көлемнен, резервті тыныс алу көлемінен, резервті тыныс шығару көлемінен тұрады. • Тыныс көлемі деп өкпеге бір рет тыныс алғанда түсетін ауа мөлшері болып табылады, тыныштықта ол 500см3 және тыныс шығарғандағы ауа көлеміне сәйкес келеді. • Егер тыныштықтағы тыныс алудан кейін күшейтілген қосымша тыныс алу болса өкпеге 1500см3 ауа түсіп резервті тыныс алу көлемін құрайды. • Тыныштықта дем шығарғаннан кейін максимальды тыныс шығарса 1500см3 ауа шықса резервті тыныс шығару көлемі деп аталады. • Өкпенің тіршілік көлемі – тыныстық көлем, резервті тыныс алу және резервті тыныс шығару суммасы – 3500-4500 см3. • Қалдық көлем- терең тыныс шығарудан кейінгі өкпе мен тыныс жолдарында қалған ауа– 1500 см3. Өкпелік вентиляция – 1 минут ішінде өкпеге өтетін ауа мөлшері– 7000 см3 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС = 500 мл мл мл = 3500 мл Дем алып, дом шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді) Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді