Тапсырма құрастырушы жұмыс тобының авторлар құрамы:
Астана қаласы «№68 мектеп-гимназия» КММ
А.Молдаханова, Ж.Дайрабай, Қ.Махметова, А.Хамзина
Пікір жазғандар:
Х. Нуртаева, Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы жалпы орта білім бөлімінің әдіскері.
К.Кузембаева, Назарбаев Зияткелік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығының тренері.
7-сынып. Алгебра.. Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. Астана қ. ББЖО, «Білім Нұры» қоғамдастық кластері, 2018 жыл.
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 7-сынып білім алушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушының оқу бағдарламасына сәйкес білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жинақта білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын бағалау критерийлері мен тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін дескрипторлар ұсынылған және оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Тапсырмаларды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (есептер, мәтінді есептер, графиктер, кестелер) қолданылды.
«Білім нұры» қалалық кластерлік қоғамдастық кеңесінде ұсынылды
Х аттама №3 «21» желтоқсан 2018 жыл
Мазмұны
1. Кіріспе.................................................................................................................................1-2
2. «Бүтін көрсеткішті дәреже» .......................................................................................... 3-7
3. «Көпмүшелер».................................................................................................................8-12
4. «Функция. Функция графигі»...................................................................................... 13-16
5. «Статистика элементтері»............................................................................................17-20
6. «Қысқаша көбейту формулалары» ............................................................................ 21-25
7. «Алгебралық бөлшектер» ............................................................................................26-30
Кіріспе
Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағында төмендегідей терминдер қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |