Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 500 г фталилсульфатиазол



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі16,56 Kb.
#94418
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
Фталазол. Садықова Е. 2ф2 тобы

Фармакодинамикасы
Фталазол микробқа қарсы кең ауқымды әсерге ие. Бір қатар грамоң (Streptococcus, Pneumococcus, Staphylococcus) және грамтеріс (Meningococcus, Gonococcus, Shigella dysenteriae, Eschericha coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus vulgaris) микроорганизмдер, оның ішінде ішек жұқпалары қоздырғыштарына қатысты белсенді.
Бактериостатикалық белсенділік танытады.
Қолданылуы
- жедел дизентерияда
- асқыну сатысындағы созылмалы дизентерияда
- колиттерде (оның ішінде ойық жаралы)
- энтероколиттерде
- гастроэнтериттерде
- амебалық дизентерия мен паратифозды жұқпаларда (кешенді емде қосымша дәрі ретінде)
- ішекке операция жасағанда іріңді асқынулардың алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Дизентерияның жедел түрінде ересектерге тәулігіне 6 г (әр 4 сағатта 1 г) 1-2-ші күні, 3-4-ші күні – 1 г тәулігіне 4 рет (әр 6 сағатта), 5-6-шы күні 1 г тәулігіне 3 рет (әр 8 сағатта) тағайындайды. Емдеу курсына барлығы 25-30 г.
Алғашқы емдеу курсынан кейін (5-6 күннен соң) екінші курсты жүргізеді: 1-2-ші күні – 1 г 4 сағаттан соң (түнде 8 сағат сайын), тәулігіне барлығы 5 г; 3 - 4-ші күні - 1 г тәулігіне 4 рет (түнге тағайындамайды), тәулігіне барлығы 4 г; 5-ші күні – 1 г тәулігіне 3 рет (түнде бермейді), тәулігіне барлығы 3 г. Екінші курс бойы жалпы доза 21 г; ауру жеңіл өткен кезде екінші курс дозасы - 18 г.
Басқа жұқпаларда ересектерге бастапқы 2-3-ші күні әр 4-6 сағат сайын 1-2 г, келесі 2-3-ші күні – жартылай дозалар. Ересектерге арналған жоғары дозалар: бір реттік - 2 г, тәуліктік – 7 г.
Жедел дизентерияда 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға бір қабылдауға 0.5 – 0.75 г тәулігіне 4 рет.
Басқа жұқпаларда балаларға 1-ші күні тәулігіне дене салмағының әр келісіне шаққанда 0.1 г тағайындайды. Препаратты түнге қарай үзіліс жасап, әр 4 сағат сайын бірдей дозада береді. Келесі күндері әр 6-8 сағат сайын 0.25-0.5 г береді. Емдеу курсы - 7 күнге дейін.
Жағымсыз әсерлері
- бас ауыру, бас айналу, жабырқау көңіл-күй
- жүрек айну, құсу, іш өту, ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануы (стоматит, гингивит, глоссит), гастрит, холангит, гепатит, В тобы витаминдерінің жеткіліксіздігі (ішек микрофлорасын бәсеңдеуі салдарынан болатын)
- агранулоцитоз, апластикалық анемия, лейкопения, тромбоцитопения
- аллергиялық және уытты-аллергиялық реакциялар, еріннің, беттің сирек аллергиялық ісінулері, түйінді периартериит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдық
- қан ауруында
- жедел гепатит
- 6 жасқа дейінгі балалар
- диффузды уытты зоб
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, жедел гепатит
- гломерулонефрит
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
ПАСҚ (пара-аминсалицил қышқылы) және барбитураттар – сульфаниламидтердің белсенділігі күшейеді
салицилаттар – сульфаниламидтердің белсенділігі және уыттылығы күшейеді
метотрексат және фенитоин - сульфаниламидтердің уыттылығы күшейеді
тиоацетазон, левомицетин - агранулоцитоздың даму мүмкіндігі артады
нитрофурандар - анемия мен метгемоглобинемияның туындау қаупін арттырады
әсері тікелей емес антикоагулянттар - антикоагулянтты әсері күшейеді
оксациллин - антибиотиктің белсенділігі төмендейді.
Фталазолды құрамында парааминобензой қышқылы эфирлері бар препараттармен (прокаин, бензокаин, тетракаин) үйлестіре қолданғанда сульфаниламидтің бәсекелес механизм бойынша антибактериялық белсенділігінің күші жойылады.
Әсер ету тиімділігін антибиотиктер мен жақсы сіңетін сульфаниламидтер күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Аурудың сипатына байланысты фталазолды антибиотиктермен үйлестіріп қолдануға болады. Препаратпен бір мезгілде жақсы сіңетін сульфаниламидтерді (сульфадимезинді, этазолды, этазол-натрийді және т.б.) тағайындаған тиімді.
Нефроздарда, нефриттерде абайлап тағайындайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат плацента арқылы оңай өтеді және, ал жануарларға жүргізілген зерттеулерде оның ұрыққа жағымсыз әсері айқындалған, сондықтан препаратты жүктілік кезеңінде қолданбайды.
Ана сүтінде препараттың концентрациясы оның қан сарысуындағы концентрациясына тең болады және балаларда ядролық сарғаюды, сондай-ақ глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар балаларда гемолитикалық анемияны туындатуы мүмкін, сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде тағайындамайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсиялық бұзылыстар, асқазанның ауыруы, препаратты тоқтатқаннан кейін қайтатын аллергиялық реакциялар.
Емі: жасанды құстырту, асқазанды шаю (қабылдаудан кейінгі 1-2 сағатта), байқалған симптомдарды емдеу. Бүйрек жеткіліксіздігі құбылыстары кезінде диализ қажет болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы 
10 таблеткадан полиэтиленді жабыны бар пішінді ұяшықсыз қаптамада. Пішінді ұяшықсыз қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет