Саудалық атауы
Фталазол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Фталилсульфатиазол
Дәрілік түрі
0.5 г таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 0.500 г фталилсульфатиазол, қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ немесе сәл сарғыш ақ түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ішектік микробтарға қарсы және қабынуға қарсы препараттар. Сульфаниламидтер. Фталилсульфатиазол.
АТХ коды A07AВ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы Препарат асқазан-ішек жолына баяу сіңеді: оның негізгі мөлшері ішек саңылауында іркіледі. Аш ішекте микробқа қарсы белсенділігі жоғары сульфатиазолды (норсульфазолды) түзе отырып ыдырайды.
Ішек флорасына қатысты өзіне тән бактериостатикалық белсенділігін ескеріп, сульфатизолдың ішекте түзілетін жоғары концентрациясы ішек жұқпаларында фталилсульфатиазолдың тиімді болуына ықпал етеді.