Фармацевтикалық зауыттарда керекті мөлшерде алынған затқа немесе заттар қоспасына белгілі дәрілік форма (қалып) беріліп, дайын дәрілік құрал шығарылады. Ол складтарға, саудаға, дәріханаға саудалық атауы бойынша түседі. Өте жиі дәрілік заттың шартты, фармакопеялық атауы толығымен дайын дәрілік құрал атауына кіреді, яғни тривиалдық атаудан бөлек, жаңа, коммерциялық атауы жасалмайды.
Мысалы: Oxylidinum ресми, фармакопеялық атаулары
Imizinum
Tabulettae Oxylidini 0,02 дайын дәрілік
Solutio Oxylidini 0,02 құралдардың
pro injectionibus саудалық атаулары.
Tabulettae Imizini 0,025 obductae
Solutio Imizini 1,25 pro injectionibus
Түрлі мемлекеттерде, бір мемлекетің өзінде бір заты бар дәрілік құралдар саудаға әр түрлі атауларымен шығарылады, соның ішінде түрлі тауарлық белгілерімен.
Тауарлық белгі деген әр түрлі мекемелерде шығарылатын бір қалыпты тауарлардың ажырату белгісі, сонымен бірге жарнамалық белгі. Тауарлық белгі затты белгілемейді, ол тауарды, дайын дәрілік құралды ажыратады, белгілі фирманың туындысы.
Мысалы, *Дикарбамат 2-метил-2пропилпропандиола —1,3* деген жүйелік атауы бар дәрілік зат Қенес Одағында *Мепротан* деп аталып, дәрігерлер мен фармацевттерге Венгрияның фармацевтикалық фирмасы берген *Andaxin* - андаксин белгісімен таныс. Сол атымен бұл дәрі Кеңес Одағына да импортталған. Басқа мемлекеттерде осы дәрілік құралдар басқа тауарлық белгілерімен тараған, олар: Mertobatum, Aneural, Biobamat, Equanil, Gadexyl, Mepavron, Meroban, Mertoran, Mitown, Nerhetin, Pankalma, Petranquile, Proclamadiol, Quanil, Restenil, Restinal, Sedanyl, Sedazil, Sedral, Tensonal, Traquil, Tranquiline, Tranquisan, және басқа.
Халықаралық құқыққа сай белгілі мекеме немесе фирма жаңадан шығарған өнімдерімен қатар оригиналды өнімдері мен заттары патенттелінеді. Осындай патенттелінген атаулар, тауарлық белгілер (фирмалық атаулар, саудалық маркілер) r:registred - тіркелген танбасымен көрсетіледі Synalar, Locacorten, Bucarban.
Шетел тауарлық белгілерінің жарнамаландыруында өзектілікке белгілі көңіл аударылады. Ауруды, терапевтикалық әсерді, ауру мүшені көрсететін атаулар кең тараған. Сөз құқықтық тіркелінуден кейін тауарлық белгі болып табылады. Тіркелген соң тауарлық белгі жеке адамның немесе мекеменің "интеллектуалды меншігі" болып табылады.
Жоғарыда берілген тауарлық белгілер рецептерде II септеудің өрта тегі зат есілідері сияқты жазылу тиіс. Ілік септігінде (Genetivus) түрінде олар - і жалғауына аяқталады.
Мысалы: Rp: Synalari 30,0
Rp: Locacorteni 30,0
Ескертуге — a жалғауына аяқталатын тауарлық белгілер жатады.
Мысалға: No-spa. Бұл белгілер I септеу бойынша септеледі.
Rp: No-spaе 0,04
Бір дәрілік заты бар дайын дәрілік құралдың көптеген (40-50 және одан көп) атауларының болғандығы дәрілердің әлемдік синонимиясына келтіреді. Бұл жағдайдың жағымсыз, бұрыс жақтары бар. Мысалға, аспирин 250 атауы бойынша, аминазин – 124, ампициллин –130 атауымен шығарылған.
Батыс Германияның *Х-еmи - Грюненталь* фирмасы 1957 жылы саудаға патенттелген аты бар *Conergan* препаратын шығарып, сосын оны 11 Еуропа, 7 Африка, 11 Латын Америка мемлекеттеріне экспорттады. Көптеген фирмалар сол препаратты лицензия (шығарылған затты қолдануға құқықтың берілуі) бойынша шығара бастады – жалпы 51 тауарлық белгі бойынша. Препарат өте улы болып табылды, денсаулыққа қауіп тудырылды. Бірақ сонда да оны жығарып жатты. Көп мемлекеттерде *Контерган* препаратын қолданған адамдар бір құралдың түрлі тауарлық белгілермен сатылғандығын білмеген. Сонымен, әлемдік синонимия өзінің кері әсерін корсетті.
Әлемдік синонимияның негативтік ықпалын бір мемлекетке ортақ жалпы атаулар, немесе барлық мемлекеттерде қабылданған халықаралық патенттелмеген атаулар азайту тиіс.
XX ғасырдың екінші жартысында дәрілердің көбеюіне және әлемдік синонимияның кеңеюіне байланысты бұл атаулардың қажеттілігіне көніл аударыла бастады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) Арнайы комитеті коп жылдары дәрілік заттарға халықаралық патенттелмеген атауларды (International Non – prorietaiy Names) - INN-дi беру жұмысын жалғастыруда. Фармакопеяларда (дәрілер туралы зандар жинақтары), ресми лауазымдарда, анықтамаларда, этикеткаларда халықаралық патенттелмеген атаулардың қолдануы ұсынылады.
INN комиссиясы *Фармацевтикалық заттардың халықаралық патенттелмеген атауларын құрастыру нұсқауына арналған негізгі принциптерін* құрастырды. (General principles for guidans in devising international non – proprietary names for pharmaceutical subsnances) Сол *Негізгі принциптердің* орта идеясы – дәрілік заттың фармакологиялық топқа жататындығын көрсету, оны 2-ші, 3-ші, 10-шы пунктерде табуға болады.