Перидерма (пробка). Эпидермистің жасушалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің (феллогеннің) жұмысына байланысты. Перидерма жасушалары тығыз орналасқан, сондықтан шамадан тыс жылуды, газды, микроорганизмдерді ішке жібермейді, судың булануын азайтады.
Перидерма феллоген деп аталатын соңғы жабындық ұлпаның жетілуінен пайда болады. Өсімдіктердің түріне байланысты феллоген әр түрлі жолмен жетіледі. Біреулерінде эпидермадан төмен жатқан паренхималық жасушалардан, кейде эпидермис жасушаларынан, тіптен флоемадан жетілетіндері де кездеседі.
Тоз. Тоздық камбий субэпидермалық жасушалардан, ал кейде тіптен эпидермалық жасушалардан дамиды. Тоздық камбийдің жасушалары тангенталды (сабақтың үстіне параллель орналасқан перделермен) бөлініп, сабақтың ортасынан (өзегінен) шетіне қарай тозды (феллеманы), ал шетінен ортасына (өзігіне) қарай тірі паренхималық жасушалардың қабатын (феллодерманы) бөліп шығарады.. Үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан және феллодермадан тұратын комплекс күрделі жабындық ұлпа перидерма деп аталынады (39-сурет). Қорғаныштық қызметті тек тоз (феллема) ғана атқарады. Ол тығыз орналасқан жасушалардың дұрыс радиальды қатарларынан тұрады. Олардың қабықшаларында суберин жиналады. Қабықшасының тозға айналуына байланысты жасушаның ішіндегі заттары өледі. Тоздық қабатта судың булануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше жасымықшалар (чечевичка) деп аталынатын қуыстар пайда болады. Жасымықшалар жасуша аралық, қуыстары үлкен болып келетін дөңгелек жасушалармен толтырылған. Жасымықшаны толтыратын ұлпалар тоздық камбийдің тұтас қабаты қалыптасқанға дейін, устьица аппаратының астында орналасқан, паренхималық жасушалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
Қыртыс (корка немесе ритидом). Оны кейде үшінші жабындық ұлпа деп те атайды. Ағаштар мен бұталардың қабықтары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде 2-3 жылдан соң жыртылады, ал оны тоз қабаты алмастырады. Қабықтың тереңдеу орналасқан ұлпаларында тоздық камбийдің жаңа бөліктері (участкілері) пайда болады, олар тоздың жаңа қабаттарының бастамасын береді. Осыған байланысты сыртқы ұлпалар сабақтың ортаңғы бөлігінен бөлектеніп өзгеріске (дефформацияға) ұшырайды да өледі.
Сөйтіп, сабақтың сыртында қабықтың бірнеше қабатынан және қабықтың өлі бөліктерінен (участкелерінен) тұратын өлі ұлпалардың комплексі қыртыс түзіледі. Тоздың сыртқы қабаттары біртіндеп бұзылып, қабыршақтанып түсіп отырады. Қыртыстың маңызы үлкен. Ол өсімдіктің ішкі ұлпаларын ыстық пен суықтан, кейде оттан сақтайды[2]..
Негізгі ұлпа.[өңдеу]
Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа (кейде қабықшасы қалындап ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма тұқымдары).
Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік (қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ассимияляциялық ұлпа жапырақтың жас сабағы мен піспеген жемістердің негізін құрайды.
Жапырақ тақтасының ортаңғы жұмсақ бөлігі (мезофилл) түгелдей фотосинтездеуші ұлпа болғандықтан жасушаларында хлорофилл дәндері өте көп, сондықтан фотосинтез процесі жүреді. Жасушалары орналасуына қарай бағаналы және борпылдақ деп бөлінеді. Бағаналы жасушалы жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде өңнің астына бағана тәрізді ұзынша бір-біріне тығыз орналасады. Ал борпылдақ жасушалары жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасып, жасуша арқылы қуыстары кең болғандықтан борпылдақ деп аталады. Бағаналы жасушалар ауадағы көмірқышқыл газын қабылдап органикалық зат түзуге қатысса, борпылдақ жасушалар суды көбірек буландырып газ алмасуға қатасады, сондықтан газ алмастыратын ұлпа деп те аталады. Көлеңкелі жерде өсетін өсімдіктерде бағаналы ұлпа жақсы жетілмейды. Фотосинтездеуші ұлпаларда түзілген органикалық заттардың өсу дәуірінде жұмсалғаннан артылғандары қор жинаушы қоректік ұлпаға қарай ағады.
Қоректік ұлпа.[өңдеу]
Өсімдіктегі органикалық заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Әдетте жасуша қабықшасы жұқа болғанмен атқаратын қызметіне қарай біртіндеп қалыңдайтын кездері болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде қоректік ұлпа кездеседі, мысалы: бір жылдық және көп жылдық өсімдік тұқымдарының эндоспермінде (ұрығында), түйнегінде, пиязшығында, жуан тамырларында, сабақ өзегінде, жапырағында. Қор заттары ерітінді күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде (картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе береді. Сабақтың өзегінде, өзек сәулелерінде күзге қарай жапырақтың сүзгілі түтіктері арқылы ағып келген қанттан крахмал түзіледі. Қоректік заттардың қорға жиналуы өсімдіктің белгілі мүшелерін түрөзгеріске ұшыратады. Мысалы, картоп түйнегі алғашында жіңішке болса да крахмал қорға жиналған кезде қысқарып, жуандап түйнекке айналып түрін өзгертеді. Оның жер асты өркені екенін бірден түсіну қиын. Пиязшықтың жапырақтарда органикалық заттар қорға жиналғандықтан қалыңдап етженді болып түрін өзгертеді. Демек, жапырақтары – түрін өзгертен жер асты өркен. Қоректік ұлпалар сабақ пен жапырақтан басқа да мүшелерінде кездеседі. Мысалы, шалқан, сәбіз, қызылша өсімдіктерінің тамырында крахмал қоры жиналады. Тұқым ұрығының қоректік ұлпалар жарнағында (емен, үлмебұршақ, асбұршақ, күнбағыс, т.б.) және ұрықтан тыс эндоспермінде (үпілмәлік, көкнәр, шырмауық, қарабұрыш, астық тұқымдастардың дәнектері) болады, органикалық заттарды қорға жинайды.
Су қорын жинаушы қоректік ұлпаларда аты айтып тұрғандай су көп мөлшерде қорға жиналады. Шырынды өсімдіктерде (кактус, алоэ, агава, т.б.) де сортаң топырақта өсетіндерде (соран) су жинайтын жасушалары өте ірі, қабықшасы жұқа болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында 85 %-ға дейін су кездеседі. Бұл өсімдіктің күнделікті тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін су. Көптеген өсімдіктердің белгілі мүшелеріндегі арнаулы жасушаларында су қоры сақталады. Ол көбінесе суы тапшы жерде басқа бір өсімдікке жабысып өсетіндерде (эпифиттер) және өте шырынды өсімдіктерде кездеседі.
Суы тапшы, ауасы құрғақ, күн сәулесі көп түсетін жерде өсетін өсімдіктерді «ксерофиттер» дейді. Олардың құрамына жусан, изен, сиыр құйрық, кекіре сияқты өсімдіктер кіреді. Жасуша қабықшасы жұқа, вакуольі ірі, шырыны сұйық болып ыстық күнде қорға жиналған суды пайдаланады. Су қорын жапырағына жинайтындар: сораң, алоэ, агава, бозклем, жасаңшөп, ал сабағына жинайтындар кактустар, сүттігендердің біраз түрлері.
Ауа қорын жинаушы өсімдіктер сазды, батпақты, сулы ортада өседі. Суда өсімдіктердің сабағы мен тамырындағы жасушаларының жасушааралық кеңістіктері өте кең болғандықтан жиналған ауа, оттегі және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етеді. Сонымен негізгі ұлпаға, фотосинтездеуші, органикалық заттар, су, ауаны қорға жинаушы ұлпалар кіреді.
Тірек ұлпа.[өңдеу]
Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңқасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады).
Достарыңызбен бөлісу: |