Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы


Сүтқоректілер ұйымының диагностикалық ерекшеліктері және олардың эволюциядағы мәні. Сүтқоректілердің шығу тегі



бет45/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020

22. Сүтқоректілер ұйымының диагностикалық ерекшеліктері және олардың эволюциядағы мәні. Сүтқоректілердің шығу тегі.
Сүтқоректілер (лат. Mammalia) – жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада – құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын – кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.[1]
Омыртқалылар эволюциясында Сүтқоректілердің

  • бас сүйегінің құрылысы жеңілдей түскен және ол ауыз омыртқамен берік жалғасқан;

  • тістері мен аяқтары жетіле түскен;

  • дене температурасы біркелкі тұрақты;

  • жүрегі 4 камералы;

  • қан қызыл түйіршіктерінің жетілгендері ядросыз;

  • есіту аппараты ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақтан тұрады, көбінің құлақ қалқаншасы жақсы дамыған.

  • Күрек тіс, ит тіс, азу алды және азу тістері болады, азу тістерінен басқасы бір рет (кейде бірнеше рет) алмасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет