Құрамы және құрылымы Кәсіпорынның негізгі қорларының саралануы



бет1/2
Дата28.02.2020
өлшемі0,94 Mb.
#59244
  1   2
Байланысты:
курстық
үнді




МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ

3

I БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1.Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы және құрылымы

1.2.Кәсіпорынның негізгі қорларының саралануы

II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТОЗУЫ

2.1.Негізгі қорлардың тозу түрлері.

2.2. Негізгі қорлардың бағалау түрлері

2.3. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі

III БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ

3.3. Амортизацияны есептеу әдістері

3.2. Амортизациялық жеңілдіктер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




5

5

7



12

12

13



17

23

23



29

30

32









КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.

Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.

Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);

2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).

Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.

Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.

Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.

Зерттеу нысаны: кәсіпорынның негізгі қорлары.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - экономикасында ерекшелігі бар елдердің мысалында Қазақстандағы кәсіпорындардың негізгі қорларын зерттеу қажеттілігі.

Мақсатты орындау үшін курстық жұмыста бірқатар міндеттер бар:



  • Негізгі қорлар түсінігіне тоқталу;

  • Кәсіпорынның негізгі қорлары түсінігі мен мәнін анықтау;

  • Негізгі қорлардың негізгі түрлерін анықтау;

  • Кәсіпорыннығ негізгі қорларының саралануы;

  • Негізгі қорлардың тозу, бағалау түрлерін қарастыру.

  • Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін зерттеу;

  • Негізгі қорлардың амортизациясы түсінігін қарастыру;

  • Амортизацияны есептеу әдістеріне талдау жасау.

Курстық жұмыс: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ


1.1. Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы және құрылымы
Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ықпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық туғызады.

Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көпжылдық екпе ағаштары және басқа да жермен тығыз байланысты және олар­ды оның міндетіне залал келтірмей жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, аулау құралы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.

Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі капиталдың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі капиталдың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнімдер (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамындағы құрастыруды қажет ететін жабдықтар да жатпайды,

Кәсіпорында негізгі капиталдың есебі №6 БЕС-ке сәйкес ұйымдастырылады.Осы стандарт негізгі капиталдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік қүқығын, шаруашылықпен оралымдық басқару жүйесін анықтайды.

Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық-техникалық негізінің едәуір маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдаланылуына, қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі байланысты болады. Халық шаруашылығын үнемі дамыту және жетілдіру жағдайында негізгі қорлар құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары пайда болуда. Оның барлығы негізгі қорларды дұрыс саралауды қажет етеді. Мұндай саралау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін, өндірісті есепке алу, негізгі қордың ұдайы өндірісін пайдалану мен жоспарлауды, амортизация аударымдарының мөлшерін санағанда керек болады.

Халық шаруашылығын үнемі дамыту және жетілдіру жағдайында негізгі қорлар құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары пайда болуда. Оның барлығы негізгі қорларды дұрыс саралауды қажет етеді. Мұндай саралау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін, өндірісті есепке алу, негізгі қордың ұдайы өндірісін пайдалану мен жоспарлауды, амортизация аударымдарының мөлшерін санағанда керек болады.

Негізгі қор топтарының арақатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы қүн ішіндегі меншікті үлесі өнеркәсіптік өндірістердің техникалық деңгейін көрсететін негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды.

Құрылымды талдау мен оны жетілдірудің шаруашылық қызметтің барлық деңгейіндегі маңызды тәжірибелік мәні тек кәсіпорын және бір сала ішінде ғана емес, цехта да, өндірістік телімде де зор, себебі өнеркәсіптік халық шаруашылығы саласы да, жекелеген өндірістер де тек өзіне тән негізгі қорлар құрылымына ие. Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипаттамаларының бірі болып табылады деп айтуға болады.

Барлық аталған негізгі өндірістік қор (НӨҚ) белсенді (активті) немесе енжарлы (пассивті) болып екіге бөлінуі мүмкін.

Белсенді бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін белгілейтін, «өнімді жасайтын» негізгі қорлар жатады. Белсенді бөлігі басым түсетін негізгі өндірістік қорлар едәуір озық құрылымды болып табылады.

Кең мағынасында негізгі қорлардың белсенді бөлігіне еңбек затына кез келген түрде әсер етуші және осы үдерісті қамтамасыз етуші еңбек құралдары жатады. Бұл топтың негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, сонымен бірге жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдары да құрайды.

Бірақ, негізгі қорлар құрылымы оның жекелеген элементтерінің арақатынасымен ғана емес,олардың өзгеру қарқынымен де анықталады. Негізгі қорлар құрылымының өзгеруінде белгілі бір заңдылықтар орын алады.

Енжарлы бөліктің өсімі кейде әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі кәсіпорынды қайта жаңғырту ісіне қомақты күрделі салым жасау есебінен жүреді. Бірақ, басқа шарттар бірдей болған жағдайда ең озық кұрал-жабдық түрлерін пайдалану, неғұрлым ұтымды түрде оларды жобалау арқылы негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлесін арттыруға ұмтылу қажет.

Ең алдымен, кәсіпорынның техникалық деңгейі негізгі қорлардың құрылымына ықпал етуі мүмкін. Өндірістік үдерістерді механикаландыру, кәсіпорынды озық техника үлгілерімен жабдықтау негізгі қордың жалпы құнындағы жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті үлесін арттыра түседі. Өндірісті автоматтандыру және электрлендіру жұмысшы құрал-жабдықтың мәнін күшейте түседі. Өндірістің толассыз әдісін ендіру цехішілік және цехаралық көлік құралдарының меншікті үлесін арттырады. Кәсіпорынның техникалық деңгейінің өсуі өндіріске әр түрлі аспаптар мен реттеу құрылғыларын жылдам енгізуге жол ашады.

Өңдеу және өндіру өндірістеріндегі негізгі қорлар құрылымы әр түрлі. Егер біріншісінде машиналар мен құрал-жабдықтар үлесі басым болса, екіншісінде құрылымдар үлесі жоғары болады.

Негізгі қорлар құрылымына өндірістің үжымдануы, шоғырлануы және мамандануы да үлкен ықпал етеді.

1.2. Кәсіпорынның негізгі қорларының саралануы


Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістің негізгі капиталына өндіріс үдерісіне тікелей қатысатын нысандар жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар және т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі капитал жатады.

Оларға тҰрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдала­нылатын негізгі капитал жатады.

Иелігіне қарай негізгі капитал меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып бөлінеді.

Меншіктік капитал дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның теңдестігінде көрініс табатын негізгі капитал. Белгіленген мерзімге сәйкес басқа субъектіден алынған негізгі капитал жалға алынған құралдар болып саналады.

Өндірістік-шаруашылық қызметтегі пайдаланылу барысына қарай негізгі қорлар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі капитал жатады. Жұмыс істемейтін негізгі капиталдың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен әзірге басқа жаққа да берілмеген басы артық жабдықтар жатады. Сақтауда түрған негізгі капиталдың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозуына немесе баска да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі капиталдың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Заттық қүрамына қарай негізгі капитал мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа) сияқты күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер телімдерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі капиталға күрделі қаржы жүмсау және т.б.) жатады.

Халық шаруашылығының әр түрлі даму сатыларында негізгі қорларды жүйелеу әр қилы болғандығын айта кеткен жөн. Саралау топтарының саны мен қүрамы өзгеріп отырады. Бірақ ұлттық экономиканың барлық даму кезеңінде негізгі қорларды саралау ісінде аталған әдістемелік тәсіл пайдаланып келді.

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында барлық қызмет салалары мен меншік түрлері үшін міндетті негізгі қорларды саралау жүйесі қолданылады. Саралаудың біртұтастығы оны халық шаруашылығы салаларында есепке алуда, салыстыруда, саланың дамуын анықтауда маңызды шарт болып табылады.

Өзінің құрамы, мақсат-міндетіне және еңбек үдерісінде атқаратын қызметіне қарай негізгі қорлар келесі топтар мен ішкі топтарға бөлінеді: үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және т. б.), ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстакадалар, үңғымалар және т.б.), өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар және т.б.); машина және құрал-жабдықтар (өндірістік негізгі қорлар құрамындағы бүл топ ең маңызды әрі көп санды болып табылады және ол келесі шағын топтарға: күш машиналары мен құрал-жабдықтар, жұмысшы машиналар мен құрал-жабдықтар; өлшеуіш және реттеу аспаптары; есептеуіш техника; басқа да машиналар және техникалар, сонымен коса автоматты машиналар мен құрал-жабдықтар болып бөлінеді); тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар және т.б.); құрал-сайман мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер және т.б. негізгі капитал); шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, кілемдер, сейфтер және т.б.), жұмыс және өнім малдары; көп- жылдық өсімдіктер мен көшеттер; жерді жақсартуға жүмсалған күрделі шығындар және басқа да негізгі қорлар.

Халық шаруашылығының салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі капитал: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымал­дау, байланыс, қүрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу үйымдары, басқару орындары, әлеуметтік сақтандыру, білім мен ғылым беру және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Екінші жағынан алғанда негізгі қорларды басқа әдістемелік амалды пайдалана отырып саралауға болады. Мұндағы басты қағида - негізгі капиталды мыңдаған түрі бар жеке капиталдар жиынтығы ретінде қарастырудан бас тартып, «жаңа тұжырымдамаға» көшу. Әрқайсысына сәйкес негізгі капиталдың «мөлшерлі қызмет ету мерзімі» бойынша саралау топтарын барынша мол қолдану болып табылады, яғни оның құнын жою мерзімінен түратын ауқымды саралау топтарын қүруға кірісу. Негізгі капитал саралауын қүрудағы мүндай тәсіл бірқатар экономикасы дамыған елдерде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 3 қазанындағы №1308 қаулысы бойынша мемлекеттік мекемелер үшін бекітілген негізгі қорлардың жылдық тозу мөлшерін пайдалана отырып, негізгі қордың пайдаланылу уақытын анықтаймыз.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі бойынша қалдық құнына сәйкес салық салу мақсатымен амортизацияланатын мүліктер сараланып, олардың шекті амортизациялық мөлшері бекітілген. Осыған байланысты негізгі капитал амортизациялау мерзімі бойынша келесі санаттарға бөлінеді:

1. Ғимарат, құрылыс - 10 жыл.

2. Машиналар мен құрал-жабдықтар, мұнай-газ өндіретін машиналар мен құрал-жабдықтарды санамағанда - 4 жыл.

3. Кеңсе машиналары мен компьютерлер - 2,5 жыл.

4. Басқа топтарда саналмаған тіркелген активтер - 6,7 жыл.

Негізгі міндеті мен атқаратын жұмысының (қызмет) сипатына қарай салалар, кәсіпорындар, бірлестіктердің негізгі қорлары келесі саралану түрлеріне сәйкес бөлінеді:

- жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай акті берілген болса, онда жер телімі мүліктік нысан болып саналады;

- үйлер - халыққа еңбек етуге, түруға, әлеуметтік-мэдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-қүрылыс нысандары. Әрбір түрғын үй мүліктік нысан болып табылады;

- ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау арқылы өндіріс үдерісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс нысан­дары (шахта үңғысы, мүнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайы бар әрбір жеке ғимарат мүліктік нысан болып табылады;

- өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр стансасы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін және қабылдау көмекші стансаларынан трансформатор жайына дейін мүліктік нысан бола алады;

- машиналар мен құрал-жабдықтар - күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы машиналар мен жабдықтар; өлшеуіш және реттеуіш аспаптар, қон- дырғылар мен зертханалық жабдықтар; әрбір маши­на, егер ол басқа мүліктік нысанның бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдар, соған тиісті заттар, аспаптар, қоршау, іргетастың барлығы мүліктік нысан болып саналады. Негізгі капиталдың бүл тобы бес ішкі топтан тұрады:

а) күш беретін машиналар мен жабдықтар;

ә) жұмысшы машиналар мен жабдықтар;

б) өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен қондырғылар және зертханалық жабдықтар;

в) есептеу техникасы;

г) басқа машиналар мен жабдықтар.

- күш беретін машиналар мен құрал-жабдықтар тобына электр және жылу энергияларын өндіруге пайдаланылатын генератор-машиналар, сондай-ақ әр түрлі энергия түрлерін (жел, жылу, су, электр энергиясын және т.с.с.) қозғалыс энергиясына, яғни механикалық энергияға түрлендіруге пайдаланылатын барлық қозғалтқыш ма­шиналар жатады. Аталған топқа өнеркәсіптің барлық саласындағы бу машиналары мен қазандықтар, локомобильдер, турбинаның барлық түрі, атомдық реакторлар, электр қозгалтқыштар мен электр генераторлар, іштен жану қозғалтқыштары, тракторлар және өз бетінше жүретін шасси, энергопоездар мен жылжымалы электр стансалары, электр аппараттары мен күш трансформаторлары, түзеткіштер және т.с.с. құрал- жабдықтар кіреді;

- жұмысшы машиналар мен жабдықтар тобына жұмысшы машиналардың, агрегаттар мен құрал-жабдықтардың өнім өндіруде немесе өндірістік сипаттағы қызмет көрсетуді орындау кезінде еңбек заттарына механикалық, химиялық және жоғары температурада әсер етуге арналған, өндіріс үдерісінде еңбек заттарын қозғалтқыштар, адам немесе малдың күшімен қозғалтуға арналған (конвейер, траулерлер, көтергіштер, крандар) барлық түрі жатады;

- өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен құрылғылар және зертханалық жабдықтар тобына барлық түрдегі диаметр, аудан, қалыңдық, салмақ, қысым, уақыт, қуат, кернеу және т.с.с. өлшеулерді жүргізуге арналған әр түрлі аспаптар мен құралдар, электрлі, пневматикалық және гидравликалық реттеу қүрылгылары, автоматты басқару, бақылау және дабыл беру пульттері, сондай-ақ зауыт және ғылыми-зерттеу зертханаларының қондырғылары мен құрал-жабдықтары кіреді;

- есептеу техникасының тобына әр түрлі ЭЕМ-дар, бас- кару, аналогтық және сандық есептеу машиналар мен құрылғылар, ақпарат жинау, белгілеу және беріліске арналған көмекші жабдықтар кіреді;

- өзге машиналар мен жабдықтар тобына машиналар, аппараттар және басқа күрал-жабдықтар (телефон стансаларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) жатқызылады;

- көлік құралдарына адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған әр түрлі құралдар жатады, яғни теміржол, теңіз, өзен, эуе жолдары және зауытішілік көліктің (вагонеткалар, тепловоздар, вагондар, платформалар, мотоциклдер, велосипедтер және т.с.с) барлық түрінің жылжымалы құрамдары кіреді. Бутан өндірістік құрал-жабдықтар қатарына енгізілген конвейер, транспортер секілді құралдар жатпайды. Көлік құралдарына, сондай-ақ, магистральды мүнай-газ қүбырлары, кұбыр өткізгіштер және оның тармақтары, яғни сұйык және газ тәрізді заттарды тасымалдау құралдары да кіреді;

- құрал-сайман, өндірістік және шаруашылық заттар тобына барлық қолмен атқаратын және механикаландырылған құралдар кіреді: кескіш, соққыш, жаншу құралдары, нығыздаушы және т.с.с., соған коса, еңбек заттарын өңдеуге, бекітуге, құруға және т.б. арналған әр түрлі құралдар жатады. Осы топқа қызмет мерзімі бір жылдан асатын саймандар мен құралдар жатқызылады;

- өндірістік мүлік және соған жататын заттар тобына өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар, еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар, сұйық, сусымалы және материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар, өндірістік қажеті бар басқа да заттар жатады;

- шаруашылық мүлікке кеңселік және шаруашылық мақсатта үсталатын заттар кіреді (шкафтар, үстелдер, ілгіштер, сейфтер, көбейткіш және көшірме құрылғылар, әр түрлі шаруашылық және өртке қарсы саймандар);

- жұмысшы және өнім беретін малға - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін малға - ірі қара мал, асыл түқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер, бүғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар жатады;

- көпжылдық өсімдіктер мен көшеттерге қолдан егілген, көпжылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көпжылдық түрлері, раушан гүл өсіретін жер телімдері, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) жатады. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылығы мақсатында пай­даланылатын жер қыртысын жақсарту шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер телімдерін жоспарлау, егін егу үшін жерді өңдеу, егіс даласын тастардан тазалау, бүталардан тазарту, су қоймаларын тазалау);

- басқа да негізгі қорлар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТОЗУЫ
2.1.Негізгі қорлардың тозу түрлері
Негізгі капитал өндіріс үдерісіне қатысуы мен пайдалану жылы үлгайған сайын, табиғат күшінің әсер етуімен пайдала­ну үдерісінде біртіндеп тозады, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі ка­питал сатып алуға тура келеді.

Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (заман талабына сай келмеуі). Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысуы нәтижесінде және негізгі капиталдың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстардың салдарынан, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) болады.

Негізгі капиталдың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ қүнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуынан, ягни негізгі капиталдың гылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмеуінен туындайды. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі капиталдың ұқсас түрінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі капитал өз күнының белгілі бір бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.

Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі капиталды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

Негізгі капиталдың сапалық тозуы мынадай факторлар арқылы анықталады: өндірістегі құрал-жабдықтарды жаңартуда жаңалықтар ендіру (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық үдерісті жетілдіру: жаңа технологияны қолданған кезде пайдаланылатын машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып қалады; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады; жұмысшы күшінің еңбекпен қамтылуындағы, жұмыскерлер біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру аумағындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен құрал-жабдықтар санының азаюын талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіруші салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Негізгі капиталдың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық серпіліске бай­ланысты еңбек өнімділіғінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын өнімді, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі капиталдың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі капиталдың бағасына Караган­да арзан болады. Мұндай жағдайда ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (иайдаланылған) машиналар мен көліктердің,

Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі құрал-саймандардың, тағы да басқа негізгі капиталдың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі капиталды сатып алу тиімді болады.

Негізгі капиталдың сапалық тозуының екінші себебі - ғылыми-техникалық өркендеумен байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары, әрі тиімді негізгі капиталдың пайда болуы. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі капиталдың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген, үнемді негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құрал- жабдықтардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрын пайдаланылып келген негізгі капиталдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады.

Сапалық тозу әсерінің нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдық нысандары жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Сапалық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдық нысанда­ры қайта құрылып, жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
2.2. Негізгі қорлардың бағалау түрлері
Негізгі қорларды жаңарту олардың табиғи көрсеткіші мен ақшалай түрдегі құрылымына, сонымен қатар саралануына сәйкес жоспарланады.

Негізгі қорларды пайдалану және оларды есепке алу үдерісін басқарудағы қажетті шарт - оларды бағалау қағидасының тұтастығымен қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімінің ұзақтығына, оның біртіндеп тозуына және ұдайы өндірістің өзгеріп тұруына байланысты негізгі қорлардың құнын бағалаудың келесі әдістері қолданылады:

- бастапқы құны бойынша;

- ағымдағы құны бойынша;

- теңдестік құны бойынша;

- сатылу (келісілген) құны бойынша;

- қалдық құны бойынша.

Негізгі қорлардың бастапқы құны дегеніміз - бұл негізгі капиталды салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бүл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жүмсалған кез келген шығындардың жиынтығы. Негізгі капиталды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар негізгі капиталдың бастапқы құнына кіргізілмейді, ол ағымдағы кезең шығыны ретінде есепке алынады.

Негізгі капиталдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

- жер телімдері бойынша меншік немесе түрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін ресімдеу бойын­ша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға (ескі үйлерді бүзу, тазалау, тегістеу және т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;

- құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша сатып алу құны, тасымал­дау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын және т.б. тексеру мақсатымен өткі- зілетін сынақтарға жүмсалатын шығындар. Машина­лар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде болған ақауды жөндеуге кеткен ағымдағы шығындарды коса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі капитал несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген пайыздар ағымдйғы шығыстар болып табылады да, нысанның бастапқы құнына қосылады;

- үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезіндегі кұрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен тетіктерінің жұмысы, жұмыскерлердің еңбекақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметтің төлемі, құрылысты салу кезінде сақтандыруға жұмсалатын төлемдер, құрылыс салу кезінде берілген не­сие бойынша пайыздар, қүрылыс салу үшін рүқсат алуға жүмсалатын төлемдер, жобалық-сметалық құжаттардың құны және т.б. құрылыс бойынша жұмсалған шығындардың барлығы да бастапқы қүнға қосылады;

- жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртүтас мүлік ретінде иеленген кезде оларды өз орнымен пайдалануды есепке алу барысында бұл нысандардың бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер тек жер ғана пайдалануға арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштар және т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қойылмайды, ал жер сатып алынған нысанға жатады. Тозығы жеткен үй- лерді бұзуға байланысты жүмсалған шығыннан нысанды бөлшектеу барысында алынған қүндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;

- мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша, нысанды түрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;

- өздерінің келісілген бағасы бойынша кұрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі капитал;

- субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі капитал бойынша, сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған нысандардың (алушының кұрал- жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын коса есептегенде) тозу сомасы коса есептелген баска да сатып алуға байланысты жүмсалған шығындар;

- тегін алынған негізгі капиталдың нысандары бойын­ша құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал- жабдықтарды жеткізіп беруге, орналастыруға кеткен шығындарды қоса есептегенде);

- айырбас операциясы нәтижесінде алынған нысандардың бастапқы құны негізгі капиталдың ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі капиталдың ағымдағы құнына сәйкес алынған (берілген) акша қаражатының сомасына тең болады. Айырбастауға пайдаланылатын нысандар қатарына әр түрлі максатқа арналған нысандар да жатады. Мысалы, бір- біріне ұқсас негізгі капитал: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған нысан сатылған нысанның құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай түскен сомасы ескеріледі;

- жас малдарды негізгі табынға аударған кездегі малды өсірудің нақты өзіндік құны;

- негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша - жеткізуге кеткен шығындарды коса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және са­тып алумен байланысты басқа да шығындар;

- жас өсімдіктер бойынша - өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейін) нақты шығындар;

- толық төленген және үзақ мерзімге жалға алынған негізгі капитал бойынша олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;

- жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша, яғни жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

Негізгі капиталдың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі капиталдың жарым-жартылай қалдығы, нысанды бұзу негізгі капиталдың жағдайына әсер ететін болса, онда пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе үзартылуы мүмкін.

Негізгі капиталдың ағымдағы құны - бұл негізгі қорлардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Негізгі капиталдың қалпына келтіру құны үдайы өндіріс жағдайында қызмет жасап жатқан үқсас негізгі капитал нысанының құнымен анықталады, яғни сәйкес негізгі капитал түрлері үшін осы күні анықталған нарықтық баға қайта бағалау жолымен табылады.

Негізгі қорларды қайта бағалау (индексациялау) оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні жасауға кететін құнына байланысты анықталады. Бұл негізгі капиталдың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен үйымдарда негізгі капиталды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды теңдестікті қалпына келтіру құнымен есептейді.

Негізгі капиталдың теңдестік құны негізгі капиталдың бастапқы немесе ағымдағы құнынан жинақталған амортиза­ция мөлшерін алып тастағандағы қалған құн.

Кәсіпорын теңдестігінде қайта бағалау жүргізілгенге дейін негізгі қорлар бастапқы құны бойынша, ал қайта бағалаудан соң қалпына келтіру құны бойынша есепке алынады. Сол себепті бастапқы (қалпына келтіру) құнды теңдестік құны деп атайды. Бұл әдіс әр жылдары жасалған негізгі капиталдың бірдей элементтерін бағалауда біртүтас үлгі ретінде қолданылатындықтан, оның «аралас қүнға» қатысты бастапқы құны бағалау әдісінің кемшілігін жояды.

Сонымен қатар, негізгі қорларды толық қайта бағалауды реформалауды үлттық экономика шеңберінде қолданылған әдістеме бойынша жүргізу белгілі бір қиындықты туғызды.

Себебі ол үшін негізгі капиталдың барлық элементтерін кешенді түрде қайта бағалап шығу мен олардың сапалық мінездемелерін ескеріп отыру қажет, ал бұл едәуір уақыт пен қаржы шығындарын талап етеді. 1998 жылға дейін бағаның ұдайы өзгеруіне байланысты ҚР Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 24 қазандағы No1178 қаулысына сәйкес жыл сайын негізгі капиталды қайта бағалау немесе индекстеу жүргізіліп келді. Негізгі капиталды индекстеуге арналған бастапқы мәлімет ретінде 1 қазандағы қаттамалау нәтижесі бойынша анықталған теңдестік құны мен кәсіпорынның көтерме бағасының орташа салалық индексіне сәйкес есептелген негізгі капитал (қорлар) құнының үлғаю коэффициенті алынған. Бұл коэффициентті ¥лттық статистикалық коми­тет департамент! бекіткен.

Қазіргі таңда қорларды қайта бағалау жүргізілмейді.

Негізгі капиталдың келісілген құны - бүл кез келген екі жақтың, яғни негізгі капиталды сатушы мен алушының арасындағы келісілген қүн болып табылады.

Негізгі капиталдың қалдық құны - негізгі капиталдың пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін оны бүзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, ме­талл сынығы, отын және т.б. пайдалануға болатындарының) құнынан нысанды есептеп шығаруға байланысты жүмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі капиталдың амортизациялық құны - негізгі капиталдың бастаиқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылық, ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде бөлінеді. Бұл кезде:

- пайдалы кезең қызметі - бұл мерзім ішінде негізгі капиталы пайдаланудан экономикалық олжа алуды топшылайды;

- нормативтік қызмет кезеңі - бұл мерзім ішінде белгіленген мөлшерге сәйкес кэсіпорын негізгі капиталдың тозуын есептейді.


2.3. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі
Негізгі капиталдың ұдайы өндірісін дамытып, инвестициялық және инновациялық әлеуетін өсіре түсу үшін кәсіпорын қажетті қаржы ресурстарының көлемін өзінің қолында шоғырландыра алуы керек.

Жалпы түрде алғанда, кәсіпорынның инвестициялық және ииновациялық әлеуеті бірқатар қағидалық шарттармен анықталады:

- салық салу жүйесінің тиімділігімен;

- амортизациялық аударымдар шамасымен;

- несие ресурстарына қол жетерлік мүмкіншілігімен;

- қүнды қағаздар нарығының даму деңгейімен.

Пайдамен бірге амортизация негізгі капиталды үдайы дамыту өндірісінің маңызды көзі болып табылады. Осыған байланысты амортизацияның экономикалық болмысын қарастырған орынды.

Жоғарыда айтылып өткендей, негізгі қорлар көптеген өндірістік циклдің ұзақ уақыт кезеңі бойынша әрекет етеді. Пайдалану үдерісінде негізгі қорлар тозады, бұл дегеніміз экономикалық тілмен айтқанда, құнын жоғалтады (дегенмен, эдетте өзінің табиғи қалпын сақтап қалады). Тозу дегеніміз - бүл заттық және сапалық сипаттамаларды жоғалту үдерісі.

Заттық тозу негізгі капиталды пайдаланудың және сыртқы факторлардың әсер етуінің нәтижесі болып табылады.

Сапалық тозу кезінде активтер қазіргі заманғы ғылым мен техника талаптарына сәйкес келмейді.



Заттық тозу U келесі формула арқылы есептеледі:

мұнда: және - сэйкесінше негізгі қорлардың нақты және қалдық қызмет мерзімі.



Сапалық тозу:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет