Сабақтың жоспары: Анықтамасы мен жіктелуі Негізгі жүккөтергіш машиналар мен құрылғыларды қолдану саласы



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі1,44 Mb.
#117911
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сабақ 4


Тақырып: Жүк көтеру машиналары жəне олардың элементтері
Сабақтың жоспары:

  1. Анықтамасы мен жіктелуі

  2. Негізгі жүккөтергіш машиналар мен құрылғыларды қолдану саласы



1. Анықтамасы мен жіктелуі

Жүк көтеру машиналары көтеру-тасымалдау машиналарының негізгі түрінің бірі болып саналады. Олар жүк қармайтын (жүк та-ситын) құрылғының қайтармалы-үдемелі қозғалысы бар циклдік əрекетті машиналар қатарына жатады. Жұмысының əр циклі жүкті қабылдаудан, жүкті тік көтеруден, оның орнын ауыстырудан, жүкті босату жəне келесі жүкті қармау аралығындағы бос қозғалыстан, келесі жүкті тағы да көтеру жəне тасымалдауға арналған жұмыстарымен сипатталады. Жүкті көтеру жəне түсіруден басқа, бұл жүккөтергіш машиналар горизонталь жазықтықтан басқа да жұмыстарды: жүк ілініп тұрған кранды немесе оның жебесін бұру; жебесінің ұзаруын өзгерту; кранның жебесінде орналасқан арбаны немесе кранды толығымен қайта қозғалту арқылы жүкті біраз жер-ге тасымалдау жұмыстарын орындайды. Бірақ жүкті немесе жола-ушыларды таситын кабина немесе тақтасы бар көтергіштер (лифт) сияқты жүккөтергіш машиналар тұрақты бағыттауыштар бойымен қозғалады. Өйткені олар жүкті немесе адамдарды (жолаушыларды) тік көтеру немесе түсіру үшін қызмет атқарады.
Жүккөтергіш машиналар келесі негізгі қасиеттерімен: көтеру қозғалысымен; жұмысының кезеңділігі немесе циклдігімен; əртүрлі (ірі, дара немесе сирек, сусымалы, ыдысқа салынған) жүктерді та-сымалдау мүмкіндігімен; тұрақты кең жол бойында əртүрлі жеке басқарылатын қозғалыстарға жүктің бағытын өзгерту мүмкіндігімен; жүктерді тиеуге жəне түсіруге арналған тұрақты орындарының болмайтынымен сипатталады. Демек, жүккөтергіш машиналарды құрылыс алаңдарынан немесе өндірістік кəсіпорынның нақты бір шектелген ауданынан аздаған қашықтыққа жүктерді көтеру жəне тасуға арналған кезеңдік (циклдік) қозғалысты машиналар деп атауға болады.
Жүккөтергіш машиналар өзінің қолданылуы (дамуы), жұмыс жасау принциптері жəне құрылымдық орындалуы бойынша əртүрлі болады. Оларды қолданылуы бойынша екі топқа: жалпы жəне ар-найы – деп бөледі. Жалпы қолданылатын жүккөтергіш машиналар
негізінен əмбебапты болып саналады. Оларды көтеру-тасымалдау жұмыстарының көптеген түрлерін орындауға арналған өндірістік жағдайларда пайдаланады. Белгілі бір жүктерді көтеру жəне тасымалдауға немесе арнаулы технологиялық үрдістерде көтеру-тасымалдау жұмыстарын орындау үшін арнайы жүккөтергіш маши-наларды қолданады.
Бірінші топтағы машиналар құрылғысының салыстырмалы қарапайымдылығымен, жүкті қармаудың жеңіл жəне оңай орын-далуымен ерекшеленеді. Оларға: домкраттар, лебедкалар, поли-спасттар, тальдер (жүк көтергіштер), консольдік крандар, топсалы-теңестірілген манипуляторлар жəне т.б. жатады.
Арнайы қолданылатын жүккөтергіш машиналарға тəн қасиеттер: құрылымдық күрделілігі; арнайы жүк қармау немесе жүккөтергіш құрылғыларды пайдалануы; орындайтын технологиялық үрдістердің біртиптілігі (бірқалыптылығы); жұмысының күрделілігі, т.б. жата-ды. Машиналардың бұл түріне – металлургиялық крандар, аспалы монтажды крандар, жүк тасымалдайтын манипуляторлар жəне т. б. жатады.
Жүкті қозғалту бағытының санына байланысты барлық жүккөтергіш машиналарды үш түрге бөлуге болады, оларға: жүкті тек бір бағытта көтеретіндер (домкраттар, лебедкалар, полиспаст-тар, көтергіштер); екі-үш бағыттағы қозғалысты қамтамасыз ететіндер (көпірлі крандар, қозғалмалы жүккөтергіштер (тальдер) жəне т.б.); жоғарыда көрсетілгеннен басқа жүкті тағы бір бағыттағы қозғалыспен қамтамасыз ететін айналмалы-бұрылмалы немесе жүкті кеңістікте қозғалтатын, т.б. құрылғылар (мұнаралық, порталдық крандар жəне т.б.) жатады.
Жұмыс жасау қағидасы жəне құрылғыға тəн ең негізгі ерекшеліктері бойынша осы жүккөтергіш машиналарды үш топқа бөледі, олар: 1) қарапайым жүккөтергіш құрылғылары; 2) көтергіш механизмдері; 3) крандар (2.1-сурет). Қарапайым жүккөтергіш құрылғыларға домкраттар, полиспасттар жəне лебедкалар жа-тады. Көтергіш механизмдерге жүк көтергіштер (тальдер) жəне көтергіштер (құрылыс-жөндеу құрылғылары жəне ауыр затты көтергіштер, т.б.) жатады. Крандарға жүкті көтеруді, оны аздаған қашықтыққа тасымалдауды жəне жүкті қармау арқылы оны түсіруді қамтамасыз ететін жүккөтергіш машиналары жатады.
Крандардың қозғалу тəсіліне байланысты жүккөтергіш машина-ларды стационарлық, орын ауыстырылатын, тасымалданатын жəне өздігінен жүретін топтарға бөлуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет