Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері


Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген



бет103/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы:
1. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
2. Редактор терезесінің тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу арқылы;
3. Тікелей Alt + F4 пернелерін басу арқылы т.б.

1.1-сурет. Word программасының терезесі.


Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.
Т ақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.

1.2-сурет. Терезе өлшемдерін реттеуші батырмалар.


Меню қатары Word-ң негізгі командаларынан тұрады. Тышқанды шертсек, осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.

1.3-сурет. Меню қатары.


Саймандар тақтасында жиі қолданылатын меню командалары батырма түрінде бейнеленеді. Саймандар тақтасы “стандартты”, “форматтау” деген бөліктерден тұрады.

1.4-сурет. Саймандар тақтасы.
Саймандар тақтасынан кейін сызғыш орналасқан. Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр – Сызғыш командасының көмегімен шығарып алуға болады.
Жұмыс аймағанда құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу, форматтау, графиктік объектілерді енгізу және кестелерді жасау осы жұмыс аймағында жүргізіледі.
Қалып-күй қатары - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет