Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері



бет106/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Құжат мәтінін редакциялау

Құжатты көру режімдері


Құжатты көрудің бірнеше режімдері бар. Кәдімгі режімде құжаттың тек мазмұндық бөлігі қарастырылады. Құрылымдық (структура) режімінде тек құжаттың тақырыптары көрсетіледі. Бетбелгі (разметка страницы) режімінде құжаттың экранда көрсетілуі толығымен баспа түріне сәйкес болады. Бұл режім баспаға шығаруға арналған құжаттар үшін өте қолайлы. Негізгі құжатты көру режімі көлемі үлкен құжаттарды даярлау жұмысын жылдамдатады. Бүкіл экранда көру режімі тек құжаттың өзін ғана қарауға мүмкіндік береді. Осы аталған режімдердің барлығында да құжаттағы мәтінді енгізуге, редакциялауға, форматтауға болады. Алдын ала көру режімі бір мезгілде бірнеше бетті қарауға мүмкіндік береді, бірақ құжатты редакциялауға болмайды.
Осы жоғарыда айтылған режімдердің біреуін таңдау үшін меню жолындағы Түр (Вид) командасына кіру керек немесе көлденең айналдыру жолағының сол жағында орналасқан көру режимдерін басқару батырмасына басу қажет. Мәтіннің көрсетілу масштабын Түр (Вид)  Масштаб командасының көмегімен өзгертуге болады.
Мәтін бөлігін редакциялау
Мәтіннің бөлігін жылжытқанда, қиып алғанда, көшірмесін жасағанда бөлік арнайы жады ауданы алмасу буферіне түседі. Мәтін бөлігін ерекшелеу тышқанның сол жақ батырмасы және пернелер тақтасындағы пернесін басу арқылы да орындалады.
Жылжыту (Көшірме жасау) Түзету (Правка)  Қиып алу, көшіру қайда жылжыту (көшірме жасау) қажет орынға курсорды қойып, Түзету  Енгізу командасын орындау қажет. (Тышқанның оң жақ батырмасын басулы күйінде орындауға да болады).
Құжаттың белгілі бір бөлігіне көшу
Құжаттың белгілі бір бетіне көшу. Түзету (Правка)  Перейти (Көшу) командалары арқылы жүзеге асады.
Автомәтін – бұл мәтіннің бөлігін автоматты түрде енгізуге арналған режім. Ол екі қызмет атқарады: автоаяқтау, автомәтін. Мәтіндік процессорда автомәтіннің сөздігі болады. Мұнда құжатты даярлауда жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері сақталады. Сөздікке жаңа сөз енгізу – бұл да автомәтіннің функциясы. Ол үшін экрандағы мәтінді ерекшелеп алып, Енгізу – Автомәтін – ҚұруОК командасын орындаңыз. Автомәтін элементі автомәтін атымен енгізіледі. Автомәтінді енгізу үшін автомәтін атын теріп пернесін басамыз.

2.1-сурет. Автомәтін сұхбат терезесі.


Саймандар тақтасы - басқару элементтері.
Жиі қолданылатын меню командалары саймандар тақтасында батырма түрінде бейнеленеді. Жиі қолданылатын командаларға жылдам енуге мүмкіндік береді. Word іске қосылғаннан кейін стандартты басқару тақтасы шығады. Командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Саймандар тақтасын алып тастау және орнату Түр – Саймандар тақтасы командасы және таңдап алынған саймандар тақтасының атына тышқанды шерту арқылы орындалады. Жаңадан саймандар тақтасын жасау Түр (Вид) – Саймандар тақтасы (Панели инструментов) – Баптау (Настройка) –Жасау (Создать) командасымен орындалады. Саймандар тақтасына батырманы енгізу үшін Командалар сұхбат терезесіне көшіп, қажет батырманы саймандар тақтасына тышқан курсорының көмегімен жылжыту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет