Құжатқа суретті қою Word-тың көмегімен құжатқа графикалық программаларда жасалған суреттерді енгізе отырып, иллюстрация жасауға болады. Суретті құжат мәтініне, жазбаға немесе кестеге енгізуге болады. Құжатқа суретті енгізу келесі амалдардың бірі арқылы орындалады:
Енгізу Сурет (Вставка Рисунок) командасы.
Сурет жасау программасын іске қосыңыз және оны Windows – дың алмастыру буферіне көшіріңіз. Сонан кейін суретті алмастыру буферінен құжатқа қойыңыз.
Сурет енгізілген құжат өте көп орын алады. Құжатта сурет көшірмесін сақтамай-ақ құжат пен сурет орналасқан файл арасында байланыс жасау арқылы файлдың көлемін кішірейтуге болады. Бұл жағдайда Word құжатын әрбір ашқан сайын суретті көрсету үшін сурет орналасқан файлға кіру қажет. Байланыс Енгізу Сурет (Вставка Рисунок командасы арқылы орындалады. Суретті енгізудиалогтық терезесінде файлмен байланыс (связь с файлом) жалаушасын орнату және құжатта сақтау (хранить в документе) жалаушасын алып тастау қажет.