Әдістемелік нұсқау
Бірінші мәнді енгізіп, қалған мәндерді енгізу үшін автотолтыру маркерін қолданыңыз (екпінді ұяның немесе белгіленген блоктың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан кішкене квадрат).
Сандық мәндерді енгізу және толтыру
Тапсырма 5 Жұмыс кітабының 5-ші парағында:
С1 ұясына 125,6 санын енгізіңіз. Осы ұяның мәнін C2, C3, С4, С5 ұяларына көшіріңіз және С1 ұясын сандық, С2 ұясын экспоненциалды, С3 ұясын мәтіндік, С4 ұясын мерзімдік, С5 ұясын бөлшек форматта (пішімде) бейнелеңіз;
Оң сандар жасыл түспен шығатындай, ал теріс сандар қызыл түспен, нөлдік сандар – көк, мәтіндік ақпараттар сары түспен шығатындай етіп С6 ұясына формат енгізіңіз.
A1:A10 ұяшықтарының диапазонын бөлшек сандармен толтырып, проценттік форматтқа қойыңыз.
A1:A10 ұяшықтар диапазонын D1:D10 ұяшықтар диапазонына көшіріп, мәндерін екі есеге үлкейтіп жазыңыз. Жаңа диапазон үшін бөлшек формат орнатыңыз;
Калькулятордың көмегімен орта мәнді, сандардың санын, мәндер саны және А1:А10 диапазонының ең кіші мәнін тауып, табылған мәндерді 15-ші қатарға жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |