2 тапсырма.
1. Жұмыс үстелінің бос жерінде жанама менюді шақырып Құру→ Бума (Создать → Папку) командасын орындаңыз.
2. Құрылған жаңа бумаға Топ деген ат беріңіз, яғни пернетақтадан енгізіп, батырмасын басыңыз.
3. Құрылған буманы ашыңыз.
4. Ағымдық бумада тағы екі бума құрыңыз, оларға Жұмыс үстелі және Қосымша деген ат беріңіз.
5. Жұмыс үстелі бумасында Microsoft Word программасының құжатын құрып, оған Жауап деген ат беріңіз. Ол үшін бума терезінің бос жерінде жанама менюді шақырып, Құру→Microsoft Word құжатын (Создать→Документ Microsoft Word) командасын орындаңыз. Пернетақтадан құжаттың (файлдың) атын теріп, мысалы Жауап, батырмасына басыңыз.
6. Жауап құжатын ашып, өз жұмыс істеп отырған компьютердің Жұмыс үстелінің элементтерінің аттарын жазып шығыңыз.
7. Құжатты сақтаңыз, ол үшін Файл →Сақтау (Файл→Сохранить) командасын орындаңыз.
8. Қосымша бумасында Сурет деген нүктелік сурет файлын құрыңыз. Ол үшін жанама менюден Құру→Нүктелік сурет (Создать → Точечный рисунок) командасын орындаңыз.
9. Пернетақтадан файлдың атын теріп (Сурет), батырмасын басыңыз.
10. Сурет файлын ашып, оның бостығына көңіл аударыңыз, шаршының суретін салыңыз, оның ішіне үшбұрыш, шаршының сыртын шеңбермен қоршаңыз.
11. Файлдағы өзгерісті Файл → Сақтау (Файл → Сохранить) командасы арқылы сақтап қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |