Құрамы мен қасиеттері. Қан топтары және қан құю тәртібі


Қан топтары және қан құю тәртібі



бет3/5
Дата07.11.2022
өлшемі29,23 Kb.
#156786
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Анатомия 2а. б. ж

3.Қан топтары және қан құю тәртібі. Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға қүйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан қүйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.
Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында Бұл армен кездескенде қанды ұйытып тастайтын ά және β агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен немесе агглютиноген В агглютинин бетамен кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады.
Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:

  1. . Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері ά, β де бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;

  2. . Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин β бар адамдар 39%, олар II-топқа жатады;

  3. . Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинии ά бар кісілер 15%, олар Ш-топқа жатады;

  4. . Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар IV-топқа жатады.

Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп, донор мен реципиенттің қандарын тексереді. АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның қорғаныс жүйелері бар екені анықталды. Оның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды оң-резусты (RҺ+), жоқ адамдарды теріс-резусты (Rh-) деп атайды. Қанның ұйюы дегеніміз ағзаны қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады. Мұны гемостаз,яғни қан тоқтау дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет