Иммунитеттің жас ерекшеліктері. Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрықтың қанында антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының қорғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының қанындағы антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру қабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашқы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінің құрамында болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан 40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммундық қабілет те төмен болады.