Құрамы мен құрылысы. Изотоптар Мектеп



Дата06.02.2022
өлшемі42,55 Kb.
#81515
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ Атом құрамы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2 А. Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

Мектеп: 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

СЫНЫП: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

7.2 А Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.6 - алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 - изотоп түсінігін білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар
20 элементтің атом құрылысы мен атом ядросының құрамын біледі
Изотоп ұғымын түсінеді


Оқушылардың басым бөлігі:

20 элементтің атом құрылысы мен атом ядросының құрамынбіледі
Изотоп ұғымын түсінеді
Протон, нейтрон, электронды ажыратып, атомдық массаларының әртүрлілігіне сәйкес изотоптарын табуға есеп шығара алады.

Кейбір оқушылар:

20 элементтің атом құрылысы мен атом ядросының құрамынбіледі
Изотоп ұғымын түсінеді
Протон, нейтрон, электронды ажыратып, атомдық массаларының әртүрлілігіне сәйкес изотоптарын табуға есеп шығара алады.
Элементар бөлшектердің атауларын пайдаланып изотопқа анықтама бере алады және изотоп түрлеріне байланысты қолданылуын айта алады.

Ойлау дағдысы:

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

1. Изотоптардың анықтамасын тұжырымдайды.
2. Элементтердің изотоп құрамына мысал келтіреді.
3. Элементті белгілейді және құрамындағы элементар бөлшектер саны бойынша толық сипаттама береді, изотоптарын табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Атомның құрамы мен құрылысын түсіндіреді. Изотоп туралы ұғымның мағынасын ашып айтады. Элементар бөлшектердің атауларын пайдаланып изотопқа анықтама бере алады және қолданылуы жөнінде баяндайды.


Негізгі сөздер мен тіркестер: массалық сан, массалық атомдық бірлік, сутек изотоптары (протий, дейтерий, тритий),нуклид, изотоп

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Протондар саны .... тең.

Нейтрондар саны ..... анықталады

Электрондар саны ........... тең.


Атомдағы протондар мен нейтрондар саны қосындысы ..... деп аталады

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.
Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын негізге ала отырып, оқушылармен жұмыс жасау кезінде еңбек және шығармашылыққа, ынтымақтастық пен өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Физика,математика

Алдыңғы оқу

 Физика пәні. Зат және денелер.
Жай және күрделі заттар
Атомдар мен молекулалар. (7 сынып)

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар




Сабақтың басы

5-7 мин

• Амандасу, түгендеу
• Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
• Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындау
• Сабақ мақсатын хабарлау
• Шаттық шеңберге тұрғызу
Ширату тапсырмалары: сыныппен жұмыс
«Шеңбердегі доп» әдісі бойынша қолына доп тиген оқушы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды, сұрақтар қайталанбайды.
1. Зат және дене дегеніміз не?
2. Заттар неден тұрады?
3. Молекулалар неден түзіледі?
4. Жай заттар мен күрделі заттардың қандай айырмашылықтары бар?
5. Химиялық элемент дегеніміз не?
6. Химиялық элемент пен жай зат ұғымдарының айырмашылығы қандай?
7. Заттар қандай топтарға бөлінеді?
8. Химиялық элементтер қандай екі топқа жіктеледі?
9. Атом қандай бөлшектерден тұрады?
10. Ядро құрамы қандай?
Сабақ тақырыбы:7.2 А Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
Сабақтың мақсаты: 7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу
Атом құрамы бойынша 4 топқа бөлу.
І топ : «Атом»
ІІ топ: «Электрон»
ІІІ топ: «Протон»
IV топ: «Нейтрон»

Доп
Атом,электрон, протон, нейтрон таңбасы жазылған түрлі-түсті қағаздар.




Сабақтың ортасы

25-30мин

«Нөмірленіп ауысу» әдісі бойынша оқушылар нөмірленіп, келесі топ оқушыларымен ауыстырылады. Мәтін талқылаудан кейін оқушылар өз орындарына келіп, жиған-тергендерін топ мүшелерімен қайта бөліседі.
І топ: Табиғатта массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түрлері болатынын зерттеулер нәтижелері көрсетті. Мысалы, массасы 12, 13 және 14-ке тең көміртек атомдары, сондай-ақ массасы 16, 17 және 18-ге тең оттек атомдары кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протон сандары бірдей, бірақ нейтрон сандары әртүрлі.
Ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі бір
элемент атомдарының түрөзгерісі изотоптар деп аталады.
Бір химиялық элементтің изотобы период тық жүйеде бір орынға
орналасады (грек. isos — бірдей, topos — орын). Барлық дерлік
химиялық элементтердің изотоптары белгілі
ІІ топ: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтің атомдық массасы оның изотоп тарының атомдық массаларының орташа мәніне тең, осыған байланысты олардың мәні бөлшек санға тең болады. Мысалы, табиғатта кездесетін хлор атом дарының 75%-ы 35Cl изотоптан және 25%-ы 37Cl изотоптан тұрады. Хлордың табиғаттағы изотоптарының шамасы ескеріліп, оның салыстырмалы атомдық массасы
Àr(Cl) = 35 · 0,75 + 37 · 0,25 = 35,453.
Сутектің массалары 1, 2, 3-ке тең протий 1/1H, дейтерий 1/2H (Д), тритий 1/3H (Ò) деп аталатын үш изотобы белгілі. (Сутектің әр изотобындағы нейтрон санын анықтаңдар.)
ІІІ топ: Оқулықтағы 7 кестені пайдаланып, хлор изотоптары жөнінде баяндау.
IV топ: Химиялық элементтер изотоптарының құрамын біле отырып,калий, теллур және кейбір басқа элементтердің периодтық кестедеатом дық массаларының өсу ретімен орналас пағанын түсіндіруге болады. Табиғи теллурдың 8 изотобы бар. Олардың ішінде массалары 126, 128, 130 болатындары жиірек кездеседі, сондықтан оның орташа салыстырмалы атомдық массасы (127,6). Йодтың салыстырмалы атомдық массасынан (127) үлкен, бірақ теллурдың ядро заряды +52, ал йодтікі +53. Сондықтан теллур периодтық жүйеде йодтан бұрын орналасқан.
Бағалау:Топ мүшелерінің жұмыстары «Мадақтау сэндвичі» арқылы ауызша бағаланады.
Кері байланыс: топ болып орындап, басқа топтармен ой бөлісіп, қорытындылайды.
Қалыптастырушы бағалау жинағынан тапсырмалар: сыныппен жұмыс
Сәйкестендіру тапсырмалары:

1-тапсырма
Түсініктер мен анықтамалары арасындағысәйкестікті анықтаңыз


Түсінік
а) Химиялық элемент
б) атом
в) молекула
г) жай зат
д) күрделі зат

Түсінік анықтамасы
1) химиялық қасиетін
анықтайтын заттың кіші бөлшегі
2) химиялық бөлінбейтін ең кіші бөлшек
3) әр түрлі элемент атомынан
тұратын зат
4) бір түрлі элемент атомынан
тұратын зат
5) анықталған атом түрі


Дескриптор

Білім алушы


- түсініктер мен анықтамаларды тендіреді.
Бағалау: егер оқушылар сұрақтың 5-уіне де толық жауап берсе, онда тақырыпты толық меңгергені, ал 3-4 сұраққа дұрыс жауап берсе тақырыпты жартылай қамтылған, тек 1-2 сұраққа жауап берсе, тақырыпты әлі толықтыру керек .
Кері байланыс: «Көршіңмен бөліс»әдісі бойынша бірін-бірі дәптерлерін алмастырады.


2-тапсырма (сыныппен жұмыс)
Алғашқы 20 элементтің атомдарындағы
электрон, протон, нейтрон сандарын,
салыстырмалы атомдық массасын, аталуын анықтаңыз:


Элемент таңбасы 

Аталуы

Реттік
нөмірі

Протон саны

Электрон
саны

Атомдық массасы

Нейтрон саны

Салыстырмалы атомдық массасы

































Дескриптор Білім алушы
- элементтердің атауын, құрылымын
және атомдық массасын анықтайды.
Бағалау: Оқушылардың дәптерлері жиналып алынып,
кері байланыс жазылады.
3-тапсырма Элементар бөлшектердің атауларын пайдаланып изотопқа анықтама беру. Изотоп түрлеріне байланысты қолданылуын баяндау
Дескриптор Білім алушы
-элементтің атомдық массалары әртүрлі болған жағдайда атом құрамын анықтайды
-атауларын пайдаланып, изотопқа анықтама бере алады.
-изотоп түрлерінің қолданылуы жөнінде түсіндіреді
Бағалау: «Қол шапалақтау» әдісі
Кері байланыс: Тапсырма толығымен орындалса «өте жақсы», тапсырма жартылай орындалса «толықтыру керек», кейбір бөлімдері қамтылмаған болса «әлі де жетістіру керек» делінген мұғалімнің ауызша бағалауы ұсынылады.

Оқулықпен жұмыс
(49,50 бет)
Слайд арқылы сәйкестендіру жауабы тексеріледі
(1в, 2б, 3д, 4 г, 5а)
Интернет желісі
А4 форматы
Маркер



Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы бойынша бүгінгі сабақта маған берілген тапсырмалардың ішінде:
Маған қызықты болғаны.....
қиын болғаны............
мені таң қалдырғаны......деп өз ойларын ауызша жеткізеді.
Кері байланыс: Сабақтың барысындағы тапсырмалар түсінікті болғандар ядроға, жартылай түсініктілер протондарға, әлі де жетістіру керектер электронға стикерлерін жапсырады.

Стикерлер
электрон(е)



Қосымша ақпараттар





Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарына сәйкес қалыптастырушы бағалау жинағынан барлық оқушыларға түсінік және түсінік анықтамасын сәйкестендіруге және алғашқы 20 химиялық элементтің атом құрылысы мен атом ядросының құрамын жазу тапсырылды.
Оқушылардың басым бөлігіне элементтердің құрамындағы элементар бөлшектердің саны бойынша элементке толық сипаттама беріп, кестені пайдалана отырып, атом құрылысы мен элементтердің изотопын табуға тапсырмалар берілсе, кейбір оқушыларға элементар бөлшектердің атауларын пайдаланып, изотопқа анықтама беру және қолданылуы жөнінде баяндау тапсырмалары тапсырылды.

Менің сабағым критериалды бағалауға негізделген.Әрбір тапсырма дескриптер негізінде құрылды Тапсырмалар қалыптастырушы бағалау жинағынан алынды .Алдыңғы оқу бөлімі бойынша физика пәнінен өткен «Зат және дене», «Жай және күрделі заттар», «Атомдар мен молекулалар» тақырыптары қамтылды. Осы тақырыптарды жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында сабақтың басында «Шеңбердегі доп» әдісі бойынша ширату жаттығулары жүргізілді.
Сабақ ортасында жаңа тақырыптағы мәтінді талдау «Нөмірленіп ауысу» әдісі бойынша жүзеге асырылды.Бұл әдіс топтық жұмыспен орындалды. Топ мүшелері басқа топ мүшелерімен ой бөлісіп, жұмысты қорытындылады.
Топтық жұмыстан соң қалыптастырушы бағалау жинағынан алынған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар өз білімдерін толықтырды.
Оқушылардың жұмыстары нені үйренгендігін және әліде не нәрселерді қарау керектігін әр тапсырмаға берілген арнайы дескриптор арқылы тексерілді.
Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындау арқылы элементтің атомдық массаларының әртүрлігіне байланысты изотоп табуға есептер шығара алды.
Сабақ соңында бүгінгі сабақта берілген тапсырмалар бойынша қызықты, қиын және таңқалдырғаны жөнінде «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы бойынша рефлексия жасалды. 
Оқушылар білімдері стикерлер арқылы бағаланып, осы жерде бір мезгілде кері байланыс алынады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет