Құрамы мен тұлғалары II сөз тілдік қатынастың басты тұлғасы


II. Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғалары



бет2/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,77 Mb.
#38590
түріДиплом
1   2   3   4

II. Тілдік қатынастың құрамы мен тұлғалары.

Тілдік қатынастың басты белгілері мен түрлерін ажыратып алған соң, оның құрамдық бөліктерін саралаған жөн.

Біздің ойымызша, тілдік қатынастың негізгі құрамы төмендегідей болып жіктеледі:


  1. Тілдік қатынасты іс жүзіне асыруышылар.

  2. Тілдік байланысқа қатысушылардың қызметі.

  3. Сөйлеу мүшелерінің бірлігі.

  4. Қатысымдық тұлғалардың жиынтығы.

Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылардың қатарына Баяншы /Б/, Тұлғалар /Т/ және Қабылдаушылар /Қ/ жатады. Олардың әрқайсысы туралы қысқаша мәлімет жоғарыда берілді.

Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі - қатысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік.

Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдік қарым-қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра келіп, хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет атқарады.

Байланыстырушылық қызмет тілдік қатынаста жүзеге асырушылардың бір-бірімен тығыз байланысынан көрінеді. Мұнда негізгі қызмет атқаратын - хабарды жеткізетін тұлғалар. Ол баяншы мен қабылдаушыны өзара байланыстырады және тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.

Экспрессивтік қызмет тілдік қарым-қатынасқа түсушілердің берілген хабарды түсініп қана қоймай, оның айырықша мәнін, күшейту реңкін толық білуінің нәтижесінде орындалады. Баяншы хабарды жай айтып қана қоймайды, ондағы қандай ойға ерекше көңіл бөлу керектігін де, өзінің көңіл-күй, сезімдерін, көзқарастарын да жеткізуге тырысады. Ал қабылдаушы осыны дәл танып, жете түсінуі қажет болады.

Сөйлеу мүшелерінің бірлігі олардың әрқайсысының өзіне тән қимыл-қозғалысынан және сол қимыл-әрекеттің тілдік тұлғаларды айтуға қатысты бүтіндігінен байқалады. Әр дыбыстау мүшесі әр бөлек қимылдаса, онда дыбыс та анық айтылмайды, сөз де түсінікті болмайды, айтылар ой да жеткізілмейді. Сондықтан тілдік қатынас үшін, сөйлеу мүшелерінің бірлескен, дұрыс қимыл-қозғалысы аса маңызды орын алады.

Сөйлеу мүшелерінің қимыл-әрекетімен тілдік қатынасқа қажет тұлғалардың мән-мағынасы пайда болады. Жалпы тілдік қатынастың негізгі құрамын көрсететін ең басты көрсеткіш, ол - тілдік қарым-қатынасты тікелей жүзеге асыратын қатысымдық тұлғалар.

Тіл білімнің қай саласында болсын тілдік тұлғалар труалы мәселе мен осығна қатысты терминдер бүрыннан сөз болып келеді. Бірақ бұл мәселелер әлі толық өз шешімін тапқан жоқ.

Терминдердің қолданылу ерекшелігіне мән берсек, олар тек тілдік единицалар ғана емес, қатынастық единицалар деп те атала бастады.

Байыптап қарасақ, мұнда негізгі мәселе олардың тілдік тұлға /лексикалық, грамматикалық, синтаксистік/ немесе қатысымдық тұлғалардың аталуы жөнінде емес, тілдік тұлғаға не жатады, оның қатысымдық тұлғалардан айырмашылығы бар ма, әлде тілдік тұлға мен қатысым тұлғалары бірдей ме деген сұрақтардың басын ашып алуға келіп тіреледі.

Тілдік және қатысым тұлғалары туралы мәселені қарастырғанда, біз «единициа» терминнің баламсы етіп көбінесе «тұлға» сөзін пайдаланамыз.

Лингвистикада тілдік тұлға қатысым тұлғасы деп айтылғанда, тілдік немесе қатысымдық құбылыстың ішкі құрамы /құрылысы/ деген мағынаны қамтуы қажет. Тілдік немесе қатысымды тұлға кіші бөлшек те /сөз/ бола беруі мүмкін.

Лингвистикада тілдік «единициа» деген көп айтылып жүрген термин. Қазақ тіл білімінде болсын, орыс тіл білімінде болсын ол жалпылама алғанда қарым-қатынас құралының, яғни тілдің құрамы, ішкі бөліктері дегенді білдіре келіп, осы тұрғыдан морфема, сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем - бәрі тілдік тұлға немесе жалпы тұлға деп айтылып жүр. Кейде дыбыс пен фонеманы фонетикалық тұлға, сөзді - лексикалық тұлға, сөйлемді — синтаксистік тұлға деп нақтылы түрде атап айту да жиі кезедеседі.

Кейбір әдебиеттерде тіптен буын, негіз, абзац /жаңа жол/, контекст, дауыс ырғағы да тілдік тұлғалар деп саналады.

Әр автор әр түрлі белгіге сүйенеді және мәселені нақтылы шешуден гөрі түсініксіздік басым.

Осындай қарама-қайшылықтар болғанымен, көптеген тілшілер тілдік тұлғаларға фонеманы, морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді жатқызатындығын ашып айту керек. Тілдік тұлға жөніндегі нақтылы ойларды мына авторлардардан оқып білуге болады: Қ.Аханов, Т:Қордабаев, С.Исаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, А.И.Смирницкий, В.М.Солнцев, Э.Бенвенист, А.И.Моисеев, А.Реформатский, Р.А.Будагов, М.М.Копыленко, т.б.

Жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің құрылымдық бөлшектері болып табылады. Себебі, осы аталған тұлғалардың біреуі өз орнында тұрмаса немесе мүлде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр тұлғаның өзіндік маңызы бар. Мөселе осы тұлғалардың қайсысы қандай дәрежеде қолданылуына байланысты. Рас, сөз барлық тілдік тұлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге қатысты қасиеттердің көпшілігі тән.

Бірақ сөз жеке тұрып тіл бола алмайды және адам ойын жеткізе алмайды. Әсіресе қазақ тілінде және басқа жалғамалы тілдерде сөз жеке түрып түсінісу құралы бола алмайды. Ол басқа сөздермен морфемалық байланысқа түсу арқылы сөз тіркесі мен сөйлемнің құрамында белгілі бір ойды білдіреді:

Мысалы: «Бағың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің» /Абай/.

Осы сөйлем құрамындағы бір ғана «тілеу» сөзін алып қарастырсақ, ол әр түрлі сөздермен әр түрлі грамматикалық байланысқа түсу арқылы нақтылы ойды білідреді және сөйлем құрамында қолданылады.

Ю.В.Фоменко барлық единицалардың жасалуына сөз негіз болады деп, соны басты өлшемдердің бірі деп санаса, сөздің жасалуына басқа тұлғалар /мысалы, дыбыс, фонема, морфема/ да әсер етеді. Мәселен: «Өнерпаз болсаң арқалан» деген сөйлемді алсақ, осындағы «өнерпаз» сөзі «паз» қосымша морфемасының қосылуы нәтижесінде жаңа мағынаны білдіріп, ол жаңадан сөз жасауға себепкер болып тұр.

Сол сияқты «арқалан» сөзінің жасалуына түбір морфема мен аффикстік морфемалардың құрамы негіз болып түр.

Осы сөйлем құрамындағы фонеманы да, морфеманы да тіптен сөздерді де жеке-жеке алып қолдансақ, онда олар тілдің дара тұлғалары болғанымен, қарым-қатынас тілі бола алмайды.

Бірақ фонемаға, дыбысқа т.б. қарағанда сөз ұғымды, мағынаны білдіру арқылы тілдің ең басты көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да сөз - тек лексикологияның объектісі ғана емес, тіл білімінің сөйлеу процесіне қатысты барлық салаларының объектісі. Бұл жөнінде ғалым-тілші С.Исаев нақтылы дәлелдеп, ашып айтқан. Тілдік қатынастың да негізгі ерекшелігі осында: басқа да тірі организмдер, жәндіктер, жануарлар т.б. дыбыстық қасиетке ие болуы мүмкін, бірақ Сөз, сөйлеу — тек адамзатқа ғана тән. Әрине, тілдік дыбыс пен физиологиялық немесе табиғаттағы дыбыстардың да айырмашылықтары жер мен көктей.

Табиғат құбылыстарының ең күрделісі болып табылатын адамзаттың сөйлеу мүшелері /сөйлеу аппараты/ тілдік дыбыстардың, фонемалардың жасалуына қандай ықпал етсе, тілдік тұлғаның ең негізгісі - сөздің де пайда болуына соншама әсер етеді.

Лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса, соңғы жылдары жаңадан қалыптасқан қатысымдық тұлға жөніндегі мәселе одан да күрделі. Әсіресе, қазақ тіл білімінде бұл теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да арнайы зерттеу объектісі болған жоқ.

Тілдік қатынасқа қатысты тұлғалар ғылыми түрде сөз болмағанымен, қазақ тілін оқыту, үйрету процесінде қолданылып, барлық сабақ жүйелерінде, кітаптарда кездесіп отырады. Жалпы лингвистика тарихында кейбір тілшілер қатысымдық тұлғаларға сөзді, сөйлемді жатқызса, кейбір ғалымдар тексті жатқызады. /Кандинский Б., Кухаренко В., Наер В./.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға туралы мәселе тілдің тұлғалары мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет. Қатысымдық тұлға тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей емес. Ол тілдің жеке бөлшектерден гөрі, сол тілдің тұтас қарым-қатынастық ролімен тікелей байланысты ерекшеліктерді: белгілі бір ойды тиянақты жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу, сөзді қабылдау, оған мән беру, әр түрлі экспрессивтік-эмоциональдық күйді таныту т.б. — сол сияқтыларды қамтиды. Демек, коммуникативтік тұлғаның жұмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей байланысты.

Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеудің шарты сөзге, тіркеске және сөйлемге байланысты. Сөз белгілі мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа түседі де тіркестің құрамына енеді. Тіркестер грамматикалық байланысқа түсе келіп, сөйлем құралады. Содан адам ойын екінші біреуге жеткізеді. Сөйтіп, өзара түсінісуте жол ашылады.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаға қатысты В.Л.Наердің пікірі мүлде өзгеше. В.Л.Наер бірде-бір тілдік тұлға қатысымдық тұлға бола алмайды, өйткені олар өзара байланысты болғанымен, әр бөлек құбылыстар дейді: «коммникативным единицам нет места среди системных единиц языка. И наоборот. Эти единицы разноплановые, хотя и тесно взаймосвязанные».

Бұл автор жоғарыдағы тұлғалардың негізгі

айырмашылығын олардың атаулық және қатысымдық және деректі ерекшеліктеріне байланысты деп тани келіп:

«...нередко отождествляются понятия информации и
коммуникации и особенно информативности и

коммуникативности. Эти две пары понятий соотносятся друг-другом как явления и свойство, и таким образом, являются понятиями различными, разноплановыми» - дейді.

В.Л.Наердың тілдік тұлғалар қатысымдық тұлға бола алмайды деген көзқарасын қуаттау қиын. Оның үстіне хабар, ақпарат /информация/ тек бір нәрсені білдіреді деп кесіп айту да біржақты.

Мәселен, кейде хабар баяндау мағынасымен шектеліп қана қоймайды, сол хабардың қабылдану дәрежесіне сай жауапқа да ие болады. Онда ол адам санасынан тыс /В.Л.Наер атап өткендей/ бір мағынаны ғана емес, керісінше саналы түрде хабарлауды, баяндауды, ойды білдіреді. Мұндай жағдайда информация коммуникацияға айналады.

Сөйте тұра, бұл автор «Өрт!» деген сөз қатты айтылса, ол болған жағдайды хабарлау ғана емес, жәрдемге шақыруды да білдіреді деп өзіне-өзі қайшы келеді. / «Так единица языка действительно обретает статус коммуникативной, но само по себе она таковой не является».

Бірақ бәрібір хабарды жеткізу де, оған жауап күту де сол бір ғана тұлға - Сөз арқылы болып түрғанын ескермейді. Сөз дербес қолданылғанда атаулық мағынаға ие болып, ал контексте қатынастық роль атқарады.

Осы ретте қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдерді алсақ, жеке сөз атаулық мағынаны емес, белгілі бір ойды білдіреді.

Сонымен, бұл автордың пікірінше, қатысымдық тұлғаға жататын — адамның ойын толық, тұтас жеткізетін — мәтін /текст/.

Бірақ соған қарамастан, автор тағы мынадай тұжырымды айта кетеді: «Но как бы то не было исследователи придерживаются того мнения, что языковые единицы представляют собой единицы коммуникации».

Біздің ойымызша, тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаның ең басты айырмашылығы олардың атқаратын қызметі мен қолданылу өрісіне байланысты.

Тілдік тұлғалар - адамзат тілінің жасалуы мен өмір сүруіне қызмет ететін, сөйлеу мүшелеріне /дыбыстау мүшелеріне/ тікелей тәуелді, фонетикалық, лексикалық және грамматикалық қасиеттерге ие болатын, таңбалық сипаты бар тілдің құрылымдық бірліктері.

Қатысымдық тұлғалар - тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер.

Тілдік тұлғалар жеке, дербес жүмсалса, қатысымдық тұлғалар бір-бірімен байланыста қолданылады.

Тілдік тқүлағалар атаулық мағынаны білдірсе, қатысым тұлғалар тұтас ойды білдіреді.

Тілдік тұлғалар көпмағыналы бола келіп, жалпылама ұғымды көрсетсе, қатысымдық тұлғалар контекстік жүйелі мағынаға ие болу арқылы нақтылы ұғымды, ойды жеткізеді.

Тілдік тұлғалар дербес мағынада түрса, қатысымдық тұлғалар бір бүтін, тұтас мазмұндық қасиетке ие болады.

Тілдік түлағалар бір ғана субъектіге қатысты болса, қатысымдық тұлғалар жалпы қарым-қатынас үрдісіне, оның ішінде тілдесімге, сөйлесім әрекетіне тән.

Тілдік тұлғалар адамның миы мен сөйлеу аппаратының,


дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысына қатысты,

қатысымдық тұлғалар онымен қоса ойлау жүйесіне, пайымдауына санасында туған хабарды жеткізуге әрі қабылдауға қатысты.

Тілге және сөйлеуге қатысты тұлғаларды салыстыра отырып, олардың әрқайсысна тән ерекшеліктерді қарастыра келіп, біз қатысымдық тұлғалар мынадай қасиеттерге ие болу керек деп есептейміз.


  1. Сана мен ойға қатысты мазмұнның тиянақтылығы.

  2. Баяндау ғана емес, хабарлау, жеткізу қасиетіне ие болуы.

  3. Ми жүйесі арқылы қабылдануы.

  4. Белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жүмсалуы.

Тіл мен сөйлесімге байланысты қарым-қатынаста қызмет атқаруы.

Жоғарыдағы ерекшеліктерін саралап алғаннан кейін, енді қатысымдық тұлғаларға қандай единицалар жататынын айтуға болады.

Тілдік қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалар: сөз, фразеологиялық тіркестер, сөйлем және сәтін.

Мәтін яғни текст - қатысымдық тұлғалардың ішіндегі
мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе. Тіл

білімінде қатысымдық бағыт дами бастағаннан кейін, осыған байланысты сөйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар екеніне оқытушылар мен тілшілер назар аудара бастады. Бұрын мәтін дербес жиынтық тұлға ретінде жеке өзі зерттеу өзегі болмай, тек сөйлемді жан-жақты білу үшін жүмсалатын контекст есебінде қарастырылатын да, көбінесе оның сөйлемге қатысты жақтары сөз болатын.

Мәтіннің өзара мағыналық байланыста болатын сөйлемдердің жүйелі жиынтығы болуы — оның тек бір ғана жағы. Бұдан басқа мәтін - адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегінен құрамайды. Керісінше жиынтақталған пікірін, көзқарасын бір-бірімен ойы жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез келген кезеңінде ойдан қүрап, қолдана береді.

Тілдік қатынастың бір бүтін тұлғасы болып табылатын мәтін адамдардың қарым-қатынасын іс жүзіне асыратын материал ретінде және өзара түсінісу, пікірлесу, ойды жеткізу тұлғалары түрінде зертеледі. Бұл ретте мәтін сөйлесім әрекетімен, қатысым әдісімен, олардың қолданылу қағидаларымен тығыз байланысты болады.

Демек, мәтін — ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға.

Сөйлем — тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті тұлға. Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның /қабылдаушының/ қайыра жауап беруінің көзі көрсеткіші де болып табылады. Тілдік тұлға ретінде сөйлем тиянақты ойды білдірсе, қатысымдық тұлға ретінде ойды білдірумен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асырушы тілдесім жолы, сөйлесу құралы да болып есептеледі.

Кез келген адам басқа біреуге ойын жеткізу үшін, ең алдымен, мәтін емес, сөйлем қүрастыруды ойлайды, онда айтайын дегенін үғынықты етуге тырысады. Егер оның айтқан не жазған сөйлемі дұрыс, түсінікті болса ғана ол оған жауап ала алады. Түсіну арвқылы жауап алу, тілдесім әрекетін жүзеге асыру - тілдік қатынастың ең басты шарты.



Фразеологиялық оралымдар не тұрақты сөз тіркестері тілдік қатынаста жүмсалатын қатысымдық тұлғалардың қатарына жатады. Мұнда тұрақты тіркестердің бір тұтас лексикалық тұлға түрінде тілдік қарым-қатынаста қолданылуы маңызды орын алады. Сондықтан қатысымдық тұлға ретінде алынатын тұрақты тіркестер адамның ойын жеткізуге белгілі ұғымды көрсетуімен қымбат.

Тілдесім әрекетінде сөйлем ішінде еркін сөз тіркестері де,


тұрақты сөз тіркестері де үшырасады. Бірақ тұрақты сөз
тіркестері қатысымдық жеке тұлғаның қатарында

пайдаланылса, еркін сөз тіркестері оған кірмейді. Сол себепті гілдік қатынаста оларды бір-бірімен ажыратып қолдануға тура келеді.

Қатысымдық тұлғалардың ішіндегі басқаларына үйытқы болатын және тілдік қарым-қатынаста аса маңызды орын алатын тұлға, ол - сөз.


II. 1. Сөз — тілдік қатынастың басты тұлғасы.

Сөз — лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сөзжасам түрғысынан да жан-жақты зерттеліп келе жатқан тілдік тұлға. Сондықтан біз сөздің бұл жақтарына тоқталмай, тілдік қатынасқа байланысты сипатын азды-көпті сөз етеміз. Жалпы бұл - арнайы зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет ететін мәселелердің бірі.

Сөзді қатысым құбылысына қатысты қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліткеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент түрғысынан сөз болады.

Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі көптеген лингвистердің назарына іліккен. Сол себепті сөздің әр түрлі ерекшеліктеріне қатысты берілген анықтамалардың мазмұны түрліше болып келеді. Мысалы, көрнекті лингвист- ғалым Фердинанд де Соссюр: «...Слов, несмотря на все трудности, связанные с определением этого понятия, есть единица, неотступно представляющаяся нашему уму нечто центарльное в механизме языка» - дейді.

Сөздің басты-басты ерекшеліктерін сөз ете келіп, лингвист ғалымдардың көпшілігі сөздің сөйлеу процесіне қатысты түрліше тілдік, қатысымдық қасиеттерді меңгеретініне ерекше назар аударады. Мысалы: А.А.Леонтьев бұл туралы: «Именно слово является минимальной функциональной единицей речевого восприятия» - десе, тура осы пікірді П.В.Чесноков айна қатесіз былай қайталайды: ...можно считать слово минимальной функциональной единицей речевой деятельности вообще - дейді. Сол сияқты Б.Н.Головин: «Слово - это наименьшая

смысловая единица языка, свободно воспроизводимая в речи для построения высказываний» - деп, сөздің ойды жеткізудегі маңызын атап көрсетуге тырысса, Ю.В.Фоменко сөзден басқа единицалардың тілдік қарым-қатынастағы ролін мүлде жоққа шығарады: «Коммуникативная деятельность человека протекает не на базе фонем, слогов и морфем /не говоря о словосочетаниях/, а на базе слов»

Жалпы Ю.В.Фоменконың сөзге қатысты келген тұжырымдарының көпшілігі А.И.Смирницкийдің пікірімен үштасып жатады. А.И.Смирницкий оны ғылыми тұрғыдан жан-жақты сөз етсе, Ю.В.Фоменка ол көзқарасты қабылдап қана қоймай, қайталайды.

Сөзің негізгі екі қасиеті: формасы мен мазмұны, яғни


дыбыстық таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте
түрліше қарастырылады. Мысалы, B.JL.Haep: «Отдельные
языковые единицы, даже, например, лексические, ничего
конкретного передавать на способны»; «Лексические единицы,
например, сами по себе ничего конкретного не сообщают;
они являются лишь знаками, замещающими определенные
предметы, явления, отношения, свойства и т.п. или
репрезентирующими их абстрактное отображение» - деп, сөздің
тілдік қарым-қатынастан тыс уақытта таңбадан басқа ешбір
нақтылық белгісі мен мазмұны жоқ десе, Ю.В.,Фоменко:
«Слово обладает признаком самостоятельности: в отличие от
фонемы и морфемы, оно допускает изолированное

употребление в естественной речи.

Слово обладает признаком воспроизводимости: оно не строится в процессе коммуникации, а извлекается из памяти как единица готовая, заранее данная» - деп, сөздің жеке тұрғанда да, сөйлеу процесінде қолданғанда да мағынасы бар екенін атап өтеді.

Сөз белгілі бір контекст құрамында ғана нақтылы мағынаны білдіріп, өзіндік мазмұнға контекст арқылы ғана ие болады деген пікірді жақтаушылар: Г.Штейнталь, К.Фосслер, Ж.Вандриес, П.Вегенер, А.Гардинер, Л.БЛумфильд, Л.Ельмслев, С.Шауман т.б.

Керісінше, сөздің мағынасы контексте қатысты анықталмайды, ол мағыналық жағынан дербес, сөз тек өзінде бар мағынаны сөйлем құрамында жүмсайд, яғни сөздің мағынасы контекске тәуелді емес деген көзқарасты дәлелдеушілер: Р.А.Будагов, Н.С.Дмитриева, М.Бурмаков, ФА.Литвин, Ш.Балли, А.Мейе, А.Мартине, В.З.Панфилова, М.ГАрсеньева, А.Р.Лурия, Г.В.Колшанский т.б.

Сөз - сөйлеу, пікір алысу үрдісінде ең басты тұлға. Сөз жеке түрғанда, заттың, сынның, қимылдың т.б. атауы болып, номинативті қызмет атқарса, тіл арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жүмсалып, қарым-қатынастық қызмет атқарады. Тіптен контекссіз дербес қолданылып, грамматикалық тұлға ретінде әр түрлі дауыс ырғағымен айтылса да әрі хабарлау, әрі қабылдау мәніне ие болады.

Осындай жағдайлардың барлығында сөз белгілі бір ойды білдіре келіп, екінші адамның санасы арқылы қабылданады. Қандай болсын хабарды, деректі, ойды қабылдаған адам оған жауап қайтаруға тырысады.

Тілдік қарым-қатынаста жүмсалып, қатысымдық байланысқа түскен сөз айтылар ойға қатысты нақтылы мағынаны білдіреді және басқа тұлғалармен біртұтас жүмсала келіп, тиянақты ойды, мазмұнды көрсетеді. Әрине, тиянақты ойды жеткізетін басты тұлға — сөйлем, сөз мағынаны білдіргенімен, тұтас ойды білдіре алмайды деген пікір тууы мүмкін. Сөйлем — негізгі қатысымдық тұлға бола келіп, сөзден құралады. Сөз жеке түрғанда бірнеше мағынаны /тура, ауыспалы, синонимдік т.б./ білдіргенімен, сөйлемнің құрамына енген кезде, айтылар ойға қатысты нақтылы бір мағынаны көрсетеді де, ортақ мақсатқа-жеткізілер мазмұнға қызмет етеді. Мұндай жағдайда сөздің атаулық тұлғадан гөрі қатысымдық тұлғаға тән белгілері басым роль атқарады.

Қ.Аханов сөз бен сөз тіркесін сөйлемнің құрылымдық элементтері деп таниды. «Сөйлем ойды айтып жеткізудің негізгі құралы болып саналады. Мүнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті қызметке қатысы жоқ деген ұғым тумауға тиіс. Мұндай қызметті олар да атқара алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолданылу арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлемнің құрамында қолданылғанда, оның құрылымдық элементтері ретінде қарастырылады»

Демек, сөз жеке, сөздікте тұрғанда — тілдік тұлға да, сөйлем құрамында, тексте қолданылғанда - қатысымдық тұлға болып табылады.

Сөз тілдік қарым-қатынаста ауызша түрде қолданылғанда, ондағы қатысымдық белгілерді дауыс ырғағы, интонация атқарады да, жазбаша түрде жүмсалғанда, қатысымдық қызметті тыныс белгілері атқарады.

Сөйлеу процесіндегі сөздің ерекшелігі - ол объективтік шындыққа, өмірге байланысты ұғымдарды сананың қабылдауы нәтижесінде ойды бейнелейді. Сонымен қатар іс-әрекет жүріп жатқан ортаның әсерін, адамның көңіл-күйін де қоса білдіреді. Тілдік қарым-қатынаста жүмсалатын сөздің бірнеше қасиеттері бар:



  1. Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа
    шығуын қамтамасыз етеді.

  2. Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына үйтқы
    болады.

  3. Сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре
    келіп, адам ойының екінші біреуге жеткізілуіне әсерін
    тигізеді.

  4. Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге
    асыруға негіз болады.

Демек, сөз мағынаны, ұғымды, сезімді, ойды білдіре келіп, тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысымдық тұлға болып табылады.

III. Тілдік қатынастың ғылыми негіздері.

Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы - кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен ара қатысын айқындаған жөн.

Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.

Тілдік қатынас /ТҚ/ қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орны тілдің атқаратын қызметінен көрінеді. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары — лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік ара қатысы, байланысы бар.

Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі — сөйлеу, адамдардың сөйлесу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бөлшектердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.

Сөйлеу процесінде басты орын алатын — сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздердің тіркесі, сөзжасам — осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеуге до сонша ықпал етеді.

Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да жүзеге аспайды.

Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас сөздік құрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінісу тез жүреді. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады.

Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.

Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас құралы тілдің қоғамдағы ролі мен мәніне байланысты.

Қазақ тілінің қатысымдық ерекшелігін зерттеуде

оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қазақ тілінің қоғамдық мәнін жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бұл -біріншіден, жалпы дүниеге деген қоғамдық-ғылыми көзқарастың негізінде танылса, екінішден, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қатынас құралы ретінде алатын орнына байланысты қарастырылады.

Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі — «адам қатынасының аса маңызды құралы» бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.

Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де — ерекше қоғамдық мәні үрдістер.

Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл - қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.

Қазіргі қазақ тілі қандай қоғамдық-әлеуметтік

ерекшеліктерді басынан өткізбеді? Қоғамдық-әлеуметтік

кезеңдердің қай-қайсысына болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет.

Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың сөйлесу құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек.

Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жүмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді.

Төртіншіден, қазақ тілі - қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы.

Бесіншіден, ол — рухани мәдениет пен өркениет өнер жолында қолданылатын, адамның сезімі мен көңіл-күйін жеткізетін құрал.

Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті -бір ұлт пен екінші ұлт өкілдерінің өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құрал ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету.

Қазақша тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар үйретуге тырысады.

Тілдік қатынастың педагогикалық негізі — табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты.

Көптеген әдебиеттерде белгілі бір ғылымның не процестің педагогикалық негіздеріне оқытуға қатысты білім жүйесі, оның сандық көлемі /сағаты/, білімнің мазмұны мен сабақтың әдіс-тәсілдері жатқызылып жүр.

Ғылымның дамуы мен оқыту жүйесінде бұл айтылғандардың атқаратын маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі мазмұны, әдістер әр процестің ілгері басуына ықпал ететін нақтылы мәселелер бола келіп, істің мәнін анықтайды. Олардың тілдік қатынасты меңгеруде де алатын орны ерекше.

Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінісуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Олар /адамдар/ бір-бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі ұғады, бірінің сезіміне, мінезіне екіншісі әсер етеді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың тәрбиелік жүйесі қалыптасады.

Тілді оқыту тілді үйретумен бірге адамды тәрбиелеумен қатар жүреді. Белгілі бір тілді басқа ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым-қатынасты ғана емес, адам мен адам, ұлт пен ұлттың арасындағы қарым-қатынасты да жолға қоямыз, тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік мәнін де естен шығармаймыз.

Тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдептерін қалыптастырамыз.

Осы тұрғыдан келгенде, тілді үйретуге бөлінген білім көлемі неғүрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, әдіс-тәсілдері неғүрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас соғүрлым жан-жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.

Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты.

Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.

Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. Оны дұрыс қолданудың ережелері көзбен көру, қүлақпен есту, мимен ойлау арқылы іске асады.

Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан, тілдік коммуникацияның психологиялық негізі күрделі болады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрыс қолданылып, тілдегі сөйлесім әрекеті маңызды роль атқарады. Сондықтан тілді үйретуде әрбір оқушының жеке қабілеті, саналылығы еске алынып, жан-дүниесі ескеріледі, оның ойлау дағдысын бекітуге күш салынады. Тілдік қатынастың психологиялық негізі — тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп, оның қажеттігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынастың ең басты психологиялық негізі тіл, ойлау және сөйлесім құбылыстарына келіп тіреледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет