Гидролиз түзетін тұздардың рН – ын, гидролиздену дәрежесін және гидролиздену константасын есептейтін теңдеулерді қорытып шығып қолданыңыз.
Тұздар гидролизін гидролиз константасы (Кгидр) және гидролиз дәрежесі (һ) арқылы сипаттауға болады.Гидролиз константасы тұздың гидролиз түзу жағдайын сипаттайды. Кгидр көп болған сайын тұз гидролизі көп жүреді. Кгидр= Кс/Кқышқыл немесе Кгидр = Кс/Кнегіз ; Кгидр = Кс /( Кқышқыл∙ Кнегіз)
Кс— судың иондық көбейтіндісі, Кқышқыл және Кнегіз – қышқылдың және негіздің диссоциациялану дәрежесі.Бұл теңдеуден Кқышқыл/ Кнегіз аз болған сайын, Кгидр көп болатыны көрініп тұр, яғни қышқыл не негіз неғұрлым әлсіз болса, соғұрлым тұз көбірек гидролизге түседі. Егер тұз сатылап гидролизге түссе, онда әр саты гидролиз константасымен сипатталады. Гидролиздің қаншалықты толық жүретіндігін гидролиз дәрежесі көрсетеді.
ГИДРОЛИЗ ДӘРЕЖЕСІ ДЕП ГИДРОЛИЗГЕ ТҮСКЕН МОЛЕКУЛА САНЫНЫҢ ЕРІГЕН МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫНА ҚАТЫНАСЫН АЙТАДЫ.
Һ=√КС/Кқышқыл∙Стұз Һ=√КС/Кнегіз∙Стұз Һ= √КС/Кнегіз∙Кқышқыл Бұл теңдеулерден:
1.Кс көп болған сайын, яғни температура үлкен болған сайын (Кс температура өссе, өседі);
2.Кқышқыл, Кнегіз аз болған сайын (неғұрлым әлсіз қышқыл және әлсіз негіз болса);
3.Тұз концентрациясы (Стұз) аз болған сайын не ерітінді көбірек сұйылған сайын, гидролиз дәрежесі көп болады. Сонымен һ жоғары температурада және сұйытылған ерітіндіде һmax жетеді.
Тұз бен су молекулаларының арасындағы алмасу реакциясының нәтижесінде сутек немесе гидроксид иондарының концентрациясының өзгеруін тұздар гидролизі деп атайды.
Гидролиз мөлшерлік жағынан гидролиздену дәрежесімен (h) сипатталады. Гидролиздену дәрежесі дегеніміз − пайызбен берілген гидролизденген молекулалардың ерітіндідегі барлық молекулалар санына қатынасы. Гидролиздену дәрежесі түзілген қышқыл мен негіздің химиялық табиғатына тәуелді. Дәстүр бойынша тұздың гидролизденген молекулаларының пайызы ерітіндіде мардымды болмайды, мысалы CH3COONa тұзы үшін − 0,008%, KCN − 1,2%, Na2CO3 − 2,9%, Na4B4O7) − 0,5%. Кез келген қайтымды реакция сияқты, гидролиз әрекеттесуші массалар заңына бағынады, оның салдарынан мынадай қағидалар шығады:
а) гидролизге ұшыраған тұздар ерітіндісіне су қосу гидролиздену дәрежесін арттырады;
ә) қышқыл немесе негіз қосу гидролиздену дәрежесін азайтады, сондықтан келесі жүйелерде:
CrCl3 + HOH = CrOHCl2 + HCl
CH3COONa + HOH = CH3COOH + NaOH
cу қосу тепе теңдікті оңға қарай ығыстырады, ал бірінші реакцияда қышқыл немесе екінші реакцияда негіз қосу тепе теңдікті солға қарай ығыстырады.
в) температура жоғарылағанда гидролиздену дәрежесі артады.