Құрамысов д сталин [1] Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты»


Ә мәтіні. Гендік инженерия: бүгіні мен келешегі



бет21/23
Дата28.09.2023
өлшемі351,89 Kb.
#182792
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ә мәтіні.
Гендік инженерия: бүгіні мен келешегі
Адам денесінде 25-30 мыңға жуық ген болса, олардың әрқайсының атқаратын өзіндік функциясы бар. Соңғы жылдары генетик ғалымдар адам ДНҚ-сын бір жасушадан екінші жасушаға ауыстыру немесе бірнеше түрдің ДНҚ-сын бір-бірімен алмастыру арқылы революциялық өзгерістер жасауда.
Жақында Жапония және Ресей ғалымдары осыдан 28 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонттың жасушасын тірілткенін жариялады. Қазір бұдан бөлек те теориялық тұрғыдан әбден зерделенген, бірақ тәжірибе жүзінде тоқтап тұрған тың жобалар көп.
Гендік инженериядан қауіп бар ма? Гендік манипуляция бұрын-соңды болмаған жаңа тіршілік иелеріне «жаңа өмір» сыйлауы мүмкін. Демек, жақын келешекте түрлі биороботтар мен мутант тіршілік иелерінің ортамызды толтыру ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытай ғалымдары итті мутациялап, кәдімгі қызмет иттерінен екі есе үлкен, қабілеті барынша жетілген түрін ойлап тапқанын жариялады. Алпамсадай, иіс сезу, тиісті операцияларды орындау әлеуеті жетілген иттер жақын келешекте арнайы органдардың таптырмас серігіне айналуы мүмкін. Яғни, гендік инженерия бір жағынан кең таралған түрлі ауру-сырқауды жеңуге мүмкіндік сыйласа, екінші жағынан адамның адам болып қалуын тарихтың еншісіне қалдырып, жаңа тіршілік иелерін, биороботтарды туғызу арқылы жер жүзіне үлкен апат әкелуі мүмкін деген ой да айтылып жүр. Келешекте қалыпты адам мен биороботтың неке құру ықтималдығы сияқты болжамдар бұл күдікті одан әрі өршітеді. Мұны «Құдайдың ісіне араласу», қалыптасқан моральдық-этикалық нормаларға сыймайтын үрдіс деп бағалайтындар да аз емес.(200 cөз)


Тапсырма: Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Гендік инженерияның біздің қоғамдағы орны ерекше» деген пікірге келісу, келіспеу эссесін жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.

Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Суан руынан шыққан.[1] Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 1950 жылы Құлжа қаласындағы А.Қасыми атындағы «Білім жұрты» гимназиясында оқиды. Сол кезеңде облыстық «Жаңа жол» газетіне алғашқы өлеңдері жариялана бастайды. 1951 жылы Үрімжі қаласындағы «Ұлттар институты» тіл-әдебиет факультетіне түсіп, екінші курсында оқып жүргенде «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке шақырылады. Осы газетке, «Алға» және «Шұғыла» журналдарына, сол өлкедегі қазақ ақындарының екі томдық өлеңдер жинағына бір топ өлеңдері жарияланады. Әдеби бәйгеде «Ақ көгершін» атты өлеңі жүлделі орынға ие болады.1955 жылы атамекені Қазақстанға қоныс аударып, 1961 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. 1955 жылы «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енеді.Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы."Тұңғыш" (1964), "Мейірім" (1969), "Күнгей" (1975), "Ләйла" (1977), "Көкорай" (1979), "Балқарағай" (1981), "Сәулет" (1984), "Таудайбол!" (1984), "Белжайлау" (1985), "Өркеш" (1987), "Керімсал" (1991), "Баркөрнеу" (1992), "Орбұлақ" (2000), "Тәуелсіздік тартулары" (2001) атты жинақтары жарық көрді. Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады ("Қара өлең" (1989, 1997).[2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет