Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет30/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Ғылыми стильдегі мәтінді талдаңыз

Химиялық құрылыс теориясы

Қазан университетінің профессоры Александр Михайлович Бутияров 1861 жылы жаңа теорияның негізін қалады.

Ол уақытта химияда атомистика жөніндегі идея едәуір таралған еді. Бұрын айқын жіктелмеген атом және малекула деген түсініктерге 1860 жылы химиктердің халықаралық съезінде нақтылы анықтама берілді. Бірақ ғалымдар молекуланың атомдардан қалай түзілетініне әлі де көңіл бөлмеген, мұндай құрылысты химиялық әдіспен танып-білу мүмкін емес деп санап, кейбір ғалымдар олардың нақты бар екенін мойындамады.

А.М.Бутлеров атомдар мен молекулаларды заттардың нақты бөлшектері деп санап, олар бері-мен бірі өзара белгілі реттілікпен қосылысқан, ал бұл реттілікті химиялық әдіс бойынша анықтап, формула түрінде көрсетуге болады деген қорытындыға келді.

А.М.Бутлеровтың жоғарыда келтірілген пікірлеріне сүйене отырып, химиялық құрылыс теориясының мәнін мынадай ережелермен беруге болады:

1. Молекулада атомдар тәртіпсіз орналаспайды, олар өздерінің валекттілігіне сәйкес өзара бірімен-бірі белгілі ретпен байланысады.

2. Заттардың қасиеттері молекула құрамына қалдай элементтің атомдары және қанша молшерде кіркеніне ғана байланысты емес, сол сияқты молекуладағы атомдардың байланысу ретіне, олардың бір-біріне өзара жер ету тәртібіне де байланысты болады.

2-тапсырма. Мәтінді қолданылған термин сөздерді тауып, олардың жасалу жолдарын анықтау.

3-тапсырма. Олар қай ғылым саласының терминдері болып табылады?

4-тапсырма. Басқа ғылым салаларында қолданылатын терминдік сипаттағы сөздер кездесе ме?

5-тапсырма. Жалпы қолданыстағы сөздердің қолданысына ерекше көңіл бөліңіз. Анықтама, формула, дәлелдеулер қалай берілген?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет