Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет26/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Терминдерінің аударылу барысына назар аударыңыз.

Кез келген тілде терминологиялық лексика екі жолмен жасалатыны мәлім. Оның бірі – ұлттық тілден жасалған терминдер де, екіншісі – өзге халықтың тілінен қабылданған терминдер қатары. Іс қағаздары терминдерін қалыптастырудың үш жолы бар деп есептейді зерттеушілер. Біріншісі – халықаралық терминдер: валюта, авиза, акция, аффект, баланс, вердикт, ватум, геноцид, грант, депозит, дубликат, заем, кадастр, квариум, кодекс, нотариус, коносамент, аукцион. Екіншісі – аударма арқылы енген терминдер: закон - заң, законный - заңды, законодательство - низам, юридический - заңи, государственное право – мемлекеттік құқық. Үшіншісі – терминдік сипаттағы сөздер ресми стильде, сонымен қатар публицистикалық стильде қолданылып, екінші жағынан мағыналық стильдік реңкті иеленетін, бірінің орнына бірі қолданылатын терминдік атауыш сөздер: законодательная властъ — низамшы билік (заң шығарушы билік); законодательство - низам, заңдар; индивидуальные наказания - жазаны даралау, жазасын дәлелдеу; претензия - тілек шағым, талап - тілек т.б. кездеседі.

2-тапсырма.

Қазіргі аударылып жатқан терминдерден мысалдар келтіріп, терминжасам тәсілдерінің қай түрі басым қолданылатынын көрсетіңіз.

3-тапсырма. Лингвистикалық түсіндерме сөздікте берілген терминдердің аудармасы мен түсініктемесі арасындағы сәйкестіктер туралы айтыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет