Курстық жұмысты орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқаулар. Курс жұмысын орындаудың негізгі міндеті - филология ғылымдарының мәселелерін терең оқып білу және ғылыми-зерттеу жұмысын істеп дағдылану. Курс жұмысын орындау көбінде студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына байланысты. Курс жұмысының тақырыптары филологияның өзекті мәселелерін қамтуы тиіс.
Курс жұмысы белгілі бір материал, деректер негізінде тақырыпты жүйелі, жан-жақты жеткілікті толық ашуы тиіс. Цитаталардың (сілтемелердің) барлығы материалдың қайдан алынғандығына нұсқама (сноска) арқылы толық көрсетілуі тиіс. Нұсқамаларда автордың аты-жөні, материалдың аты, шыққан (басылған) жері, баспаның аты, жылы, беті көрсетілуі керек. Курс жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін беру қажет.
Курстық жұмыс 20-25 беттен аспауы тиіс. Жұмыс компьютерде терілуі керек немесе қолмен анық, таза, әдеби тілмен сауатты жазылып, бірінші бетінде (мұқабасында) орындаған адамның аты-жөні, курсы, тобы көрсетілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |