Құрастырған: №26 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі Сыздықова Әсима Қалауевна Кіріспе



Дата13.11.2016
өлшемі1,16 Mb.
#1648

Екібастұз қаласы.

2014ж.
Павлодар облысы. Екібастұз қаласы

әкімдігінің білім бөлімі

№26 мектеп – гимназиясы

Кітапханасы


Ұлы Жеңіске-70жыл


Баубек Бұлқышев

(Методиқалық-библиографиялық материал)



Құрастырған:

26 мектеп-гимназиясы



кітапхана меңгерушісі

Сыздықова Әсима Қалауевна

Кіріспе

Ұлы Отан соғысы қоғам үшін, әрбір адам үшін үлкен сын болғаны баршамызға аян. Бұл сыннан халқымыз мүдірмей өтті. Бірақ талай асыл жандар құрбан болды. Олардың есімі ешқашан ұмытылмақ емес.

Жарқын болашағымыз үшін майданда ерлікпен қаза тапқандардың бірі- жастардың жарқын досы, ардақты ағасы, жауынгер жазушы, жалынды журналист Баубек Бұлқышев еді.

Баубек соғысқа дейін қанаттанған жас ақын, жазушы болатын. Ол оқушы қауымға жалынды өлеңдерімен, «Айсұлу» атты дастанның, бірнеше қысқа әңгіме, очерк, новелланың, «Алматы қалам менің» деген бітпей қалған романның авторы ретінде оқырман қауымға белгілі еді. Бұл ақынның келешегі зор болатын. Сонысын ол Отан соғысы жылдарында өзінің тамаша публицистикалық шығармаларымен баршаға танытты.

Орыс жазушылары мен журналистерінен үлгі алып, өз талантын ұштаған Баубек Бұлқышев майданда жүріп көптеген публицистикалық очерктер жазды. Баубек шығармалары оқушыларды тек қызықтырып, сүйсіндіріп қана қойған жоқ. Оның сөздері майдандағы жауынгерлерге күш-қуат берді, жалынды ұран болды.

Қанатты сөз қамал бұзады дегендей, Баубектің бұл очерктері майданда жауынгерлерді неміс басқыншыларына қарсы батыл соққы беруге үндесе, тылдағы жастарды ерлікке, еңбекке жігерлендіреді.

Баубек шығармаларының оқушыны сүйсіндіретін, сезіміне әсер ететін себебі- оның бұл шығармаларды өз басынан кешкендерінен алып жазуынан, әрі халықтың ортақ мүддесі- Отанды қорғау, ел мен жер, өмір қызығын, адамгершілік, достық, жолдастық тақырыптарды қозғап, оларды ақиқат, шындық тұрғыда сипаттап беруінде еді. Жас жазушы Баубек Бұлқышев нағыз ерлерше өмір сүріп, ерлікпен, күреспен өмірден жас аттанды. Біз бүгін оның өлімі де өмір деп ашық айта аламыз.

№26 мектеп-гимназиясы кітапханасы кітапхана қызметкерлеріне Баубек Бұлқышевтың өміріне арналған методикалық-библиографиялық материал ұсынып отыр.

Ол мынадай бөлімдерден тұрады.


  1. Кіріспе.

  2. Кітапхана қызметкерлеріне кеңес

  3. Кітап көрмесі

  4. Конференция

  5. Әдеби кеш

  6. Бұлқышев Б. шығармаларының библиографиясы.


Кітапхана қызметкерлеріне кеңес

Баубек Бұлқышев өмірімен қызметі және оның шығармалары жайлы сөз қозғағанда ең алдымен балалардың жас ерекшелігіне қарай бөліп, түсінікті етіп айтып беру керек.

Мысалы, 5-сынып оқушылары тобына ең алдымен Отан соғысындағы біздің халқымыздың көрсеткен күш-қайраты, оның Ұлы Жеңісі туралы әңгіме өткізген жөн. Әңгімеде балалардың көңілін мынадай бір сәтке аудару керек. Ұлы Отан соғысында халықтың бостандығы, тәуелсіздігі үшін ерлікпен қаза тапқандардың есімі ешқашанда ұмытылмайды. Халық олардың есімін құрметпен атайды.

Солардың бірі- Баубек Бұлқышев. Ол соғыста атағы шыққан батыр жауынгер ғана емес, жалынды жазушы да еді. Өзінің шығармаларын ол окопта, түнде айдың жарығында жазды. Соны айта келіп, Бұлқышевтың «Өмір мен өлім» туралы новелласынан...

«Әлі есімде, бір шабуылда...» деген сөздерден бастап, «...Ол ақымақ фриц еді...» деген сөздерге дейін үзінді оқып беруге, не болмаса, «Шығыс ұлына хат» атты шығармасынан мына үзіндіні оқуларыңызға болады...». жаман солдат болуға...» деген сөздерден бастап әңгіменің аяқ шеңіне дейін. Бұлқышевтың өмірімен шығармалары туралы айту керек. Ол үшін Иманжановтың «Баубек өмірі» атты мақаласын алуларыңызға болады.

Естеліктер, Заман біздікі.-376 бет.



6-7 сынып оқушыларына.

Бұл оқушылар тобымен Баубек Бұлқышевтың өмірі туралы мынадай тақырыптар маңайында әңгімелер жүргізуге болады.



  1. Бұлқышев өмірі мен қызметі.

  2. Бұлқышев- журналист. Оның патриотизмін көрсететін очерктері.

  3. Аға лейтенант Б. Бұлқышев майданда.

Бірінші тақырып бойынша әңгімені өткізу үшін мына материалдарды пайдаланған жөн. Ыдырысов Р. «Өмірге құштар жан еді».-Кітапта:

Есімізде қалды майдан, жорықтар.

Есілов Р. «Өмірге құштарлық».

Бұл әңгімелерде Б.Бұлқышевтың өмірі жан-жақты ашылған баубектің Ұлы Отан соғысына дейінгі творчествосын айта келіп өлең оқиды.

«Баубек Бұлқышев-журналист» деген тақырыпты ашу үшін оның «өмірмен өлім туралы» новелласынан үзінділер оқыған жөн

Оқушыларға Бұлқышев өз шығармаларын соғыс кезінде орыс тілінде жазғанын, олар «Известия», «Комсомольская правда» газеттерінде жарық көргенін, шығармаларында ол барлық жас жауынгерлер атынан, барлық жастар атынан жалынды сөз сөйлегенін баса айта кету керек.

Бұлқышевтың майдандағы ерлігін, патриотизмін көрсету үшін «Заман біздікі», «Тыңда Кавказ», «Шығыс ұлына хат» атты шығармаларынан үзінділер, әсіресе, оқушыларға Баубектің жастарға арнап айтқан сөздерін оқып беру қажет.

8-9 сынып оқушылары тобымен Баубек Бұлқышевтың өмірі мен творчествосы туралы үлкен жұмыс жүргізуге болады. Кітап көрмесі, оқырмандар конференциясы және әдеби кеш жобасы.

Кітап көрмесі: «Өшпес өмір».



І бөлім. «Жауынгер- журналист».

Цитата: «...Менің бұл жазғандарымен болашақта біздің осы Ұлы күресімізді тексерушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ...».

(Бұлқышев Б. «Өмір мен өлім туралы»).

Не болмаса: «Өзім жүрген жолыма

Қалдырған келед бір өрнек-

«Адам келіп кетіпті»-

Деп жүрсін деп келешек»

(Бұлқышев Б. «Жүріп келе жатырмын». Өлең».

1990,- 321б.

Әдебиеттер : Бұлқышев Б. Заман біздікі

Шығармалар жинағы.-Алматы: 1990.-512б.

Бұлқышев Б.Өлеңдер.- Алматы:1990.-512б.

Бұлқышев Б.Өлеңдер.-Алматы: 1990.-512б.



ІІ бөлім. «Өмірге құштар жан еді».

Цитата: «Жас еді Баубек жиырмада ғана, от еді. Бірақ лауылдап тұрған. Деуші едің оны жалынды бала».

(Дихан Әбілев).



Әдебиеттер: Бұлқышев Б. Адамзатқа хат:

Шығармалар жинағы.-Алматы:

Санат, 2005.-208 бет.

Рахымжан Т. Жасын тағдыр, жарқын өмір: (Б.Бұлқышевтың туғанына-100 жыл). Егемен Қазақстан.-2006.-30 қыркүйек.-8б.


Кітап көрмесінің бірінші бөліміндегі материалдарға шолу жасап, шолуда баса назар аударатын жағдайлар мыналар: Баубек шығармаларындағы басты кейіпкерлер-жастар. Олар Отанын қорғап жүрген жастар. Бұл жастар мақсатты ойлы жандар. Жиырмасыншы ғасырдың адамдары. Бірақ фашистердің опасыздықпен шабуыл жасауы жастарды ұрыс даласына әкелді. Оларды кек қысты. Олар Ұлы Отанды жаудан азат етуге ант етті.

Жас жазушы жауға деген өшпенділікті көрсете отырып, интернациоонализм туын да көтерді. Фашистерге деген өзінің өштігін айтумен бірге, Баубек неміс халқының ұлы адамдарын, ақын-жазушыларын мадақтайды, оларды жоғары бағалайды. Баубек шығармаларындағы ең өзекті образ-Отан. Ұлан-байтақ жер. Баубек Бұлқышев өзінің жалынды шығармаларымен өшпес мұра қабырғасын қалап, сарқылмас рухани қазына байлығын жасағанын айтып кету дұрыс болады.

Шолуда Баубек Бұлқышевтың шығармаларынан үзінді оқып, оның шығармалары өшпес мұра екеніне назар аударған жөн.

Баубек Бұлқышевтың өмірімен творчествосына арналған оқырмандар конференциясының сұрақтар жобасы:



  1. Бұлқышев өз шығармаларында

Интернационализмді қалай ашады?.

  1. Бұлқышевтың патриотизмі неде?

Ол өз өмірімен нені көрсетті?

  1. Бұлқышев болашақ ұрпақтың алдына қандай мақсат қойды? Ол мақсат орындалды ма? Оған дәлел не?

  2. Бұлқышевтың шығармалары саған қандай әсер етті? Оның себебі неде деп ойлайсың?

Конференцияға арналған әдебиеттер.

Бұлқышев Б. Өшпес өмір (Әңгіме, очерк, новелла, публицистика.- Алматы: Жазушы, 1995»-148б.

Ыдырысов Р.Өмірге құштар жан еді:(естеліктер).- Алматы: Қазақста, 1968.

Бұлқышев Б. Адамзатқа хат: (Шығармалар жинағы).- Алматы: Санат, 2005.-208б.


Оқушыларға арналған әдеби кеш.

«Жалынды өмір».

«Сырымды ашып кету дүниеге.

Мендегі шын, достым-ау, барлық арман».

(Б:Бұлқышев).

Баубек Бұлқышевтың өмірі мен творчествосына арналған кешті өткізу үшін біраз дайындық жұмысын жүргізу керек. Кеш өтетін бөлмені әсемдеп, кітап көрмесін ұйымдастырып, экранға Баубек Бұлқышевтың шығармаларынан үзінділерді алуға болады. Немесе өз қалауларыңызға қарай алуыңызға болады.



  1. «Біз соғысты заманның жандарымыз».

Біз соғыста туғанбыз, соғыста өлеміз де.

Күресте тудық, сол күреспен өлеміз. Оның бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!».

(Бұлқышев Б. «Өмірмен өлім туралы»)


  1. «мен жаспын, мен өмір сүргім келеді. Ең қызықты өмір әлі алдымда екенін жақсы білемін.Менің үстемде әскер киімі, мен майданда жүрген Азия елдерінің ұлымын Мен өз елімізді қорғаймын; бауырмал, ардақты елім бар!».

(Бұлқышев Б. «Өмірмен өлім туралы»).

  1. «Ұлы жолмен келемін, асығыспын, ісім көп.

Талпынамын өмірде, өтпесін деп уақыт тек».

Б.Бұлқышев «Жолаушы сыры». (Өлең).



Кітапханашы:

Балалар!Біз бүгін жауынгер жазушы,жалынды журналист Баубек Бұлқышевты есімізге түсіру үшін кешке жиналдық.Баубек ақын еді,азамат еді,жан дүниесі қазыналы еді.Талантты журналист балғын шағында Ұлы Отан соғысының отты жалынына араласып, қыршын жасын көптің қызығы үшін пида етті.Қаламымен де,қаруымен де фашистерге оқ атты.Жауынгер Баубек мақалаларын окопта жатып та,атакаға шығар алдында да оқып,өздеріне қайрат-жігер тұтқан.



1-оқушы: «Өзім жүрген жолыма,

Қалдырғым келед бір өрнек-

«Адам келіп кетті»-

Деп жүрсін деп келешек».

Сөйтіп өмірге белгісіз болып келіп,одан белгісіз болып кеткісі келмеген Баубек,өмірге із қалдыруды арман етті. Жазушылар Одағы жанында әдеби курсты бітіріп, балалар, жастар баспасөздерінде қызмет еткен кездерінде оқушы қауымға танылып та қалды.

2-оқушы: Баубек талмай оқу іздену, үйрену арқылы дүние жүзі әдебиеті мен өнерінен хабары мол замандасымыз. Оған Ұлы Отан соғысы алдында жарық көрген бір топ өлеңдері, шағын очерктері,әңгіме новеллалары, мақалалары дәлел. «Алматы-қалам менің романы бітпей қалған еңбегі. Баубек қанатты ой иесі, армашыл жас еді.Ұлы жырды бір ғана талант емес,арнасы мол білім керектігін ұқты.Сондықтанда ол бар ойын: «Жазуға асықпау керек,білуге асығу керек» дегенді айтты.

3-оқушы: «Ер жеткенде»өлеңі.

4-оқушы: «Тәтті жыр» өлеңі.

5-оқушы: 1941жыл...Ұлы Отан соғысы...

6-оқушы: «Шақырды Отан ұлдарын адал».

Кітапханашы: Баубек ел қорғауға, жер қорғауға

майданға аттанды.Талапты жас соғыста жүргшенде

жазған бір шығармасында: «Мен міне 300 күннен

артығырақ соғыста жүрмін.Бұл уақыттың ішінде

біздің ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді,мен де

өзгердім.Міне жауынгер болдым.Қабағым ызғар

шашқан жауынгермін мен!»дейді.



1-оқушы: «Өткен он айдың ішінде мен бірнеше

шабуылда болдым,өлімді тіпті көп көрдім. Жақын

досыңның қиналып барып жан тапсыруын көруден

ауыр не болады дейсің .Біздің жігіттер ерлерше өліп

жатыр деген берік сенім!Олардың өлімінде өмір бар».

Өлең. «Көз алдымда».

2- оқушы: Баубек барлық жастарға былай деді: «О, жастар, о, құрбылар!. Біздің, заман таласта! Заман біздікі! Өз заманымыз үшін жан пида! Біз келешек ұрпақтардың алдында жауапты болмайық, біз олардың келешегін өртке шалдырмаймыз.

3- оқушы: «Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ.

Баубек 1941 жылы күзде жазған бір хатында былай деді». Менің арманым- артымда әке- шешем, ағам, інім, балам қалмағаны емес, шіркін-ай, тек алақандай кітапша қалдыра алмағандық болды ғой.



4- оқушы: Амал қанша, әдебиеттің, әдебиеттің ізгі дәстүрін үйреніп, жаңа қанат қағып келе жатқан жарынды жас кемеліне келе алмай кетті. Биыл қаза тапқанына 70 жыл толды. Қазақ әдебиеті үшін- публицистикадан бастап, прозаға, романға бет қойып келе жатқанда 1944 жылы март айында Ново- Юльевич деген селода туған Отанының азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте қаза болды.

5- оқушы: Баубек Отанын жанындай сүйді. Отаны үшін ерлікпен қаза тапты. Өзі айтқандай «оның өмірінде өмір бар». Ұлы Отан соғысының лапылдаған отты жылдарында талай жасты ерлікке, батылдыққа шақырып, патриоттық сезімге баулыған Баубек сөздері бүгінгі ұрпақ пен келер ұрпақты өмірдің асқаралы биігіне әкете береді.

Ақбердиев Ж. Тірісің мәңгілік тірісің,

(Өлең).

Құрыштан құйылған



Жалыннан жаралған өт денең,

Жауыңды өлтірдің сөзбенен, оқпенен!

Сүймедің жаулықты, қастықты,

Отан деп қаламды ұштап ед, ұстап ең,

Жаныңмен сүйген, қаныңмен сүйген,

Отанның адал ұлысың,



О, Баубек, тірісің, мәңгілік тірісің!

Қорытынды сөз: Балалар: Баубек Бұлқышевтың қаламгерлік қабілеті еркін гүл шаша алмады. Оның Отан соғысы кезінде жазған мақалалары тұңғыш рет 1943 жылы одан кейін 1948, 1965 жылы «Өшпес өмір» деген атпен жеке кітапша болып шықты. Оның Отан соғысына дейінгі жазған шығармалары патриоттық сезімге толы хаттары жинаққа енгізілмей қалды. Ардақты ағаларыңның өмірі мен еңбектері туралы білгендерің жөн.

Б.Бұлқышев шығармаларының

библиографиясы
Бұлқышев Б.

Заман біздікі: Проза мен поэзия / Б.Бұлқышев.- Алматы: Атамұра, 2003.- 191б.

(Атамұра кітапханасы).

Бұлқышев Б.

Адамзатқа хат: шығармалар жинағы/ Б.Бұлқышев.- Алматы: Санат, 2005.-208 бет. (Ұлы Отан соғысы жеңісіне 60 жыл).

Тұрысбек Р.

Жасын тағдыр, жарқын өмір: ( Көрнекті публицист, жауынгер жазушы Б.Бұлқышевтың туғанына 100 жыл)

Р. Тұрысбек.//Егемен Қазақстан.- 2006.- 30 қыркүйек.- (№ 234- 235).- 8б.



Соғыс және жеңіс: Өлеңдер, әңгімелер, поэмалар, повестер.- Алматы: Балауса, 1995.- 591б.

Сәрсенбаев Ә. Өмірге құштар ер тұлға.- Алматы: Жалын, 1990.- 392б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет