Практикалық сабақтардың мазмұны
Практикалық сабақтардың үлгілік тізімі
Модуль 1
Жиындарға қолданылатын амалдар
Графтар. Сәйкестіктер
Комбинаторика элементтері
Санау жүйелері
Сандардың бөлінгіштігі
Бүтін сандар. Рационал сандар
Нақты сандар. Комплекс сандар
Модуль 2
Алгебра элементтері. Геометрия элементтері
Шама және оны өлшеу
Модуль 3.
Пропорционалдық бөлуге берілген есептерді шығару
Процент және санның бөлігін табуға берілген есептерді шығару
Бірлесіп атқаратын жұмысқа берілген есептерді шығару
Стандартты емес жаттығулар
Қызықты жаттығулар
Логикалық есептер
Пәнді оқып-білу кезінде студенттің жұмысын ұйымдастыру
Мамандықтың оқу жоспарындағы бағытымен студенттің білім деңгейі МББС оқу бағдарламасы негізінде анықталады. Студентке оқу жылының басында керекті оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімін, пәннің оқу-әдістемелік кешенінің электрондық материалы беріледі. Студент пән бойынша материалдарды сабақ барысындағы секілді оқуға, зерттеу мен өзін-өзі бақылау арқылы, курстың кейбір тарауларын өз бетінше дайындалуға мүмкіндігі болады.
Семестрдің басында (силлабуста көрсетілгендей) пәнді оқу барысында әдістемелік нұсқаулықпен кесте бойынша танысады. Бұл студентке пәнді зерттеу барысында үлкен көмек болады. Курсты оқу барысында үнемі конспекті жазылу керек.
Лекциялық конспект немесе оқулық бойынша кейбір тарауларды оқып болған соң, анықтамалар мен қорытындыларды дәптерге жазып, бақылау сұрақтарына жауап жазу керек. Бұл әдіс материалды қалай меңгергенін тексеруге мүмкіндік береді.
Әр тақырып бойынша сабақты жақсы түсіну және пысықтау үшін өздік жұмыс арқылы тексеруге болады. СӨЖ осы мақсатта керек. Оны қосымша жүктеме ретінде емес, курсты оқу және қайталау формасы ретінде қарастыру керек. Оқытушы берген өздік жұмыстың барлық түрі уақытысында орындалуы тиіс.
Практикалық сабақта да осылай болуы тиіс. Теориялық білімді пысықтауға септігі тиетіндіктен, студент барлық тапсырмаларды белсенді атқаруға міндетті. Семинарлық сабақты өту барысында кіріс семинар, жоба –семинары, семинарға шолу, пікір-сайыс семинары, мәселелік семинар, бағдарлы семинар, іскерлік ойын семинары, іздестіру семинары, пәнаралық семинар, зерттеу семинары, «дөңгелек үстел» семинары, жалпылама бақылау семинары және т.б. түрлерін қолдануға болады.
Білім беру технологияларын пайдалану барысында дамыта оқыту технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы, жүйелік негізде оқыту технологиясы, шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы, блоктық-модульдық технологиясы, жекелеп көмек көрсету, жеке жұмыс істеу, теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды аудиторияда меңгеру, үйде өз бетімен іздену, түсіндіре басқарып–оза оқыту, компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру барысында, ақпаратты-лекция, видеолекция, презентация, дискуссия, дәріс–ақпарат, жалпы шолу дәрісі, проблемалық дәріс, дәріс-талқылау, электронды оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, жеке және топтық жоба, коллоквиум әдістерін қолдануға болады. Студент конспектісінде және өзіндік жұмысы барысында ендіріп, оларды түсіне білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |