Практикалық сабақтар
Практикалық сабақ – пәннің теориялық мазмұнын толықтыратын оқу процесінің белсенді түрі. Практикалық сабақ теориялық мәлімет бойынша нақты әрекеттер арқылы машықтанып, сол амалдар негізінде мәліметті игеру, меңгеру, тереңдету, дамыту мүмкіншілігін береді. Студент практикалық сабақта өз әрекеттерін жалқыдан (нақты мәліметтер) – жалпыға (теориялық тұжырымдар) бағыттайды.
Практикалық сабақта әдетте талдау және іздену жұмыстарымен (семинар сабақтарындағыдай) айналыспайды. Практикалық сабақтың мақсаты – Студент лекцияда келтірілген теориялық мәліметтерді өздерінің белсенді әрекеттерімен «тануға», «дәлелдеуге», өз қолымен «жасауға» жұмылдыру.
Практикалық сабаққа дайындалу барысында оқытушы арнайы оқу материалдарын дайындайды. Сол материалдар бойынша (идея, проблема, тұжырым, ереже, анықтама, рет пен тәртіп, схема, кесте, жоспар, параметрлер, ақпарат, статистикалық мәліметтер, көрсеткіштер т.б.) Студенттер өздерінің теориялық білімдерін қолданып, нақты әрекеттерді атқару дағдыларын игереді, өзіндік тұжырым жасайды. Сол себепті де оқу материалдарының нақты әрі ықшам болғаны дұрыс.
Студент лекцияда берілген теориялық мәліметті практикалық кеңестікке келесі әрекеттер арқылы аударады:
Теориялық мәліметті практикалық тұрғыдан жүзеге асыру немесе орындау (мәселен, статистикалық мәліметтерді санау, көрсеткіштерді есептеу, есептер шығару, мәселелерді шешу, ережелерді қолдану, кестелерді толтыру т.б.).
Теориялық мәліметті дәлелдеу / практикалық қолданысын көрсету немесе белсенді нұсқаларға сілтеме жасау/.
Теориялық мәліметке өзіндік тұрғыдан баға беру / практикалық маңызын, тиімділігін, келтіретін пайдасын, артықшылықтарын айқындау, дәлелдеу, қолдау немесе қарсы шығу.
Теориялық мәліметті дамытатын, тереңдететін ұсыныстар жасау /идеялар ұсыну, оларды, дәлелдеу және практикалық маңызын келтіру/.
Достарыңызбен бөлісу: |