Кері есептерді құрастыруға және шығаруға жаттығу жүргізу шамалар арасындағы байланысты меңгеруге көмектеседі.
Кері есептерді берілген жай есепке де, сондай-ақ құрама есепке қатысты кұрастыруға болады, мұнда жұмыстың осы түрінің мақсатына байланысты бір немесе бірнеше кері есептер құрастыруға болады. Алайда мұғалім кері есеп балалардың шамасына лайық па, соны әр уақытта тексеріп отырғаны жөн. Кері есепті құрастыруды есептердің шешуін тексерумен байланыстыруға болады.
Бұл тәсіл ІІ сыныпта енгізіледі, оны кез келген есепке қолдануға болады, тексеру есебі балалардың шама-шарқына сәйкес болатын болсын, сондықтан да мұғалім кері есепте қандай санды ізделінді деп алуға болатынын көрсетуі тиіс.
Барлық есептердің шешуін осы тәсілмен тексеру керек деп ойлаудың қажеті жоқ, өйткені ол мейлінше қиын және күрделі, шындығында есеп құрап, оны шығару керек, кері есеп берілген есептен қиындау болуы да мүмкін. Алайда көп жағдайда жаттығулардың өзі-ақ кері есептерді құру және оны шығаруда өте пайдалы болады, өйткені есепке енген шамалардың арасындағы байланыстарын анықтауға көмектеседі. Сондықтан осы тәсілмен шешуді барлық жай есептерді екі көбейтіндінің немесе төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерді, екі көбейтіндінің немесе бөліндінің қосындысын айырмасын немесе бөліндісін табуға берілген есептерді немесе оларға қатысты алғанда кері есептерді, сондай-ақ бірқатар басқа есептерді тексеру пайдалы.