Құрастырған: аға оқытушы Исмаилов И


) сан мәліметтерді таңдап алу немесе олардың өзгеруі



бет12/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87731
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)

3) сан мәліметтерді таңдап алу немесе олардың өзгеруі
Бұл жаттығулар негізінен оқушыларды ақиқат сандық қатынастармен таныстыру мақсатында орындалады. Мысалы, оқушылар, кейбір мәліметтерін қалдырып кеткен, бірақ мәтіні толық жазылған мынадай есеп ұсынылады: «Бірдей. . шалбарға. . . метр матадан жұмсалды. Осындай. . . метр матадан қанша шалбар тігуге болады?».
Оқушылар қандай сан мәліметтерді бірден беруге болатынын, қандайларын есептеу жолымен табуға болатынын тағайындайды: бірден көйлектердің санын беруге болады, ал жұмсалған матаның метр санын есептеу арқылы табу керек, ол үшін есепте берілмеген тағы бір санды ескеру керек, ол — бір көйлекке жұмсалатын матаның метр саны.
Кейбір сан мәліметтерді басқа мәліметтермен алмастыру арқылы орындалатын жаттығуларға ерекше көңіл аударады, бірақ мұнда есепті қандай да бір басқа тәсілмен шығаруға болатындай етіп алмастыру керек. Мысалы, оқушылар мынадай есепті шығарды делік: «Бір күннің ішінде киім дүкенінде әрқайсысы 25300 тұратын 9 пальто және әрқайсысы 14500 теңге тұратын 6 плащ сатылған. Киім дүкені осы сатылған заттар үшін қанша ақша түсірген?» Осы есепті шығарғаннан кейін мұғалім есеп басқа тәсілмен шығаратындай етіп, сан мәліметтерді өзгертуді ұсынады. Оқушылар не сатылған пальто мен плащтардың санын немесе оның бағасын тең деп беру керектігін ұсынуы тиіс. Мәліметтері өзгертілген есеп басқа тәсілмен шығарылады.
Ізделінді сан артатындай немесе кемітілетіндей етіп сан мәліметтерді өзгертуге тапсырма беру пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет