Құрастырған: аға оқытушы Исмаилов И


Иллюстрациялары бойынша есептер құрастыру



бет15/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87731
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)

Иллюстрациялары бойынша есептер құрастыру

Берілген сурет, сызба немесе қысқаша жазуы бойынша есептер құрастыру жаттығуы пайдалы болып табылады. Олар балаларға есепті нақтылы жағдайда көруге көмектеседі. Мысалы:
а) Балалар сурет бойынша бірнеше есеп құрастыра алады:
«Күлше 15 теңге, ал бір стақан су 3 теңге тұрады. Бір стақан су және күлше қанша тұрады?»
Күлше 15 теңге, ал бір стақан су 3 теңге тұрады. Мен 2 күлше және бір стақан су сатып алдым. Мен қанша ақша төледім? т. с. с.
б) Сызба бойынша оқушылар мынадай есеп құрастыруларына болады: «Ара қашықтығы 57 км болатын екі ауылдан бір мезгілде біріне-бірі қарсы туристер отрядтары — жаяу адамдар мен велосипедшілер шықты. Жаяу адамның жылдамдығы сағатына 4 км, ал велосипедшілердің жылдамдығы сағатына 15 км. Отрядтар бірінші ауылдан қандай қашықтықта кездеседі?»
Берілген қысқаша жазуы бойынша балалар мынадай есепті құруы мүмкін: «Екі баспашы бір сағатта бірдей бет қағаз басқан. Бірінші баспашы 6 сағат жұмыс істеп, осы уақыт ішінде 48 бет басқан, ал екінші баспашы 7 сағат жұмыс істеген. Екінші баспашы қанша бет басқан?» [16].
Балаларға қандай да бір иллюстрация бойынша есеп кұрастыруды ұсынудан бұрын бұл иллюстрацияға анализ жасау керек, яғни әңгіме жүргізіп, ненің суреті кескінделгендігін, сандар нені білдіретінін, нені табу керектігін т. б. түсінетін-түсінбейтінін анықтайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет