Құрастырған: аға оқытушы Исмаилов И


Берілген шешуі бойынша есептер шығару



бет16/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87731
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)

Берілген шешуі бойынша есептер шығару

Есептер шығара білуді қалыптастыруға, есептердің шешуіне қатысты алғанда кері жаттығулар деп атауға болатын, жаттығулардың көмегі тиеді, бұл — есептің шешуі бойынша оны қайта еске түсіру.
Шешуі кез келген түрде берілуі мүмкін түсіндірмесі жазылған түрде және ол жазылмай-ақ жеке амалмен, өрнекпен немесе теңдеумен берілуі мүмкін. Мұнда есептің шешуінде бір амал да, сондай-ақ бірнеше амал да болуы мүмкін, олар сандардың көмегімен ғана емес, сондай-ақ әріптердің көмегімен де жазылуы мүмкін.
Есеп құрастыруды ұсына отырып алдымен есептің берілген шешуіне талдау жасау керек. Жеке бір жағдайларда балаларға есептің сюжетін айтып берген немесе шамаларды атаған жөн. Мысалы, мұғалім III сынып оқушыларына берілген (12 : 3) - 2 өрнегі бойынша жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларымен есеп құрастыруды ұсынады.

  • Мұнда қандай амал бірінші орындалған? (Бөлу)

  • Содан кейін ше? (Көбейту) Осы өрнек бойынша жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларымен есеп құрастыру керек.

  • Көбейтуді орындағанда нені білеміз? (Қашықтық)

  • Демек, 2 саны не_білдіреді? (Қозғалыс уақытын)

  • 12 : 3 өрнегі нені білдіреді? (Жылдамдықты)

  • Егер бұл өрнек жылдамдықты білдіретін болса, онда әр сан нені білдіреді? ( 12 — жүріп өткен жол, ал 3 - жол жүрген уақыты)

Есеп құрастырыңдар. Балалар, мысалы, мынадай есеп құрастыруларына болады: « Жаяу адам бірдей жылдамдықпен жүріп отырып, 3 сағатта 12 км жол жүрді. Жаяу адам осындай жылдамдықпен 2 сағатта қандай жол жүреді?»
Көрсетілген амалдармен есептер құрастыруды ұсынуға болады. Мысалы, мұғалім, шығару үшін көбейту амалы орындалатын, есеп құрастыруды немесе шығару үшін әуелі қосу амалы, содан кейін бөлу амалы орындалатын есеп құрастыруды ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет