Құрастырған: аға оқытушы Исмаилов И


Бірлесіп жұмыс істеуге берілетін есептер



бет19/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87731
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)

Бірлесіп жұмыс істеуге берілетін есептер

  1. 4 тауық 4 күнде 4 жұмыртқа туды. 16 тауық 16 күнде неше жұмыртқа туады?

  2. Сиыр бір мая шөпті 1 айда, ешкі – 2 айда, ал қой – 3 айда жеп бітіреді. Сиыр, ешкі және қой үшеуі бірігіп, осы шөпті қанша уақытта жеп бітіреді?

  3. Тас қалаушы ұста бір жұмысты өзі 3 күнде, ал шәкіртімен бірге 2 күнде бітіреді. Осы жұмысты шәкіртті неше күнде бітіреді?

  4. 4 оқушы 3 сағатта ағаштарды отырғызу үшін 6 шұқыр қазды. 8 оқушы 5 сағатта осындай неше шұқыр қазады?

  5. Бассейн бірінші труба арқылы 6 сағатта толады, ал екінші труба арқылы 7 сағатта ағытылады. Егер екі трубаны бірдей ашып қойса, онда бассейн неше сағатта толады?

  6. Шебер 4 күнде 3 жұп аяқ киім жасайды, ал оның шәкірті 6 күнде 2 жұп аяқ киім жасайды. Екеуі бірігіп, олар 65 жұп аяқ киімді неше күнде жасайды?

  7. Арыстан бір бөкенді 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал түлкі 6 сағатта жей алады. Олар барлығы қосылып осы бөкенді неше сағатта жей алады?

  8. Егер 3 мысық 3 тышқанды 3 минутта жесе, онда 100 мысық 100 тышқанды неше минутта жейді?

  9. Алдияр бір шелек қымызды 4 күнде ішеді, ал баласымен бірге 3 күнде ішіп бітіреді. Баласы бір шелек қымызды неше күнде ішіп бітіреді?

  10. Бекен жұмысты жалғыз өзі 3 сағатта бітіреді, ал Сәкен сол жұмысты 6 сағатта бітіре алады. Екеуі бірігіп, осы жұмысты қанша сағатта бітіреді?

  11. Егер 5 адам 5 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, онда бір адам осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіреді?

  12. Бассейнге су үш трубадан құйылады. Бассейнді бірінші және екінші труба 2 сағатта, екінші және үшінші труба 3 сағатта, бірінші және үшінші труба 4 сағатта толтырады. Үшінші трубаның жеке өзі бассейнді неше сағатта толтырады?

  13. Бір жұмысшы белгілі бір жұмысты 8 күнде, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 12 күнде бітіреді. Екі жұмысшы бірігіп осы жұмысты неше күнде бітіреді?

  14. Егер n мысық n сағатта n тышқан жейтін болса, онда р мысық р сағатта қанша тышқан жейді?

  15. Асқарбек 600 г құлпынайды 6 минутта жейді, ал Атабек оған қарағанда 2 есе жылдам жейді. Екеуі бірігіп осы құлпынайды қанша уақытта жейді?

  16. Бір экскаватор шұқырды 10 күнде, ал екіншісі - 15 күнде қазып бітіреді. Егер екеуі бірге істесе, онда олар сол шұқырды неше күнде қазып бітіреді?

  17. 2 т 400 кг шөп сиырларға 8 күнге, ал қойларға 24 күнге жетеді. Сиырлар мен қойлар ол шөпті неше күнде жеп бітіреді?

  18. Үш жұмысшы құдық қазды. Олар кезектесіп жұмыс істеді, олардың әрқайсысы қалған екеуінің жарты қазғанындай уақыт ішінде құдықты қазып бітіреді. Олар үшеуі бір уақытта бірлесе істегенде жұмысты қанша уақытта жылдам бітіретін еді?

  19. 4 жер қазушы 4 сағатта 4 шұқыр ойды. 8 жер қазушы 6 сағатта қанша шұқыр қазады?

  20. 6 шалғышы бидондағы сусынды 8 сағатта ішіп бітіреді. Осындай бидондағы сусынды неше шалғышы 3 сағатта ішіп бітіреді?

  21. Жайылымдағы шабындықтағы шөп бірқалыпты, тез және қалың өсіп тұр. Оны 70 сиыр 24 күнде, ал 30 сиыр 62 күнде жеп бітіреді . Шабындықтағы осы шөпті 96 күнде қанша сиыр жеп бітіреді?

  22. Қарды тазалауға екі машина кірісті. Олардың біреуі барлық көшені 1 сағатта, ал екіншісі 45 минутта қарды тазалайды. Олар жұмысты бір уақытта бастап, екеуі бірге 20 минут жұмыс істеген соң бірінші машина бұзылып қалды. Екінші машина қалған жұмысты қанша уақытта бітіреді?

  23. 100 тышқан 100 күнде 200 кг кебек жейді. 10 тышқан 10 күнде қанша кебек жейді?

  24. Асан самсаларды 5 минутта, Үсен самсаларды 6 минутта , ал Досан самсаларды 8 минутта жеп бітіреді. Олардың үшеуі бірігіп, самсаларды қанша минутта жеп бітіреді?

  25. 6 бала ыдыстағы суды 8 сағатта ішіп бітіреді. Осындай ыдыстағы суды неше бала 3 сағатта ішіп бітіреді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет