3-сыныпқа арналған есептер
1-есеп.
Көпбұрыштардың периметрлерін тап:
Шешуі: 1 см+1 см+1 см+1 см = 4 см
3 см+1 см+3 см+1 см = 8 см
2 см+3 см+4 см = 9 см
Жауабы: 4 см, 8 см, 9 см.
2-есеп.
Суретті пайдаланып, кесіндінің ұзындығын тап.
Шешуі: 2см+2см+2см+2см+2см=10см
Жауабы: 10 см.
3-есеп.
Қабырғаларының ұзындығы 3 см және 4 см тік төртбұрыш сал. Оның периметрін есептеп тап.
Шешуі:
Р = 3см+4см+3см+4см = 14см
Жауабы: 14см.
4-есеп.
Ұзындықтары 8см және 2см болатын екі кесінді сыз. Кесінділердің ұзындықтарын салыстыр. Бірінші кесінді екінші кесіндіден неше сантиметр ұзын? Неше есе ұзын? Екінші кесінді бірінші кесіндіден неше сантиметр қысқа? Неше есе қысқа?
Шешуі:
Жауабы: Бірінші кесінді екінші кесіндіден 6см ұзын және 4 есе ұзын.
Екінші кесінді бірінші кесіндіден 6см қысқа және 4 есе қысқа.
5-есеп.
Көк кесінді қызыл кесіндіден неше сантиметр ұзын?
Шешуі: Қызыл кесіндінің ұзындығы 2см-ге, көк кесіндінің ұзындығы 6см-ге тең екендігін сызғыштың көмегімен өлшеп аламыз.
Жауабы: 4 см ұзын.
6-есеп.
Кесіндінің бестен бір бөлігінің ұзындығы 2см. Кесіндінің ұзындығын тап.
Шешуі:
2см+2см+2см+2см+2см=10см
Жауабы: 10см
7-есеп.
а) Кесіндінің ұзындығын өрнек түрінде жаз.
ә) Тік төртбұрыштың периметрін тап.
Кесіндінің ұзындығы мен тік төртбұрыштың периметрін салыстыр.
Шешуі: а) 2см+3см+2см+3см = 10см
ә) Р=2см+3см+2см+3см=10 см
10см=10см
Жауабы: 10см
8-есеп.
Фигураның ауданын тап.
Шешуі: 3•3=9(см2), 3•2=6(см2)
Жауабы: 9(см2), 6(см2). [6]
Достарыңызбен бөлісу: |