Оқушылар футбол ойнады. Марат қарсыластарының қақпасына 3 доп, ал Өркен одан а допты кем соқты. Марат пен Өркен қарсыластарының қақпасына барлығы неше доп соқты? Мұндағы а= 1.
Бөлмеде 6 люстра бар. Әрбір люстрада b лампыдан. Бөлмедегі люстралардың барлығында неше лампы бар?
Құмырсқа илеуіне бірінші күні 83 дән тасыды, ол екінші күні бірінші күнгіден с дәнді артық тасыды. Құмырсқа екі күнде илеуіне неше дән тасыды? Мұндағы с= 12.
Шалқар қорығында құстардың а түрі, ал Аққүм қорығында құстардың b түрі бар. Мұндағы а=130, b=60. Мына өрнектерге есеп құрастырып, мәнін табыңдар: а+b; а-b.
Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың сонынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?
Әріптің орнына берілген санды мүмкін толық ондықтың ең кішісіне толықтыратын санды қойып, кестені толтырыңдар:
Берілген
сан
Қосылғыш
Мүмкін толық
ондықтың ең кішісі
17
х
20
25
у
30
4
т
10
48
п
50
68
к
70
6. Әріпті өрнектерді оқы:
1) (m + n)-2; 3) 16 + (а-b); 5) 2а+5;
2) (х-y) + 7; 4) 25-(с+d); д) 2b + Зс.
Үлгі: (а+b)-4 өрнегінің оқылуы: «а плюс b мен 4-тің айырмасы».
7. Өрнекті жазып көрсетіңдер:
65 пен 39 сандарының айырмасының 100-ге көбейтіндісі;
49 бен 68 сандарының қосындысының 13-ке бөліндісі;
а және b сандарының бөліндісі;
а және b сандарының екі еселенген көбейтіндісі.
8. Өрнектің мәнін табыңдар:
2а+7, мұндағы а=41, 73. 3) 5с: 9-d мұндағы с =36, d= 18. (3а+6): 6, мұндағы а=24; b=42. 4) (8с-7d)*3, мұндағы с=4; d=3.
9. Мына сандардың разрядтық қосылғыштарға жіктелу өрнегін жазыңдар:
а жүздігі 5 ондығы 7 бірлігі бар сан;
х мыңдығы у ондығы 9 бірлігі бар сан;
8 мыңдығы b жүздігі 6 бірлігі бар сан.
Үлгі: 845 санының разрядтық қосылғыштарға жіктелуі:
800 + 40 + 5 = 8-100 + 4-10 + 5.
10. 1 кг кәмпиттің бағасы а тг, 1 кг алманың бағасы b тг. Мұндағы а>b. Өрнекпен жазыңдар:
1 кг кәмпит 1 кг алмадан неше теңге қымбат?
1 кг кәмпит және 1 кг алма неше теңге?
2 кг кәмпит және 3 кг алма неше теңге?
1 кг кәмпит 1 кг алмадан неше есе қымбат?
Мысық пен күшіктің массасы а кг. Күшік мысықтан b кг ауыр. Мысықтың массасы неше килограмм?
1) у м матадан 7 көйлек тігіледі. Осындай 5 көйлек тігу үшін неше метр мата керек?
2) х теңгеге 3 кг таңқурай немесе 2 кг қарақат сатып алуға болады. Таң-қурай қымбат па, әлде қарақат қымбат па?
Есепті шығару өрнегін құрастырып, оның мәнін табыңдар (19-21).
Бала t минутта 560 м қашықтыққа барады. Ол 3 минутта неше метр қашықтыққа барады? Мұндағы і=7.
Дұрыс жауабын таңдап алыңдар:
А. 200 м; В. 240 м; С. 220 м; D. 210 м.
14. Апайдың 800 тг ақшасы бар еді. Ол бағасы a теңгеден 2 кг кәмпит алды. Апайда неше теңге ақша қалды? Мұндағы а=320.
15. Өрнектердің мәндерін салыстырыңдар:
18*76 және 24*55;
4m+27 және 6m-35, мұндағы m=32;
18n: 5 және 21п : 12, мұндағы п=20;
(4n+9): 3 және 2n-1, мұндағы n=6.
16. әріпті өрнекпен жазыңдар:
b санынан кейінгі тізбектес үш натурал санды;
а санына дейінгі тізбектес үш натурал санды;
атақ санынан басталған тізбектес үш тақ санды.
5 банкаға а литр май сыяды. Осындай 6 банкаға неше литр май сыяды? Мұндағы а=15.
4 фломастер у тг. х теңгеге неше фломастер сатып алуға болады?
3 кг мандарин үшін а тг төленді. 4 кг алма үшін b тг төленді. 1 кг мандарин және 1 кг алма үшін неше теңге төленді?
Есептің шығару өрнегін құрастырып, мәнін табыңдар (26, 27).
Бір күнде 14 жоғарғы сыныпқа және 8 бастауыш сыныпқа барлығы х бор таратылады. Жоғарғы сыныптардың әрқайсысына күн сайын у бор таратылса, бастауыш сыныптардың әрқайсысына күн сайын неше бор таратылады? Мұндағы х=36; у=2.
с метр матадан 4 жейде тігіледі, b метр матадан осындай неше жейде тігіледі? Мұндағы с=8; b=20.
Өрнектің мәнін табыңдар:
Т (1122:66+83)*(6216:74-81)-298;
С (1425:75+32)*(2346:51-39)-354;
Н (3784:86+12)*(5152:92-48)-439;
А (3600:75-36)*(7872:123-35)-341.