Құрастырған: аға оқытушы Исмаилов И


Бастауыш мектептегі геометриялық есептер



бет21/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87731
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
әдіс. нұсқау Математика негіздері (Исмаилов)

Бастауыш мектептегі геометриялық есептер


2-сыныпқа арналған есептер
1-есеп.
Көк кесіндінің ұзындығы қызыл кесіндінің ұзындығынан неше сантиметр ұзын?

Шешуі: көк кесіндінің ұзындығы-5см, қызыл кесіндінің ұзындығы-4 см.
5см - 4см = 1см
Жауабы: 1 см ұзын.
2-есеп.
Ұзындықтары 5 см және 11 см кесінділер сыз. Бірінші кесінді екіншіден неше сантиметр қысқа?
Шешуі:

11 см - 5 см = 6 см
Жауабы: 6 см қысқа.
3-есеп.
Тік бұрыштарды ата.

Жауабы: 3 және 4 бұрыштар тік
4-есеп.
Фигураларды ата. Нешінші нөмірлі фигураның тік бұрышы бар? Суретте барлығы неше тік бұрыш бар?

Шешуі: Тік бұрышы бар фигуралар: 1,2, 4.
Жауабы: Суретте барлығы 6 тік бұрыш бар.
5-есеп.
1) Көпбұрыштардың әрқайсысында неше бұрыш бар? Неше қабырға бар? Соларды көрсет.
2) Үшбұрыштар және төртбұрыштар қандай сандармен белгіленген?
3) 3-пен және 4-пен белгіленген көпбұрыштарды қалай атауға болады?

Жауабы: 1) Көпбұрыштардың әрқайсысында 5 және 6 бұрыш, 5 және 6
қабырға бар. Олар 3-ші және 4-ші фигуралар.
2) Үшбұрыштар: 1, 5.
Төртбұрыштар: 2, 6.
3) Бесбұрыш және алтыбұрыш деп атауға болады.
6-есеп.
Ұзындығы 6 см кесінді және одан 4 см ұзын екінші кесінді сыз.
Шешуі:

7-есеп.
Қабырғалары 3 см және 4 см тік төртбұрыш сыз.
Шешуі:

8- есеп.
Суретте барлығы неше үшбұрыш және неше тік төртбұрыш бар?
Жауабы: 2 үшбұрыш және 1 тік төртбұрыш бар.[5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет